Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Вельвичиялар қатары (вельвичиевые) – Welwіtschіales



бет154/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Вельвичиялар қатары (вельвичиевые) – Welwіtschіales


Қатарға жалғыз ғана вельвичиялар тұқымдасы (Welwіtschіaceae) жатады, онда вельвичия (Welwіtschіa) деп аталынатын бір туыс бар. Ол ғажап вельвичия (вельвичия удивительная-W.mіrabіlіs) деп аталынатын т‰рмен белгілі. Вельвичия оңт‰стік батыс Африканың шөлдерінде өседі. Вельвичияның сыртқы т‰рінің өзіндік ерекшелігі болады. Оның сабағы шомырдың (редька) тамырсабағы секілді, жартылай жерге еніп жатады (130-сурет). Сабақтың жер беті бөлігінің биіктігі 50 см болады және ол ағаштың тамырына ұқсас болып келеді. Сабақтың жоғарғы жағының формасы ерге ұқсас. Сабақтың қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 2-3 м болатын лента тәрізді жапырақтары кетеді. жапырақтары т‰п жағынан біртіндеп өсіп отырады, ал олардың бұзылуы ұш жағынан басталады. Өсімдік өзінің даму барысында өскін қалпында тоқтап қалған секілді болып көрінеді.


Вельвичия екі ‰йлі өсімдік. Аталық және аналық стробилдері әрт‰рлі особьтарында жетіледі.
Аталық стробилдері жапырақтың қолтығынан шығып, дихотомиялы бұтақтанған жалпы өстің ‰стінде топтасып жиналып орналасады. Аталық стробилдің өсінде жабындық жапырақша-лары жұптанып бірінің ‰стіне бірі орналасады. Әрбір жабындық жапырақшаның қолтығында жіпшелерінің т‰п жағымен қысқа т‰тікшеге біріккен 6 микроспорофиллдердің жиынтығы орналасады (130,2-сурет). Олар төрт бірдей қабыршақпен ("г‰лсерік") қоршалған болып келеді. Қабыршақтың екеуі (б‰йірлік) кішкентай, ал қалған екеуі (медиандық) біршама ‰лкен*. Әрбір микроспорофиллдің жоғарғы жағында 3-тен микроспорангий орналасады, олар радиальды бағытта қақырап ашылады. Олардың ішінде микроспоралар пісіп-жетіледі. Микроспорофиллдер жиынтығының ортасында жетілмеген тұқымб‰рдің қалдығы бар. Оның ‰стіңгі жағында кішкене тарелка тәрізді кеңейген тозаң кіретін саңлауы болады (микропилярная трубка). Микроспора микроспорангийдің ішінде жатып-ақ өне бастайды. Одан редукцияға аса көп ұшыраған аталық өскінше жетіледі. Микроспора өнген кезде клетка тұзілмейді, ал өскінше цитоплазмада бос жатқан ядролар т‰рінде болады. Алдымен проталлиальдық ядро бөлініп шығады. Қалған ядро тағы да бөлініп екі ядро пайда болады: оның біреуі вегетативтік, ал екіншісі спермагендік ядро болып саналады. Осындай ‰ш ядролы қалпында микроспора тұқымб‰ріне келіп т‰седі. Тозаңдану жел арқылы немесе насекомдардың көмегімен ж‰реді.
Аналық стробилдері де жапырақтың қолтығынан шығатын жалпы өсте топтасып жиналып отырады. Жекелеген стробилдің төменгі бөлігінде, оның өсінде бір-біріне қарама-қарсы айқасып, жабындық жапырақшалары орналасады (сонымен, стробилдері төрт қырлы болып келеді). Әрбір жабындық қабыршақтың қолтығында тұқымб‰рі орналасады. Оны біріккен екі жапырақша қоршап тұрады. Әрбір жапырақшаның арқасында бір-бірден қанатша тәрізді өсіндісі болады ("г‰л серік"). Бұл жапырақшалар алдымен бір-бірімен бірігеді, содан соң барып тұқымб‰рінің сыртын жабады. Кейбір ботаниктер оларды сыртқы интегумент ретінде қарастырады*.
Тұқымб‰рі (мегаспорангий) нуцеллустан және оның сыртын қоршаған интегументтен (ішкі) тұрады. Интегументтің жоғарғы жағы ұзын тозаң кіретін саңлауға (микропилярлық т‰тікше) созылады (130,5-сурет). Нуцеллуста әдеттегідей жолмен 4 мегаспора пайда болады. Төменгі мегаспорадан редукцияға ұшыраған аналық өскінше жетіледі. Онда архегонийлер жетілмейді. Өскіншеде көптеген ядролар болады, олар ұлғайған мегаспораның цитоплазмасында еркін ж‰зіп ж‰реді. Ядролар алғашқы кездерде өскіншенің барлық жерінде бірдей таралады, кейіндеу 10- 12-ден топтасып оның төменгі бөлігіне жиналады. Осы кезде ядро топтарының арасында көлденең перделер пайда болады, сөйтіп өскінше ұлпасының клеткалық құрылысы қалыптасады. Содан соң ядролар бір- бірімен қосылып, клеткалар қайтадан бір ядролы қалпына келеді.
Өскіншенің жоғарғы бөлігінде де осыған ұқсас процесс ж‰реді, тек әрбір топтағы ядролардың саны бұл жерде аз болады (2-3). Ең соңында бұл ядролар бір-біріне қосылады, сөйтіп бір ядролы клеткалар т‰зіледі. Одан әрі
өскіншенің жоғарғы жағында клеткалар проталлиальдық т‰тікшеге созылады. Проталлиальдық т‰тікшелер нуцеллустың ұлпасына ене отырып жоғары қарай өседі. Өнген микроспора тозаң кіретін саңлаудың жоғарғы кеңейген бөлігіне т‰сіп, оның ішінен шығатын қантты сұйықтықтың кеуіп қалуына байланысты саңлаудың ішіне қарай тартылады. Нәтижесінде микроспора нуцеллустың ‰стіне келіп т‰седі, бұл жерде ол тозаң т‰тігін т‰зеді. Тозаң т‰тігі нуцеллустың ұлпасына өтіп проталлиальдық т‰тікпен т‰йіседі. Тозаң т‰тігінің ішінде спермагендік ядро бөлініп екі спермий т‰зіледі. Тозаң т‰тігі мен проталлиальдық т‰тіктің т‰йіскен жерінде олардың қабықшалары еріп кетеді, осы кезде спермийлердің біреуі проталлиальдық т‰тіктің жақын орналасқан ядроларының бірімен қосылады. Ұрықтанған ядро өскіншенің төменгі бөлігіне т‰сіп ұрыққа бастама береді. Өскіншенің төменгі бөлігінің клеткалары ұрықтың даму барысында белсенді т‰рде бөлінеді де жаңа қоректік клеткалар т‰зіледі. Көлемі ұлғайған ұрық өскіншенің клеткаларында жиналған қоректік заттарды пайдалана отырып, оның ұлпасына өтеді. Пісіп жетілген ұрық эндосперммен (өскіншемен) қоршалған болады, оның екі тұқым жарнағы, тұқым жарнағы асты қалтасы (подсемядольное колено), алғашқы тамыры және аяқшасы болады (130,7- сурет). Тұқым сыртқы қанатша тәрізді жабынмен қапталған ("г‰лсерігімен") одан әрі жұқа қабықшамен (интегумент) етженді ұлпа (перисперм, нуцеллус) орналасады. Тұқым өнген кезде аяқша тұқымда қалып қояды да, эндосперм мен периспермнен қоректік заттарды сорады. Алдымен тамырша, одан кейін екі тұқымжарнағымен, тұқымжарнағы асты қылта (подсемядольное колено) жетіледі. Тұқымжарнақтары біртіндеп ұлғая т‰седі. Б‰ршігінің мөлшері ұлғайып, тұқымб‰ріне кесе көлденең екі жапырақ т‰зіледі. Тұқымжарнағы көп кешікпей жойылады, ал алғашқы пайда болған екі нағыз жапырақ өсімдіктің б‰ткіл өмірінің соңына дейін сақталады (вельвичия 100 жылға дейін өмір с‰реді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет