Жеке бағалаудың түрлерін өндірістік тәжірбиеде пайдаланатын көптеген критерийлерден ажырата білуі қажет: 1. Жүйелік критерийлеріне сәйкес мынандай түрлерге бөлінеді: - жүйелі бағалау
- жүйесіз бағалау.
2.Тұрақты қайталанып тұратын критерийлеріне сәйкес мынандай түрлерге ажыратылады: - тұрақты қайталанатын бағалау
- қандайда бір жағдайға байланысты бағалау.
3. Бағалау үшін қолданылатын критерийге сәйкес мына түрге бөлінеді: - санмен бағалау
- сапалық бағалау
- талдамалы бағалау.
4. Жеке бағалау мынандай әдістерімен анықталады: - бағалау критерийлерімен
- критерийлерді салыстырумен
- бағасын өлшеумен
- ауыспалы жағдайлар әдістерімен
- берілген шамаларды салыстыру арқылы.
2. Аттестация түрлері және жүргізу тәртібі.Аттестацияны жүргізу жөніндегі функция желілі жетекшілер мен кадрлар қызметтері арасында бөлініп беріледі. Соңғылары корпарациялық саясатқа жүгіне отырып, персоналды бағалаудың жалпы тұжырымдамасы жасалып, олардың іс-жүзінде қолдануы бақыланады. Ірі корпарацияларда мұндай жайттарға қатаң шектеулер қойылып, ең алдымен бағалаудың барлық кезеңдері мен ресімдері, оларды бағалаушы жеке нұсқаушы материалдармен жабдықталған бағалау түрлерін қалыптастырады.
Кадрларды бағалау көптеген мақсаттарды көздеуі мүмкін:
аттестация жүргізу үшін негіз болуды
еңбекақы мен жалақыны бөлуді
біліктілікті жоғарылатуға жағдай жасау, нәтижесін бақылауды
Жұмыскерлерді аттестациялау оның себебіне байланысты кезекті, сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты, қызметі бойынша өсуде, басқа бөлімшеге ауысуға байланысты түрліше болады.
Кезекті аттестация жыл сайын жүргізіледі және барлық жұмыскерлер үшін міндетті. Аттестациялау негізі-істелінген жұмыс пен негізгі іс-әрекеттердің нәтижелерінің түсіндірмесі.
Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейінгі аттестация нәтижелері бойынша құжатталған қорытынды алу мақсатын және сонымен қатар аттестациялаушының әрі қарай қызметте пайдаланатын дәлденген ұсыныстарын көздейді.
Қызмет бабында жоғарылату үшін аттестациялау жаңа ұсынылып отырған қызметтің және міндеттің талаптарын ескере отырып жүргізіледі, сонымен қатар жұмыскер жоғары қызметті алу үшін оның кәсіби деңгейі мен әлеуетті мүмкіндіктері анықталады.
Жұмысқа қайта қабылданған жұмыскерлерді аттестациялау алғашқыда алты айдан соң, содан кейін жыл сайын жүргізіліп отырылады.
Әрекет етудің тізбегі мен аттестация жүргізудің негізгі жайттары: 1. Аттестацияны жүргізуге кадрлар қызметінің жетекшісі ұйымдастыратын дайындық жұмыстары, орындауға тиіс. Оларға:
Лауазымды санаттары бойынша бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштері жасалады
Жұмыскердің іс-әрекетін бағалаудың баяндама - қағазының қажетті саны дайындалады
Аттестацияланушыларға қажетті деректерді дайындайды
Қызметкерлерге аттестациялауды жүргізетін бөлімшелерге ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек көрсетеді.
2. Бөлімшелерді аттестациялауды ұйымдастыру олардың жетекшілеріне жүктеледі
3. Акционерлік қоғамның жетекшілерін аттестациялауды ұйымдастыру оның басқармасына жүктеледі.
4. Аттестацияға түсетін әрбір адамға кадрлар бөлімі қажетті құжаттарды дайындайды: жұмыскердің іс-әрекетінің бағалау - баяндамасы туралы қағазды, оны толтырудың нұсқауы және аттестацияланушының қызметіне қойылатын талаптарды.
5. Аттестацияның негізгі құжаты жұмыскер аттестациясы жөніндегі барлық мәліметтерге енгізілген оның іс-әрекетінің баяндама бағасы болып табылады.
6. Аттестацияға түскен жетекші (маман) өз бетінше бағалау - баяндама қағазының керекті бөлімін толтырады, аттестацияланушы мерзімдегі істелінген негізгі жұмыстарды баяндайды: біліктілікті жоғарылату, алдыңғы аттестациядағы ұсыныстар мен ескертулердің орындалу дәрежесі және т.б.
7. Жұмыскердің іс-әрекетін бағалау тікелей жетекшінің қатысуымен аттестация мерзімінде істелінген жұмыстарды баяндау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарды және алдыңғы аттестациядағы ұсыныстар мен ескертулердің орындалу дәрежесі жайлы құжаттарды баяндау негізінде орындалады.
8. Кадрлар бөлімімен дайындалған жұмыскерлерді аттестациялау жөніндегі аттестацияланушының да және оның тікелей жетекшісінің де құжаттарын жоғары басшылар қарайды. Ұсынылған құжаттарды ол тікелей жетекшілерімен, ал қажет болған жағдайда аттестацияланушының өзімен де бірге отырып талқылайды.
9. Жоғарғы басшы әділ қағидаларды сақтауға және бағалаушы көрсеткіштерді пайдаланғанда жауап береді.
Бақылау сұрақтары: 1. Персоналды бағалау ұғымы
2. Әр персоналды жеке бағалаудың мәселесі
3. Әр персоналды жеке бағалаудың ерекше маңызды мақсаттарын атаңыз
4. Жұмысқа қайта қабылданған жұмыскерлерді аттестациялау мерзімі
5. Әрекет етудің тізбегі мен аттестация жүргізудің негізгі жайттарын талдаңыз
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1. А.Рахметов.., Т.Байнеева «Персоналды басқару» теория, тестілер, тәжірбие сабақтары, оқу құралы Алматы Экономика-2006ж.
2. К. Бердалиев «Менеджмент» лекциялар курсы Алматы Экономика-2006ж.
3. Ахметов К. Ғ.., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А.., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент»Ақтөбе-Орал,2005ж.
4. Т.И.Есполов., Ж.Ж.Сулейменов «Менеджмент» Алматы, 2003ж.
5. У.Брэддик «Менеджмент в организации» Москва, Инфра.1997ж.
6. Н.Ф.Пушкарев., Н.Н.Пушкарев., Е.В.Троицкая «Практикум по кадровому Менеджменту» Деловые игры Москва «Финансы и статистика» 2000ж.
7. О.С.Вихонский, А.И.Наумов «Менеджмент» Москва 1999ж.
8. Е.Моргунов «Управление персоналом исследование, оценка, обучение» Учебное пособие, Москва 2000ж