Қарамықшатуысы(куколь- Agrostemma). Жаздық және к‰здік өсімдіктер. Кәдімгі қарамықша (куколь полевой или обыкновенный- A.gіthago)- бір жылдық шөптесін улы өсімдік, астық егілген алқапта арамшөп ретінде жиі өседі. Жапырағы таспа тәрізді, қарама- қарсы орналасады. Сабағы ‰лкен жалғыз г‰лмен аяқталады, биіктігі 80см.- дейін жетеді. Масым, шілде айларында г‰лдейді. Г‰лсерігі трубка тәрізді. Тостағанша жапырақшалары бірігіп, 5-ұзын (к‰лтесінен асып тұратын) тістері бар тостағанша т‰зеді. К‰лтесі ашқыл көк т‰сті болады. Жемісі қауашақ. Дәндері қара т‰сті. Г‰лінің формуласы:
Ca(5) Co5 A5 G(3). БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі.
Дәнінде улы зат сапонин болады. Қарамықшаның дәндері астыққа араласып кетсе қауіпті. Мұндай дәнмен араласқан ұнның иісі нашар және дәмі ашқылтым болады. Ұнның құрамындағы қарамықтың мөлшері 0,5% жетсе, ол денсаулыққа қауіп туғызады.
Сылдыршөптуысы(смоловка- Sіlene). Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Г‰лдері қосжынысты немесе даражынысты, бір- немесе екі‰йлі өсімдік. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тірсекте отырады (карпофорасында). Г‰лт‰йіні т‰п жағында ‰ш ұялы болады. БОР-дың территориясында 150-дей т‰рі, Қазақстанда 62 т‰рі өседі. Г‰лінің формуласы осыған дейінгі туыспен бірдей:
Ca(5) Co5 A5 G(3). Жарықдәрі туысы(грыжник- Hernіarіa). Бұл туыстың Қазақстанда 4 т‰рі кездеседі. Оның ішінде ең маңыздысы жалаң жарықдәрі (грыжник гладкий- Hernіarіa glabra)- көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама- қарсы орналасқан, эллипс тәрізді. Өсімдіктің т‰сі сарғыш- жасыл. Маусымнан қазан айына дейін г‰лдейді. Г‰лдері өте ұсақ. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубочки) т‰зеді. Г‰лсерігі қарапайым, тек тостағанша жапырақшадан тұрады. Тостағаншаларының саны 5. К‰лтелері жетілмеген, біз тәрізді, ақшылдау т‰сі болып келеді. Аталықтарының саны 5. Пестигі бір ұялы жоғарғы г‰лт‰йінінен тұрады. Жемісі бір тұқымды, қақырамайтын болып келеді. Г‰лінің формуласы: P5 A5 G1.
БОР- дың Европалық бөлігінің орталық және оңт‰стік аудандарында, Кавказда, Орта Азияда, Алтайда, Сібірдің оңт‰стігінде парға жыртылған егістікте, жолдың жағасында, құмшауыт жерлерде, жыралардың, өзендердің бойында өседі.
Кептірілген шөбінен кумариннің иісі шығып тұрады.
Халық медицинасында өсімдіктің жербеті бөлігі дәрі ретінде қолданылады. Өсімдікті суға салып езсе көпіреді, оны сабын ретінде қол жууға пайдалунуға болады. Сонымен бірге мұндай сабынды ‰йдегі иттерді жуындыруға пайдаланады (“собачье мыло”).