Бұл тұқымдастың өкілдерінің негізгі белгісі – споралары ұсақталу арқылы (дробления) пайда болады (при образовании продольных и поперечных септ). Спорангиялары болмайды, спораларын кілегей қаптап тұрады, қозғалғыш, талшықтануы перитрихальды. Бұған мына туыстар жатады: Dermatophilus, Proactinoplanes.
Planosporaceae тұқымдасы.
Мицелилері жақсы жетілген, спорангиялары жоқ. Спораларының сырты кілегеймен қапталған, мицелидің қысқа өсіндісінен пайда болады. Өкілдері - Planomonospora, Planobispora, Sporictya, Dactylosporangium туысы.
3. Mycobacteriales қатары.
Бұл қатарға жататын т‰рлердің нағыз жетілген мицелиі болмайды. Кейбір өкілдерінде жас кездерінде қысқа бұтақтанған мицелилерге ұқсас структуралары болады, кейіннен олар тез арада тұрақты формасы жоқ ұсақ фрагментке бөлініп кетеді. Көптеген т‰рлері формасы тұрақты болмайтын жекелеген клетка т‰рінде өмір с‰реді. Қозғалғыш стадиясы (сатысы) жоқ. Грамм бояуына дұрыс қароайды (яғни боялады). Топырақта көп кездеседі. К‰рделі углеводород нефтыны қышқылдандырады (окисляет) (парафин и др.). патогенді формалары болады – т‰беркулезді, проказаны, дифтерияны және т.б. қоздырады. Бұл қатарға 1. Micobacteriaceae (өкілдері тарамдалған таяқша формалы, бірақ т‰рі тұрақты емес); 2. Micococcaceae (формасы дұрыс болмайтын дөңгелек клеткалар); 3. Propianibacteriaceae (пропионово-кислые бактерии); 4. Corynebacteriaceae (коринебактерии, объединяющие патогенные виды-возбудители дифтерии и др.
3.Класс спирохеттер – Spirochaetae
Спирохеттерге бір клеткалы прокариотты организмдердің аздаған тобы жатады. Олардың морфологиялық құрылысы ерекше болып келеді. Спирохеттің әрбір клеткасы мынадай негізгі құрамнан тұрады: 1)
аксиальды (осевой) жіпшеден, 2) цитоплазмалық цилиндрден және 3) сыртқы қабықшадан – перипласт. Өстік жіпше сыртқы қабықшамен клетканың денесінің аралығында орналасқан. Ол фибрилладан тұрады. Фибрилланың саны әрт‰рлі т‰рлерде 4-18 дейін болады. Әрбір фибрилла өзінің бір ұшымен цитоплазмалық цилиндрінің ішіне еніп жатады. Өстік жіпше мықтылық қызмет атқарады. Клетканың цитоплазмалық бөлігі аксофиля (осевой нить) ның сыртын орап жатады. Ал клетканың өзі осы жіпшенің сыртында спиралдың бойымен оралып жатады. Егерде өстік жіпше бір жерінен ‰зілсе, онда клетка дереу өзінің бұранда тәрізді құрылысын жоғалтады. Спирохеттің клеткасының (цитоплазмалық бөлігінде) қабығы (стенка), мембранасы, лизосомасы, нуклеоид болады. Спирохеттер клеткасының жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Спирохеталар бұранда тәрізді өз өсінен айнала отырып қозғалысқа келеді де сұйыққа енеді. Қолайсыз жағдайда спирохеталар циста т‰зеді. Олар қолайлы жағдай болған кезде өсіп спирохеттің жаңа клеткаларын береді.
Спирохеталар класы бір қатардан тұрады – Spirochaetales қатары. Бұл қатарға екі тұқымдас жатады.