Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Вольциялар тұқымдасы (вольциевые) -Voltzіaceae



бет137/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Вольциялар тұқымдасы (вольциевые) -Voltzіaceae


Вольциялар вальхиялардың (лебахиялар) одан әрі дамуы болып табылады, олардың аналық стробилінің біріккен стерильдік және тұқымдық қабыршақтарының болуымен ажыратылады. Бұл перм дәуірінің ‰стіңгі қабаттарынан, юраның астыңғы қабаттарына дейін кең тараған ағаштар болған. Бұтақтарында қабыршақ тәрізді, немесе ланцет тәрізді жапырақтары сиректеу орналасады. Аналық стробилінің өсінде жабындық қабыршақтары отырады, ал олардың қолтықтарында мегастробилдері орналасады.


Олардың әрқайсысы 5-6 біріккен стерильді қабыршақтан және 4-5 біріккен мегаспорофиллден тұрады: әрбір мегаспорофиллдің басында бір- бірден тұқымб‰рі болған. Тұқымдастың деңгейінде спора т‰зетін бұтақтарындағы мегаспорофиллдерінің сандарының редукцияға ұшырағанын оңай аңғаруға болады. Жақсы ж‰йеге келген өкілдерінің, бір ғана мегаспорофиллдері болады. Voltzіopsіs туысының мегастробилі 5-6 стерильді қабыршақтарда және 5 жеміс беретін мегаспорофиллдерден тұрады (109-сурет).
Voltzіa туысында 3-5 стерильді қабыршақ болады. Мегаспорофиллдері (әдетте 3) стерильді қабыршақтардың төменгі жағында орналасады (109,1а- сурет).
Glyptolepіs туысында стерильді қабыршақтардың саны 5-6, мегаспорофиллдері екеу, онда кері айналып т‰скен тұқымб‰рлері болады (109, в-сурет).
Ulmannіa туысының стерильді қабыршақтары тығыздалып біріккен. Мегаспорофиллдерінде бір ғана тұқымб‰рі болады. Спора т‰зетін бұтағы қазіргі кездегі қылқанжапырақ-тылардың тұқымдық қабыршақтарына өте ұқсас.


Хейролепистер тұқымдасы (хейролепидиевые) - Cheіrolepіdіaceae


Бұл тұқымдас вольциялар тұқымдасының жалғасы болып табылады.
Хейролепистер кипарис тектес жойылып кеткен қылқанжапырақты ағаштар. Олар триастың ‰стіңгі қабаттарынан, мезозой эрасындағы бор дәуірінің
‰стіңгі қабаттарына дейін өмір с‰рген. Олардың бұтақтары спиральдің бойымен орналасқан, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен жабылған болады. С‰регінде шайыр жолдары болады.
Аталық стробилінде 12-16 микроспорофиллдер болады. Олардың әрқайсысында 10-12 дөңгелек микроспорангийлер жетіледі. Микроспораларында ауа қуыстары (қапшығы) болмайды.
Аналық стробилінің өсінде жабындық және тұқымдық қабыршықтары болады, олардың ұзына бойының көпшілік, немесе аздау бөлігі бірігіп кеткен. Тұқымдық қабыршағының тұқымб‰рінің ‰стінен салбырап тұратын өсіндісі (эпиматий) болады. Жабындық қабыршықтары тұтас немесе олардың ‰стіңгі ұшы ‰ш жақтаулы, көпжақтаулы болады.
Хейролепистер тұқымдасына хейролепис туысы (Cheіrolepіs) жатады, мысалы, Ch.muensterі деген т‰рінің ‰ш жақтаулы жабындық қабыршағы және екі тұқымб‰рі болған (109,2-сурет). Дрепанолепис (Drepanolepіs) туысының жабындық қабыршағы тұтас және тұқымб‰рі біреу болған. Сонымен бірге осы тұқымдастың көптеген туыстарының стробилінің құрылысы дәл осындай болған. Хейролепистер подокарпустардың арғы тегі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет