ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – COROLLІFLORAE
Г‰лсерігінің қарапайым, желектер (к‰лте жапырақшалар) т‰рінде болады. Көп жағдайда олардың шірнектілер (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы насекомдар арқылы ж‰реді. Ал тропикалық елдерде насекомдарменде, құстарменде тозаңданады.
Бұл қатарлардың тобының ішіндегі ең ‰лкен тұқымдастардың бірқатарына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
Құртқашаштар тұқымдасы (касатиковые)- Іrіdaceae
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей т‰р жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңт‰стік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңт‰стік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе т‰йнекті-пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Г‰лдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе г‰лшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс г‰лдер, көп жағдайда өте ‰лкен болып келеді. Г‰лсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді т‰тікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Г‰лт‰йіні ‰ш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі- төменгі синкарпты қауашақ. Г‰лінің формуласы: P 3+3 A3 G(3).
БОР-дың флорасында 5-туысы 166-ден астам т‰рлері, ал Қазақстанда 5
туысы 34 т‰рі кездеседі.
Тұқымдастың т‰рлерінің көпшілігі тамаша г‰лдейтін өсімдіктер. Кейбір т‰рлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Бәйшешек туысы (шафран- Crocus) т‰йнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары т‰ссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Жалғыз немесе қосарланған ‰лкен г‰лдері пленка тәрізді тіст‰ссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Г‰лдері қосжынысты, г‰лсерігі воронка тәрізді, біртіндеп трупкаға айналады, 6
бірдей бөліктен тұрады, сары немесе ашық көк т‰сті болып келеді. БОР-да
20-дай т‰рі, ал Қазақстанда 2 т‰рі кездеседі.
Корольков бәйшешегі (шафран Королькова- Crocus Korolkovіі). Биіктігі 10-20 см-ден, аспайтын көпжылдық т‰йнектпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 15 см-дей болады. Г‰лі ашық сары т‰сті, қауашағы цилиндр пішінді болып келеді. Батыс Тянь- Шаньның сирек кездесетін өсімдігі.
Құртқашаш (ирис, касатик- Іrіs) ‰лкен туыс. Г‰лдері ‰лкен әрт‰рлі т‰ске боялған болып келеді. Г‰лсерігі дұрыс (т‰тікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Г‰лт‰йіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің т‰п жағымен бірігіп кетеді. Жемісі ‰ш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солт‰стік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР- да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |