Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Подозамиттер қатары(подозамитовые) - Podozamіtales



бет138/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   215

Подозамиттер қатары(подозамитовые) - Podozamіtales


Бұл қатардың өкілдері тек триастың соңына таман пайда болып, бор дәуірінің соңына таман жойылып кеткен. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, біршама ‰лкен, немесе таспалы-ланцетті (сопақтау ланцетті) кейде жоғарғы жағы екіге бөлінген болып келеді. Жапырақ тақтасына екі өткізгіш шоқтары кіреді, олар жапырақтың астыңғы бөлігінде аша тәрізді бұтақталған. Стробилдері (шишки) (Cycadocarpіdіum деген атпен белгілі) ағаштанбайтын, жапырақ тәрізді жабындық қабыршақтарымен және кішілеу бос, екіге, ‰шке бөлінген немесе сиректеу төртке бөлінген тұқымдық қабыршақтарының болуымен сипатталады. Мұндай тұқымдық қабыршақтардың т‰п жағында, екіден төртке дейін салбырап тұрған тұқымб‰рлері болған, Қатарға бір ғана подозамиттер (подозамитовые - Podosamіtaceae) тұқымдасы жатады.
Подозамиттер қатары шамасы вольциялардың триастық өкілдерінен пайда болған.


Араукариялар қатары (араукариевые) – Araucarіales


Араукариялардың геологиялық тарихы перм дәуірінің алғашқы кездерінен басталады, м‰мкін олардың одан да ертеректе пайда болуы. Араукариялардың с‰регінің негізгі ерекшелігі сол, олардың араукарияға ғана тән пораларының (тесіктерінің) болуы: пісіп жетілген с‰ректің
трахеидтерінің қабырғаларындағы көмкерме тесіктері (поры) топ-тобымен
‰йіліп жиналған болады. Олардың көп бөліктері бір-бірімен тиісіп тұрады және бірігіп кеткен болады. Бұл жағдайда оның кескіні алтыбұрышты болады. Шайыр жолдары өзегінде де болмайды. С‰ректік паренхимасы өте мандырымсыз, немесе жоқ болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бір шама ‰лкен, жалпақ, жалпақ ланцетті, жұмыртқа тәрізді, кейде дөңгелек, сиректеу біз тәрізді жапырақтарында бір ғана ж‰йке болады. Микростробилдері ‰лкен, көптеген спиральдің бойымен орналасқан микроспорофиллдерден тұрады. Микроспо-рофиллдерінің төменгі жағында 5-тен 20-ға дейін бос орналасқан микроспорангийлері болады. Тозаң дәндерінің ауа қуыстары болмайды: аталық гаметофитінде көптеген (13-40) проталлиальдық клеткалары болады. Стробилі көптеген қабыршақтардан тұрады, олар тұқымдық және жабындық қабыршақтардың т‰гелдей, немесе т‰гелге жуық бірігіп кетуінің нәтижесі болып табылады. Әрбір қабыршақта бір-бірден кері орналасқан тұқымб‰рі болады. Ұрығының екі (сиректеу төрт) ұзарған тұқым жарнағы болады. Бұл қатар бір ғана араукариялар тұқымдасынан (Araucarіaceae) тұрады.
Араукариялар шамасы, вальциялардан, немесе олардың онша жақсы жетілмеген арғы тегінен шыққан. Вольциялар тұқымдасының жойылып кеткен туысы Схизолепистің (Schіzolepіs пермінің алғашқы кезі, бордың соңғы кезі) тұқымдық қабыршағын Р.Флорин (1944) араукариялардың тұқымдық қабыршағының прототипі деп қарайды. Араукариялардан схизолепистердің айырмашылығы сол, олардың тұқымдық қабыршақтары әлі бос орналасқан және ‰ш мегаспорофиллдерден тұрған, ал олардың жоғарғы ұшында бір-бірден тұқымб‰рлері орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет