Тапсырма: 1. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?
2. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?
3. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы.
4. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңдар.
Дәріс 9. Көркем мәтінмен жұмыс әдістемесі. Жоспар: (әдістемелік): 1. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар:
5) Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
6) Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мақсаты:Мәтін, оның түрлері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгерту.
1. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар. «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар: Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.
Шығарманы оқу.
Шығарманың жоспарын жасау.
Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту. Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты түрде айтып беру сияқты синтетикалық жаттығудың үлкен мәні бар. Оқушының баяндау барысынан шығарманы қаншалықты түсінгендігін байқауға болады.
Мәтіннің мазмұнын айтқызу 2 түрлі жолмен іске асырылады: Толық. Көлемі шағын мәтіндерді, әсіресі, жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет.