Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет22/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Дәріс №8
Тақырып: Персоналды оқыту
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Персоналды оқыту әдістері мен олардың сипаттамасы
2. Кадрларды дайындаудың жопандық жүйесінің ерекшеліктері


1. Персоналды оқыту әдістері мен олардың сипаттамасы. Персоналды дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Ол ең алдымен мыналарды қамтиды:

  • Жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім, тәжірбие және кәсіпті беретін оқытуды

  • Біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі - дамушы ҒТП-ке байланысты кәсіби білімі мен тәжірбиесін жақсартуды

  • Жетекшілік қызметке білімі мен тәжірбиесін жақсартуды

  • Жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде оқытуды

  • Мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең. Басқа мамандықты алудың мақсаты

  • Жұмыскерлерге олар үшін жаңа мамандықты меңгеруге мүмкіндік беру.

Персоналды дамыту бірінші кезекте тұруы қажет, ол үшін:

  • Оқуға ынталы жұмыскерлерді қолдау

  • Білімдер мен озат тәжірбиелерді тарату

  • Жас білікті қызметкерлерді оқыту

  • Басқарушы персоналдың қызметкерлерді дамытудың маңыздылығын түсіну

  • Кадрлар тұрақсыздығын төмендету.

Ұйымды кәсіби дамыту, жетекшілерді даярлау, мансапты дамытудың арнайы әдістері мен басқару жүйелері құрылады. Ірі корпарацияларда арнайы кәсіби дамыту бөлімдері болады.Оны осы саладағы адамдық ресурстарды дамытуда мол тәжірбиесі бар мамандар басқарады. Бұл үдерістің маңыздылығы кәсіби даму саласындағы мақсаттар әрбір жоғары жетекшінің, вице-президенттің, ұлттық компаниялардың жетекшілерінің жеке жоспарларына енетіндігі куәландырады.
Кәсіби білім алу мүмкіндігі жұмыскерлерімен жоғары бағаланады. Қоғам, ұйым ішіндегі кәсіби дамудан біліктілігі жоғары қоғам мүшелерін алып және қосымша шығынсыз қоғамдық еңбектің жоғары өнімділігіне жетіп, ұтады.
Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы-кәсіби оқыту ұйымның қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдер мен тәжірбиелерді тікелей беру үдерісі болып табылады.

  • Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың екі түрін көрсетуге болады:

  • Нақты мамандандырусыз, яғни оқып жатқан адамның біліктілік деңгейіне байланыссыз қандай да бір жалпы кәсіби білімдерді алу

  • Нақты мамандандыру, яғни өзінің негізгі мамандығынан басқа белгілі бір бағыт және проблема бойынша жаңа мамандыққа бейімделу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет