Бұл кластармағының өкілдерінің жемісті денесімен гимениалды қабаты болмайды. Қалталары мицелийдің аскогендік гифаларында немесе жекелеген маманданбаған клеткаларында жетіледі. Кластармағының кең таралған және ең маңызды өкілдерінің бірі ашытқы саңырауқұлағы (Saccharomyces cerevіsіae). Бұл т‰р мәдени жағдайда ғана белгілі сыра ашытуға, нан пісіруге және спирт алу ‰шін қолданылады.
Табиғи жағдайда кездесетін т‰ріне шарап ашытқысы (S.ellіpsoіdeus )
жатады.
Ашытқы саңырауқұлағының бұл т‰рі спирттік ашу туғызады, нәтижесінде глюкоза шараптық спиртке айналады және көмір қышқыл газы бөлініп шығады. Сондықтанда оны шарап ашыту ‰шін пайдаланылады. Ашытқы саңырауқұлағының талломасы бір клеткалы болып келеді. Вегетативтік көбеюі б‰ршіктену арқылы ж‰зеге асады. Қолайлы жағдайда оның тез ж‰ретіндігі сонша тіптен бір-бірінен клеткалар ажырап ‰лгермейді. Бір тәуліктің ішінде мұндай клеткадан миллиондаған ұрпақ пайда болады. Жыныстық көбеюі қолайсыз жағдайда ғана ж‰зеге асады. Бұл жағдайда ядро мейоз арқылы бөлінедіде, клетка төрт гаплоидты аскаспорасы бар қалтаға айналады. Аскаспоралары біраз уақыттар бойы б‰ршіктену арқылы көбейеді, содан соң екеу-екеуден жұптасып бірігіп диплоидты клеткаға айналады. Мұндай диплоидты клеткалар ұзақ уақыттар бойы б‰ршіктену арқылы көбейеді.
Эуаскомицеттер кластармағы - Euascomycetіdae
Ең ‰лкен кластармағы. Негізгі белгісі - жемісті денемен гимениальды қабат т‰зуінде. Жемісті дененің ‰ш т‰рі бар.
Клейстотеций - тұйықталған, шар тәрізді жемістідене, қалта оның ішінде көбіне ретсіз орналасады. Қалта жемісті дененің қабықшасының жыртылуының нәтижесінде сыртқа босап шығады.
Перитеций - құмыра тәрізді жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене, оның т‰бінде гимениальды қабаты болады. Қалта осы қабатта шоқталып орналасады. Спора піскен кезде жемісті денесінің т‰бінен қалта көтеріліп , құмыраның мойнына келіп ашылып, аскаспораларын шашады. Бос қалта жемісті денесінің т‰біне қайта т‰седі де, оның орнын жаңа қалта басады.
Достарыңызбен бөлісу: |