Зигомицеттердіңфилогенезі.Бұлар жақсы дамыған, жыныс процестерінің т‰ріне және құрылысына қарай біріктірілген саңырауқұлақтардың табиғи тобы. Мұнда жыныссыз көбею органының зволюциясы моноспоралы спорангийлердің конидияға ауысу бағытына қарай ж‰руі айқын байқалады. Бұл кластан бірнеше рет жемісті дененің нышанасы Mortierella зигомицетінен байқалса, Endogone-де оның дамып 2-3 сантиметрге жеткендігі байқалады. Зигомицеттердің шығу тегі жөнінде ғалымдар әлі де бір тұжырымды пікірге келе қойған жоқ. Ғалымдардың бірі жыныс процесінің ұқсыстығына байланысты, зигомицеттердің арғы тегі тіркеспелі балдырлар болу керек десе, екіншілері – оомицеттее болы тиіс дейді. Бұның екеуін де зигомицеттердің тегі деп атау қиын, өйткені тіркеспелі балдырларда бір ядролы екі вегетативтік клетканың, ал зигомицеттерде көп клеткалы гифалардың қосылуы арқылы жыныс процесі ж‰реді. Сол сияқты құрылыстарында да толып жатқан айырмашылықтары бар. Олай болса бұлардың ата тектерін архимицеттердің ішінен іздеген жөн. Олардың ішінде ризомицелийлері және нашар дамыған зигогамиялы жыныс процесі бар т‰рлері Polyphadus болуы м‰мкін. әрине бұларды бір-бірімен тікелей байланыстыру қиынға соғады. Оның себебі зигомицеттер болса құллықта тіршілік етуіне байланысты, алғашқы сулы ортадан қол ‰зіп, эволюциялық жағынан алға кетуінің нәтижесінде, құрылыстарында айырмашылықтары бар. Бұл екі топтың саңырауқұлақтарын байланыстыратын буын ертеде жойылып кеткен болса керек. Зигомицеттердің арасындағы эволюция бірнеше бағытта ж‰рген. Мукорлардың басым көпшілігі жер бетінде тіршілік ететін сапрофиттер. Мұнда эволюция екі бағытта дамыған: біріншісі – жоғарыда айтылғандай спорангиялардың конидиямен алмасуы бағытында ж‰рсе, екінші жағдайда – жемісті денелердің алғашқы белгілерінің т‰зілуі бағытында ж‰рген. Энтоморфторалылардың ересек к‰йінде, жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар сияқты, мицелийлердің көп клеткалығы байқалады және спорангийлердің конидиямен алмасуы аяқталады, сонымен қатар паразитті тіршілік етуге жақсы бейімделген.