Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Дәріс 9. Тақырып: Жабық тұқымдылар бөлімі. 1 сағат



бет155/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Дәріс 9. Тақырып: Жабық тұқымдылар бөлімі. 1 сағат




Дәрістің мақсаты. Жабық тұқымдылар бөлімінің жалпы сипаттамасымен, классификациясымен таныстыру. Магнолиопсидтер класының магнолидтер, ранункулидтер кластармақтарына жататын қатарлардың г‰лдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі өкілдерімен таныстыру.


Қарастырылатын мәселелер:


    1. Г‰лді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.

    2. Магнолидтер кластармағы.

    3. Ранункулидтер кластармағы.



ӨСІМДІКТЕР Д‡НИЕСІНІҢ ӨРКЕНДІ АНАЛЫҚТЫЛАР ТАРМАҒЫ - CORMOBІONTA GYNOECІATAE


ЖАБЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОФИТТЕР БӨЛІМІ (ПОКРЫТОСЕМЕННЫЕ, ИЛИ МАГНОЛИОФИТЫ) - ANGІOSPERMATOPHYTA, MAGNOLІOPHYTA

Т‰рлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін барады. Бұл жер бетіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.


Құрылысы. Спорофиттерінің өмірлік формасы – ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі,- және көпжылдық). Вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан т‰рлілігімен ерекшеленеді. Бұларда трахеидтермен бірге т‰тіктері де болады. Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы, 2-3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге м‰мкіндік беретін т‰рі өзгерген жер асты вегетативтік органдары - т‰йнектері, баданалары, тамырсабақтары болады.
Көбеюі. Спорофитте г‰лдер пайда болады, ал оларда микро-және мегаспоралар жетіледі. Споралары спорангилерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит- тозаң, екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процестің нәтижесінде тұқымб‰рінен дән, ал г‰л т‰йінінен (жатыннан) және г‰лдің басқада бөліктерінен жеміс пайда болады. Г‰лдің құрылысы, микро – және мегаспорогенез, аталық және аналық гаметофиттердің т‰зілуі, тозаңдануы мен ұрықтануы 3- тарауда толығынан берілген. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет