Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Дәріс 10. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері



бет25/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Дәріс 10. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері.
Жоспар: (әдістемелік):
1. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер.
2. Тиімді сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту.
Мақсаты: Мәтін, оның түрлері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгерту.


1. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер.


1. Оқушылардың мәтінді түсінген-түсінбегенін анықтау үшін төмендегідей сұрақтар беруге болады:
1. Мен оқығанымды өз сөзіммен айтып бере аламын ба?
2. Менде оны дәлелдейтін мысалдар бар ма?
3. Бұны өзімше түсіндіре аламын ба?
4. Бұл ақпаратты жіктей аламын ба?
5. Қысқаша, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды жеткізе аламын ба?
6. Осыған байланысты менде қандай ассоциациялар бар?
7. Бұның басқа құбылыстардан немесе жағдаяттардан, ұғымдардан ерекшелігі неде?
8. Бұған не қарама-қайшы бола алады?
9. Оқиғаның немесе құбылыстың одан әрі қарайғы өрбуін, салдары мен нәтижелерін болжамдай аламын ба?


2. Синквейн (бес жолды өлең).
Ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.


Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.


3. «Образға ену» әдісі. Жеке жұмыс ретінде, жұпта немесе топта жұмыс ретінде ұсынуға болады. Ол сыныптың қабілетіне байланысты. Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с.
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен – Жермін (Қаламмын, Гүлмін,) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет