Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Зоопагтар қатары – Zoopagales



бет55/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Зоопагтар қатары – Zoopagales


Бұл амебаларда, нематодтарда, насекомдардың личинкаларында, саңырауқұлақтардың облигатты паразиттері. Сондықтан олардың кездесетін ортасы топырақ, көң, шіріген жапырақтар болады.
Мицелийлері өте жіңішке, көп ядролы, алғашқы кезде перделерге бөлінбеген, содан кейін барып көлденең перделері пайда болып тұрады, ол жануарларды, яғни иесін ұстауға м‰мкіндік береді. Ұсталған жемтіктің денесіне мицелийлері немесе гаусториясы арқылы өтеді.
Жыныссыз көбеюі – конидия арқылы ж‰реді. Олар гифаның б‰йірінен немесе оның төбесінде шынжыр (цепочка) тәрізді орналасады. Мұның конидиясының энтоморфторалылардың конидиясынан бір айырмашылығы сол, олар лақтырылып тасталынбайды (активті емес). Жыныстық көбеюі зигогамиялық жолмен ж‰реді.
Мысалы, амебаларда Зоопаге (Zoopage), Эндокохлус (Endocochlus), т.б. Ең көп таралған және белгілеріне стилопагтың т‰рлері жатады (Stylopage) –
S. grandic және S. hadra – олар нематодтармен қоректенеді.
Зигомицеттер саңырауқұлақтардың бір қарапайым т‰рлерінен шыққан деп тұжырымдауға болады. Ол қарапайым саңырауқұлақ жер бетінде өмір с‰руіне байланысты қозғалғыш кезеңін жоғалтқан өсімдік болса керек. Эволюциялық дамудың барысында әрі қарай осы жағдайға байланысты спорангиялары конидиямен алмастырылса керек. Бұл жағдай мукорларда байқалғанымен, ол тек энтоморфторалыларда ғана қалыптасқан.

Дәріс 6. Тақырып: Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes. 1 сағат.


Дәрістің мақсаты. Аскомицеттер, базидиомицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар кластарының өкілдерімен таныстыру. Көбею жолдарына мән беру.

Қарастырылатын мәселелер.


  1. Аскомицеттер класы.

  2. Базидиомицеттер класы.

  3. Жетілмеген саңырауқұлақтар класы.

Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай т‰р жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистый) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың т‰рлерінің дені (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.


Көбеюі. Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы ж‰зеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым т‰рлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников) бірігіп кетуі арқылы ж‰реді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ, оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскаспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық
көбею органдары болады: аналық жыныс органы-архикарп және аталық жыныс органы - антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі б‰йірленген - аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді - трихогинадан. Антеридий – бірғана цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (м‰ше) әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның ‰стінгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығу тегі әрт‰рлі болып келетін ядролары аскогендік (аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар т‰зеді. Осы жағдайдан соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Әрбір аскогендік гифаның ішінде бір ғана дикарион болады. Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде дикариондардың ядролары қосыладыда зигота т‰зіледі. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар - аскаспоралар пайда болады. Аскогендік гифалардың ұш жағындағы аскаспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады. Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында ‰ш т‰рлі фаза (кезең) алмасып келіп отырады: гаплоидты (циклдың көптеген бөлігі), дикарионды және өте қысқа диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар - парафиздер болады. Олар қалталарды бір-бірінен бөліп тұру ‰шін қажет, сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі м‰мкін. Аскалар мен (қалталар) парафиздер гимениалды қабатты немесе гименийді т‰зеді. Аскомицеттердің гимениалды қабаты жалған ткань-плектенхимадан тұратын жемісті денелерінде орналасады.
Құрылысы қарапайым болып келетін қалталы саңырауқұлақтарда жемісті дене т‰зілмейді, қалта бұларда аскогендік гифалардан тұратын мицелидің кез-келген жерінен пайда болады.
Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың т‰зілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер) ‰ш кластармағына бөлінеді: гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицеттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет