Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


в) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу



бет24/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

в) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Жұмыстың мұндай түрі шығармадағы оқиғаны нақтылай түседі. Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салуға да немесс ермексаздан түрлі бейнелер жасауға болады.
Мазмұны бойынша сурет салу үшін де кез келген мәтінді ұсына беруге болмайды. Оның мазмұнының оңай-қиындығы, оның бала өмірімен байланыстылығы және ол айтылған оқиғаны бала көз алдына түгелдей елестете алатын-алмайтындығы ойластырылуы қажет. Ол үшін мәтін алдын-ала іріктеліп алынады.
Көбіне бұл жұмысты сыныпта орындатуға уақыт жетіңкіремей де қалады. Ол үшін сыныпта мазмұны сұрақ-жауап арқылы талданып, оны қалай суреттеуге болатыны жайында ауызша сұралып талқыланады да, оны салып келу үйге беріледі.
г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру. Мұндай әңгіме баланың оқу барысында алған әсерлері мен байқағандарын жинақтайды. Бұл жұмыстың мақсаты: автордың не айтайын деген ойын тереңірек ұғындыру, оқығандарына өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге көмектесу.
Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың сипатына қарай 2 түрлі жолмен ұйымдастырылуы мүмкін:

  1. Балаларға белгілі бір шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды, очерктерді оқығаннан кейін қайталау ретіндегі қорытынды әңгіме. Онда оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған білімдерінің дұрыстығы, дәлдігі байқалады, білімдері бекітіледі.

  2. Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейінгі қорытыныды әңгіме эвристикалық сипатта құрылады, яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны бағалау, өзінің сын-пікірін айту және ондағы басты ойды анықтау.

Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Көркем шығарманы талдау (кез келген бір мәтінге): тілдік талдау, оқиғаның, әрекеттің дамуын талдау, көркем образды кейіпкерлерді талдау.
2. Сөздік жұмысының орны, ерекшеліктері.
3. Жоспар жасау (мәтінді беріңіз және соған жоспар құрыңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет