Дәріс 10. Тақырып: Қалампырлар тұқымдасы (гвоздичные)- Caryophyllaceae. 1 сағат
Дәрістіңмақсаты. Кариопилидтер, дилленидтер клас тармақтарына жататын қатарлардың г‰лдерінің, жемістерінің құрылысымен, негізгі өкілдерімен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:
Қалампырлар,алабұталар тұқымдастары.
Тарандар, шамшаттар, тұқымдастары.
Талдар, асқабақтар тұқымдастары.
Т‰рлерінің саны жағынан аса ‰лкен тұқымдас. Өкілдері солт‰стік ендіктің қоңыржай климаиты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Д‰ние ж‰зі бойынша 2000-нан астам т‰рі бар (80 туыс). БОР-дың флорасында 600-дей т‰рі, ал Қазақстанда - 215 т‰рі кездеседі.
Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама- қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды немесе аздаған т‰рлерінде ғана болады. Г‰лдері дихазиялы немесе жалғыздан, актиноморфты, қосжынысты, сиректеу даражынысты, бір ‰йлі, сиректеу екі
‰йлі болып келеді. Г‰лсерігі қосарланған, сиректеу қарапайым, 5- м‰шелі. Тостағанша жапырақшалары біріккен (сылдыршөптерде- у смолевковых- Sіlemoіdeae) немесе бос жапырақшалары бірікпеген (алсиналарда- у алсиновых- Alsіnoіdeae), 4-5 тісті болып келеді. К‰лте жапырақшалары (4-5)
тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтарының саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс- жапырақшадан тұрады, г‰лт‰йіні жоғарғы, бір ұялы, аналықтың мойындары (столбик) біріккен немесе бірікпеген болып келеді. Тұқымб‰рлері көп. Жемісі- жоғарғы лизокарпты қауашақ, немесе жоғарғы лизокарпты шырынды жеміс. Тұқымының иілген ұрықты қоршап тұратын периспермі болады. Негізінен жабайы өсімдіктер, мәдени жағдайда ендірілгендері өте аз.
Жұлдызшөп(звездчатка- Stellarіa). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді және қарама- қарсы орналасады. К‰лтесі ақ т‰сті. Аталығының саны 10 (немесе аздау), аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді. Бұл туыстың БОР- дың флорасында 50 т‰рі, ал Қазақстанда 20 т‰рі кездеседі.
Дымқыл жұлдызшөп (звездчатка мокрица- S.medіa). Біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік (к‰здік формаларында кездеседі), биіктігі 5-35 см. аспайды. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық- жасыл т‰сті болып келетін арамшөп. Г‰лінің формуласы: Ca(5) Co5 A 5+5 G(3).
Халық медицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Көк балаусасы құстардың жақсы қорегі.
Орманжұлдызшөбі(звездчатка лесная- S.nemorum) көп жағдайда көлеңкелі жерде қашалардың бойында (у заборов), бұталардаң арасында, ормандағы бұлақтардың маңайында өседі. Маусым айынан бастап к‰зге дейін г‰лдейді. Г‰лінің формуласы: Ca5 Co5 A 5+5 G(5).