Ботридиялыларқатары– Botrydiales клеткаланбаған сифонды балдырлар сяқты өкіліне лас судың маңында және дымқыл жерде кездесетін ботридиум – (Botrydium) жатады. Ол алмұрт тәрізді жасыл т‰сті шар пішінді бөліктен және тарамдалып топыраққа еніп жататын ақшыл т‰сті ризойдтан тұрады. Денесі перделерге бөлінген. Протоплазмасында көптеген ядро және жасыл-сары т‰сті хромотофоралары болады. Зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспоралардың алға кеткен талшығы қауырсынды тарамдалған және ұзын келеді. Қолайсыз жағдайларда клетка ішілік заты ризоидқа өтіп, цистаға айналады, ал қолайлы жағдайларда циста бірден жаңа особь береді, немесе зооспоралар т‰зеді.
Хризомонадалылар немесе жалтырауық сары балдырлар (Chrysophyta)
типі Бұл типке көбіне қозғалыста болатын бір клеткалы, сирек колониялы балдырлар жатады. Кейбір қозғалмайтын т‰рлеріне коккоидты немесе жіп тәрізді формалар кіреді. Бұлардың клеткасы радиальды симметриялы, монада құрылысты болып келеді. Хроматофорасында хлорофильдің жасыл боялуынан пигментінен басқа, қосымша қоңыр фукоксантин және сары фикохризин пигменттерінің болуына байланысты, көбіне жалтырауық сарғыш т‰сті болады. Т‰сінің өзгеруі протоплазманың жоғарғы қабатында орналасқан алтау не дөңгелек пішінді көбінесе екіден болатын, хромотафора пластинкасына байланысты. Қоректік заттардың қоры ретінде крахмал жиналмай, углевод – лейкозин және май талшықтары дененің арт жағына таман жиналады. Көпшілігі автотрофтық жолмен қоректенумен қатар, кейьір т‰рлері аралас миксотрфты, ал тарихи дамуда хлорофилдерін жоғалтқан т‰рі дайын органикалық затпен қоректенеді. Қарапайым құрылысты өкілдерінің
клетка қабықшасы болмайды, сондықтан қозғалған кезде пішіндерін өзгертеді. К‰рделі құрылыстарының клетка қабықшасына пектин сіңген, оның сыртын қаптап жатқан кремнезем немесе ізбесті сауыты болады; ал кейбір т‰рлерінде кремнеземді қабығы бұдыршақтанып кетеді. Дененің алдыңғы жағында клетканы қозғалысқа келтіретін бір не екі, екйде ‰ш тор талшықтары болады.
Көбеюі. Клетка жай екіге көлденеңінен бөлінуі арқылы көбейеді. Көпшілік жағдайда бөліну кезінде қозғалысын тоқтатпайды. Колониялы формаларында клетка бөлінгеннен кейін ажырамай сол қалпында қалады, Ірі колониялы формалары ұсақ колонияларға ыдырайды. Бір не екі талшығы бар зооспоралар арқылы да жыныссыз жолмен көбейеді. Көпшілік хризомонадалы балдырлар қолайсыз жағдайларға ұшырағанда эндогендік цисталао т‰зеді. Мұнда аналық қабықшаның астынан протоплазмадан жаңадан қалың, белгілі бір пішінді, ‰стіңгі боялған жағында саңлауы бар сауыт т‰зеді. Тыныштық дәуірінен өткеннен кей”н циста өсіп зооспораға айналады, ол сауыттың саңлауы арқылы сыртқа шығады.
Кейбір т‰рлерінде ғана изогамды логамиялық немесе коньюгациялық жыныстық процестің типі сипатталып жазылған. Жыныстық процестің негізінде және қолайсыз уақыттарда қалың қабықшамен қапталған циста т‰зіледі, онда тесігі немесе порасы болады.
Көпшілік хризомонадаларды көктемде және к‰зде суық айларда тұщы таза сулардан жиі кездестіруге болады. Олар тұщы суда планктонды тіршілік етеді, тек аздаған т‰рлері ғана теңіз суларында кездеседі.
Хризомонадалы балдырлардың 400-ден астам т‰рлері бар.