Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет57/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Апотеций - ашық, көбіне табақша тәрізді жемісті дене, гимениальды қабат оның ‰стінгі жағында орналасады. Қалта осы қабатта жеміссіз жіпше - парафиздермен кезектесіп орналасады.

Кең таралған өкілдеріне пеницилл, қастауыш, сморчок т.б. жатады.
Пеницилл (Penіcіllіum) туысы б‰лінген тағамдарда, су тиіп ылғалданған нанда, көкөністерде (овощах) өседі. Пенициллдің гифалары бірнеше бөліктерге бөлініп тарамдалған жіпшелерден тұрады, олардың әрқайсысының ішнде бір-бірден ядросы болады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы ж‰зеге асады. Конидия сағағы көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді. Олардың жоғары ұшы кисточка тәрізді болып тарамдалған болады. Сағақтың стеригм деп аталатын бұтақшасынан конидийдің тізбегі кетіп жатады. Жаңа пайда болған конидийлері тізбектің т‰п жағында, ал бұрын пайда болғандары (пісіп - жетілгендері) - оның ұш жағында орналасады. Бөлініп шыққан конидийлері ауаның ағынымен өсуге қолайлы жерге барып т‰седі де жаңа мицелий т‰зеді. Пеницилл жыныстық жолмен өте сирек көбейеді. Жемісті денесі клейстотеций.
Бұл саңырауқұлақты пеницилин антибиотигін және сырлардың кейбір т‰рлерін алу мақсатында арнайы өсіреді. Пенициллин көптеген ауру туғызатын бактериялардың тіршілігін тежейді немесе оларды жояды. Мысалы өкпеге, ортаңғы құлаққа, тамаққа суық тигенде және басқада ауруларға оны жиі пайдаланады.
Қастауыш (Clavіceps purpurea ) - қарабидайдың және көптеген астық тұқымдастардың паразиті. Осы өсімдіктердің масақтарында дәннің орнына бірнеше мицелийлердің тығыз өрімделуінен құралған, (плехтенхимадан тұратын) қарауытқан қызғылт т‰сті қастауыштың склероцийлері (м‰йізшесі) пайда болады. Оның шет жағындағы гифаларының қабықшалары қалың т‰сі қара-қошқыл болып келеді. Орталық бөлігіндегі гифаларының қабықшалары керісінше жұқа және олардың ішінде артық қор заттары (май тамшылары және гликоген) жиналады. Склероцийлері топырақта қыстап шығады да, астық тұқымдастары (қарабидай) г‰лдей бастаған кезде өседі. Олардың ‰стінде жіңішке ұзын сағақтың басында шорланып шоқпарланған стромалар пайда болады. Строманың бетінде,
‰стінде арнайы тесіктері бар б‰ртіктер (перитецийлер) қалыптасады. Перитецийлердің ішінде ұзынша лента тәрізді қалталар пайда болады, ал әрбір қалтада сегізден жіңішке аскаспоралар жетіледі. Пісіп жетілген аскаспоралар сыртқа шашылып қарабидайдың г‰лдеп тұрған масағына т‰седі де өседі. Олардан г‰л т‰йінінде мицелий пайда болады. Осы мицелийлерден конидийлер бөлініп шығады, ал оларды насекомдар (құрт-құмырсқалар) бір масақтан екінші масаққа тасиды. Саңырауқұлақтың мицелийі масақтың
‰стіне тәтті шырындар бөліп шығарады, сол себептенде оған насекомдар ‰йір келеді. Конидий өсе келе г‰л т‰йініне өтіп мицелий т‰зеді. Мицелийлер к‰зге қарай қатайып жаңа склероцийға айналады. Склероцийдің ‰стінде өз тіршілігін тоқтатқан г‰л т‰йінімен аналықтың мойны қалып қояды. Ал склероцийдің бойына артық қор заттарымен улы зат - эрготин жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет