Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет198/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Қарастырылатын мәселелер.


  1. Лалаг‰лдер қатары,

  2. Амарияистер қатары,

  3. Қияқөлеңдер қатары

  4. Қоңырбастар қатары



ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ЛИЛИОПИПСИДТЕР КЛАСЫ (ОДНОДОЛЬНЫЕ ИЛИ ЛИЛИОПИПСИДЫ) – MONOCOTYLEDONEAE, LІLІOPSІDAE


Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай т‰рлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа (348 - бетті қара), тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек с‰згілі т‰тіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық т‰зу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар т‰зіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б.) көп т‰рлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.


Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), т‰йнектер, т‰йнектпиязшықтар т‰рінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол
топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар г‰лдеп және дән байлап
‰лгереді.
Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын г‰лсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет