Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет33/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Орталық табақша. Клеткаларды өзара байланыстырып тұрады. Ортаңғы табақшаның бұзылуын және клеткалардың ажырауын мацерация деп атайды. Бұл табиғи жағдайда жемістер өте пісіп кеткен кездерде, жапырақтардың түсер алдында, олардың сағақтарында және басқа уақыттарда болатын жағдай. Мацерация жарым-жартылай жүрген жағдайда орталық табақша тек бұрыштарынан ғана ыдырайды да, клетка аралық қуыстар түзіледі.
Плазмодесмалар. Бұл клеткаларды бір-бірімен байланастырып тұратын жіңішке цитоплазмалық жіпшелер. Цитокенез кезінде пайда болатын клеткалық табақша арқылы бір-бірімен қарым- қатнасы үзілмеген эндоплазматикалық тордың (ретикулумның) түтікшелері өтіп жатады. Солардың негізінде плазмодесмалар пайда болады. Плазмодесмалық каналдың қабықшасына плазмалемма төселіп жатады. Ол көршілес клеткалардың плазмалеммаларын жалғастырады. Каналдың ортасынан екі клетканың ретикулумының тұтастығын сақтайтын түтіктер өтеді. Плазмодесма мен түтіктің арасында гиалоплазма жатады, ол да екі клеткаға бірдей, яғни олардың тұтастығын сақтайды. Плазмодесмалар көп жағдайда бірнеше ондаған топтарға жиналған болып келеді. Жекелей олар екінші рет қалыңдамайтын қабықшаларда орналасады.
Поралар. Поралар дегеніміз екінші реттік қабықшаның түзілетін жері. Олар клетканың қуысынан алғашқы қабықшаға дейін баратын каналдар. Каналдардың формасына қарай поралар қарапайым және жиектелген (көмкерілген) болып бөлінеді. Қарапайым поралардың диаметрі каналдың ұзына бойында шамамен бірдей болады. Үстінен қарағанда олар дөңгелек формалы болып келеді. Жиектелген поралардың каналы алғашқы қабықшаға бағытталған жағынан кеңейген болып келеді. Сондықтанда үстінен қарағанда олар екі концентрлі шеңбер түрінде көрінеді. Әдетте екі көршілес клетканың поралары бір- біріне қарама-қарсы орналасады және олар орталық пластинкадан, сонымен бірге екі алғашқы қабықшадан, жұқа перделері арқылы бөлінген канал тәрізді болып келеді. Жиектелген поралардың түйістіргіш пердесінің ортаңғы бөлігі қалыңдаған болып келеді. Тірі клеткалардың түйістіргіш перделері арқылы көптеген плазмодесмалар өтіп жатады. Поралар плазмодесмалар секілді, клеткалардың арасындағы заттардың тасымалдануын жеңілдетеді.
Әртүрлі заттарды бойынан өткізуге маманданған клеткалардың қабықшаларында ферменттердің әсерінен, перфорациялар деп аталынатын, үлкен тесіктер пайда болады.
Пысықтау сұрақтары:

  1. Клеткалық теорияның мәні неде? Оның маңызы қандай?

  2. Цитологияда зерттеудің қандай тәсілдері қолданылады?

  3. Протопласт дегеніміз не?

  4. Клетканың өлі компоненттеріне нелер жатады?

  5. Цитоплазманың құрылысының ерекшелігі неде? Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы мен қасиеті қандай?

  6. Цитоплазма қандай органелдерден тұрады? Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай?

  7. Пластидтерді қалай классификациялайды? Олардың сыртында қанша қабаты болады?

  8. Пластидтердің эволюциясы қандай? Пластидтердің онтогенезде пайда болу жолдары қандай?

  9. Ядроның атқаратын қызметі қандай? Ол қандай органелдерден тұрады? Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай?

  10. Хромосомның құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? Хромосомдар санын қандай болғанда диплоидты, ал қандай болғанда гаплоидты деп айтады?

  11. Митотикалық цикл дегеніміз не? Ол қандай клеткаларға тән және қандай екі фазадан тұрады?

  12. Түрдің кариотипі және идиограммасы дегеніміз не?

  13. Амитоз жолымен клеткалар қалай бөлінеді? Бөлінудің бұл түрі қандай клеткаларға тән?

  14. Мейоз процесі қашан жүреді? Оның митоздан айырмасы неде? Ол қандай екі бөлінуден тұрады? Митоздың анафазасы мен мейоздың алғашқы бөлінуіндегі анафазаның арасындағы айырмашылық қандай?

  15. Митоз бен мейоздың биологиялық мәні неде? Клетканың тірі компоненттерінің (органелдерінің), өлі компоненттерінен (эргастикалық заттардан) принциптік айырмашылықтары қандай?

  16. Протопластың өнімдерін қалай классификациялайды?

  17. Вакуоль дегеніміз не? Клетка шырыны дегеніміз не? Оның химиялық құрамы қандай?

  18. Клетка қандай бөліктерінде қорлық белоктар, углеводтар, шыны майлар жиналады? Қандай реактивтердің және бояғыш заттардың көмегімен оларды табуға болады?

  19. Клетка қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Клетка қабықшасы мен плазмодесманың айырмашылықтары неде?

  20. Клетка қабықшасының өсуі қалай жүреді?

  21. Клетканың алғашқы және екінші реттік қабықшаларының бір-бірінен құрылысы және химиялық құрамы жағынан айырмашылықтары қандай?

  22. Клетканың целлюлозалық қабықшасының химиялық құрамында қандай өзгерістер болуы мүмкін және ол клетканың физикалық қасиеттеріне қалай әсер етеді? Клетканың қабықшасы сүректенгенде оның ішіндегі заттары неге өледі?

  23. Клетканың қабықшасының құрамына кіретін заттарды қандай реактивтермен және бояғыш заттармен табуға болады?

  24. Клеткалардың бір-бірімен қарым-қатынасы қалай жүзеге асады? Плазмадесманың құрылысы қандай?

  25. "Пора" мен "перфорация" ұғымдарының айырмашылықтары неде?

  26. Өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының айырмашылықтары неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет