Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі


Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсiнiгi. Инновациялық қызмет дегеніміз



бет41/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсiнiгi. Инновациялық қызмет дегеніміз бүкіл инновациялық процесс барысында атқарылатын қызметтер. Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс әрекеттер жиынтығы. Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады:

фундаменталды деңгейдегі ғылыми техникалық зеріттеулер



тәжербие –конструкторлы жұмыстар атқарылатын кезең

маркетинг өндіру және жаңа өнімді нарықта сынақтан өткізу

өнімді өндіріске енгізу және сату




Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Инновациялық іс-әрекет бұл технико-экономикалық өндірістің біртұтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет