Қатардың өкілдері сапротрофтар ретінде топырақта, м‰кті төсенгіштерде немесе өсімдіктердің қалдықтарында кездеседі. Олардың клеткаланбаған мицелийі көптеген жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырларымен селбесіп эндотрофты микоризалар т‰зеді, мысалы құлпынаймен, алмамен, томатпен, салатпен, бидаймен, басқада астық тұқымдасты өсімдіктермен және шөптесін өсімдіктермен.
Эндогенділерге ерекше жер асты жемісті дене немесе споракарпалар тән. Олар мицелийдің гифаларының матасуынан пайда болады. Споракарпалардың көлемі бірнеше миллиметрден 2-3 сантиметрге дейін жететін сары т‰сті домалақ денешік. Олардың ішінде бірнеше дөңгелек көп споралы, бағанасы жоқ спорангилер немесе хламидоспоралар, немесе зиготалар болады. Зигота мицелийдің гифаларынан көлденең перделер арқылы бөлінген екі, бір ядролы немесе көп ядролы (әрт‰рлі т‰рлерде) клеткалардың қосылуынан пайда болады. Гомо және гетероталды т‰рлері бар. Ең көп таралған т‰рі - Endogone lactiflua. Бұл саңырауқұлақтың піспеген споракарпасын кесіп қарасақ, онда кесілген жерден ақшыл-қызғылт т‰сті сұйық («млечный сок») шығады.
Бұл т‰рдің жыныс процесі гаметогамия т‰рінде ж‰зеге асады. Екі көршілес жатқан гифалар, біреуі жіңішке, екіншісі жуан, ішінде бір-бірден ядросы бар, олардың ұшындағы клеткаларды бөліп тұрады. Кіші клетканың ядросы ‰лкен клеткаға өтеді, содан соң екі ядроның екеуі де цитоплазмамен бірге ‰лкен клеткадан пайда болған өскінге, шамамен аналық клеткаға өтеді. Өскіннен бірнеше қабықшалармен қапталған зигота пайда болады.
Саңырауқұлақтардың бұл қатарының спораларының таралуын топырақта тіршілік ететін жануарлар қамтамасыз етеді.
Филогенетикалық жағынан эндогенділер, мортиереллалылармен байланыста болуы м‰мкін, олардың да (зачаточный) жемісті денесі бар, ал спорангияларының бағанасы болмайды. Негізгі көңіл аударатын нәрсе, екі ядролы жағдайының (зиготада) өмірінің ұзақтығы артады.
Энтоморфторалылар қатары - Entomophthorales
Бұл қатарға жер бетінің барлық жерлерінде кең тараған шамамен 50- дей т‰р жатады. Энтоморфторалылардың негізін насекомдардың паразиттері т‰зеді, олардың кейбіреулері балдырлардың паразиттері, бірқатары папоротниктердің өскіндерінде кездеседі. Бақалар мен кесірткелердің экскременттерінде өмір с‰ретін т‰рлері де болады.
Бұл қатарға жататын зигомицеттердің мицелийлері жетілген кезде көлденең перделерге бөлінеді де, олар арқылы көп ядролы немесе бір ядролы жеке клеткаларға ажырайды. Конидиялар арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Мукор сияқты, екі клетканың бір-біріне қарай өскен кішкене гифаларының қосылуы арқылы жынысты көбейеді. Одан қалың қабыққа қапталған тыныштық к‰йдегі зигоспора т‰зеді. Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтарды тіршілік ету ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлуге болады.
1) Біреулері өсімдіктердің факультативті паразиті болса, 2) екінші біреулері төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың ішек паразиті, 3) ал ‰шіншілері
– насекомдардың паразиттері. Эмпуза (Empusa) және энтомофтора (Entomophthora) сияқты туыстары насекомдарда тіршілік етеді. Empusa muscae т‰рі к‰зде ‰й шыбындарында жиі кездеседі. Терезеге жабысып қалған шыбындардың айналасында 1-2 сантиметрдей жерді алып жататын ақ т‰сті ұнтақ байқалады. Оның төменгі бауыр жағында ақшыл ұлпа құралады. Микроскоппен қарағанда ақшыл ұлпадан тарамдалмаған конидия сағақтарын көреміз. Олар сырқы тыныс алу тесіктері және хитин қабығының жұқа жерлері арқылы шығып тұрады. Сағақтардың ұштарында шар пішінді бір- бірден конидиялар дамиды, олар піскен кезде тургор қысымының әсерінен атылып, шыныға немесе басқа затқа жабысады. Конидиялар сау шыбындарға жұғып мицелийге айналады, кейін олар жеке клеткаларға ыдырайды.
Ішек паразитіне бақада, кесірткеде және балықта болатын Basidiobolus жатады. Ересек мицелийі көп клеткалы, бір ядролы болады. Бұдан ірі бір конидиясы бар конидия сағағы жетіледі. Қатар жатқан бір мицелийден өсетін гшифалар ұштарының бірігуі арқылы жынысты жолмен көбейеді.
Basidiobolus ranarun – ның конидиясы шөптің ‰стіне т‰седі. Оны қоңыздар жейді, ал қоңыздарды өз кезегінше бақалар мен кесірткелер жейді. Олардың асқорыту органдарында (пищеварительном тракте) конидиялар босайды, ал конидияның ішіндегі заттары ыдырап, 8 спора т‰зеді. Ол споралар бөліну немесе б‰ршіктену арқылы көбейеді. Содан соң бұл клеткалар экскременттерімен сыртқа шығарылады. Олардан конидия сағағы мен мицелий өседі, осыларда зигогамия процесі (гаметогамия) ж‰зеге асады.
Бақалар мен кесірткелердің экскременттерінде Basidiobolus ranarun өседі. Қатардың басқа өкілдерінен негізгі айырмашылығы сол, оның мицелийі бір ядролы клеткадан тұрады. Бұл мицелий субстратқа өтеді, ал оның ‰стінде конидиялары жетіледі. Конидиялардың жоғарғы жағы жуандаған. Бұл конидия полиболустың конидиясы секілді жоғарғы жағынан ракета секілді атылады. Осы кезде оның артқы жағынан төмен қарай конидия ішіндегі сұйықтық струясымен шашылады. Олар жаңа субстратқа еніп гифалар береді. Энтоморфторалылар табиғатта насекомдардың көп мөлшерде жаппай қырылуына әкеліп соқтырады (к‰йелердің, масалардың, шегірткелердің, т.б.).