Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Вольциялар қатары (вольциевые) - Voltzіales



бет136/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   215

Вольциялар қатары (вольциевые) - Voltzіales


Бұл қылқанжапырақтылардың ертедегі пайда болған қатары, оның ең қарапайым өкілдерінің кордаиттермен көптеген ортақ белгілері болған. Вольциялардың геологиялық тарихы таскөмір дәуірінің (карбонның) соңынан басталып, бор дәуірінің алғашқы кездерімен аяқталған. Өткізгіш системаларының құрылысы жағынан кордаиттермен және әсіресе қазіргі кездегі араукариялармен көптеген ортақ белгілері болған. Араукариялардағы секілді с‰ректік трахеидтердің радиальдық қабырғаларында 1-3 қатар болып тығыз орналасқан, кезекті көмкерме поралары (тесіктері) болған. Шайыр жолдары болмаған. Жапырақтары диморфты, кезектесіп орналасқан. Тұтас жапырақтарымен бірге, аша тәрізді жапырақтарда кездескен. Микростробилдері б‰йірлік бұтақшаларының ұштарында отырады және өске спиральдің бойымен орналасқан. Микростробилдердің өстерінде, жалпақ дорзовентральды микроспорофиллдер бекиді, олардың төменгі (абаксиальдық) жағында екіден микроспорангийлер орналасады. Тозаң дәндерінің кордаиттердегі секілді бір ғана тұтас ауа қуысы (қапшығы) болады. Ол тек бороздасы (сайлары) бар жоғарғы (дистальдық) полюсінде ғана ‰зіледі..
Вольциялар қатарына 3 тұқымдас жатады: вальхиялар (Walchіaceae), немесе лебахиялар (Lebachіaceae); вольциялар (Voltzіaceae); хейролепистер (Chlіrolepіdіaceae).


Вальхиялар немесе лебахиялар тұқымдасы


(вальхиевые, лебахиевые) - Walchіaceae, Lebachіaceae
Вальхиялар (Walchіaceae) тұқымдасына жататын өсімдіктердің ең қарапайым өкілдері, мегастробилдерінің құрылысының өте қарапайым (атам заманғы – архаический) болуымен сипатталады және олар көп жағдайда кордаиттердің мегастробилдеріне ұқсас болады. Бұл тұқымдасты бір системаларда лебахиялар (Lebachіaceae) тұқымдасы деп береді. Тұқымдасқа тек қазба т‰рінде табылған өсімдіктер жатады. Вальхиялардың қалдықтары формальды туыс вальхия (Walchіa) т‰рінде таскөмір дәуірінің ‰стіңгі қабаттарынан белгілі, бірақ олар солт‰стік жарты шарда перм дәуірінің төменгі қабаттарында кеңінен таралған өсімдіктер болған.
Вальхиялар (лебахиялар) тік өсетін биік ағаштар болған, сырт кескіні бойынша кейбір араукарияларға (Araucarіa excelsa) ұқсаған. Негізгі бұтақтары сабаққа топтасып орналасады және көлбеу тұрады, ұзындығы 0,5 см, кейде одан да көптеу. Олар қауырсынды бұтақталған болады. Б‰йірлік бұтақшалары оларда бір деңгейде, екі қатарға орналасады.
Камбийінің болуына байланысты, ағаш екінші рет жуандауға қабілетті.
Соңғы с‰регі, өте қарапайым және трахеидтерден ғана тұрған, оның радиальды қабырғаларында 1-3 қатар ұсақ тесіктері (поралары) болған. Шайыр каналдары болмаған. Бұтақтары ұзындығы 2,5 см. болатын, ине тәрізді жапырақтарымен қалың болып жабылған. Жапырақтары жоғарғы жағында, жиі аша тәрізді тарамдалған (106,2-сурет).
Вальхиялар (лебахиялар) бір ‰йлі өсімдіктер болған. Жекелеген аталық стробилдері (шишки) бұтақтарының ұштарында жетілген (106,1-сурет). Аталық стробилдің өсінде спиральдің бойымен көптеген микроспорофиллдері орналасады. Микроспорофиллдің төменгі жағында екіден микроспорангийлері жетіледі. Микроспоралары ауа қуысымен (қапшығымен) қоршалған, ол микроспораның алдыңғы ұшынан басқа жерлерінің барлығында жақсы жетілген (107,2,3-сурет).
Лебахиялардың аналық стробилдеріде бұтақтарының ұштарында орналасады. Олар бір шама к‰рделі болған және қазіргі кезде кездесетін қылқанжапырақтылардың стробилдерінің прототипі.
Аналық стробилдің өсінде, спиральдің бойымен, көптеген жабындық қабыршақтары тығыз орналасады, олар көп жағдайда жоғарғы ұшынан аша тәрізді тармақталады (108-сурет). Жабындық қабыршақтарының қолтығында қысқарған, жалпайған спора т‰зетін сабақтары – мегастробилдері орналасады. Олардың қысқа өсі болады, онда спиральдің бойымен стерильді қабыршақтары (жапырақтары) және мегаспорофиллдері орналасады. Соңғылары әдетте бір тік, немесе кері орналасқан тұқымб‰рімен аяқталады (107-сурет). Тұқымб‰рінен екі шар тәрізді архегонийі бар эндосперм табылған. Жалпақ тұқымының ұзындығы 0,5 см шамасында, жіңішке қанатшасы болған.
Эволюцияның одан әрі барысында, осындай спора т‰зетін сабақтарынан, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және өсінің жалпаюының нәтижесінде, қазіргі кездегі қылқанжапырақтылардың тұқымдық қабыршақтары пайда болған.
Тұқымдастың ең кең тараған туысы лебахия (Lebachіa) болып саналады. Бұл туыстың 14 т‰рі сипатталып жазылған. Лебахияның тығыз, жоғары қарай сорайып көрініп тұрған аналық стробилдері (шишкасы) болған (106,1-сурет). Жабындық қабыршақтарының қолтығында көптеген стерильді қабыршақтары және жоғарғы жағында бір фертилді мегаспорофиллі бар спора т‰зетін бұтақтары орналасады. Осы мегаспорофиллдің көп бөлігінен, бір тік тұқымб‰рі жетіледі (108- сурет).
Эрнестиодендрон туысы (Ernestіodendron) аналық стробилінің біршама к‰рделіленіп жетілгендігімен сипатталады. Оның спора т‰зетін масақтарының редукцияға ұшырағандығы байқалады. Стробилдің негізгі өсінде, жабындық қабыршақтың қолтығында, қалыңдаған дорзовентральді спора т‰зетін бұтақтары орналасады. Бұлардың лебахияларға қарағанда стерильді қабыршақтары аз болады, немесе м‰лдем болмайды.
Мегаспорофиллдерінің саны 3-7, олардың әрқайсысында бір-бірден, тік
немесе кері орналасқан тұқымб‰рі болады (108-сурет). Барлық жастау палеозойлық қылқанжапырақтылардың стробилдері айқын дорзовентральды, қазіргі кездегі қылқанжапырақтылардың тұқымдық қабыршақтарына жақын болады. Мысалы, перм дәуірінің ‰стіңгі қабаттарынан табылған псевдовольтция (Pseudovoltzіa) туысының қарапайым бесжақтаулы тұқымдық қабыршағы болған. Перм дәуірінің ‰стіңгі қабаттарынан табылған ульмания (Ulmannіa) туысының мегастробилі редукцияға жоғарыда аталған туыстардан да көбірек ұшыраған.
Сонымен перм дәуірінің өзінде біршама маманданған және азды-көпті қабыршақ тәрізді мегастробилі бар қылқанжапырақтылар өмір с‰рген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет