Созылмалы хеликобактерлік гастритте (В типті) Helikobacter pylori басты рол атқарады, жарақатта асқазанның антральдық бөлімі басымырақ шарпылады. Қоздырғыш қарынға ауыз арқылы түседі және ол сілемей астында орналасады, осылай асқазан сөлінен қорғалады. Бактериялардың негізгі қасиеті уреазы түзілісі болып табылады, ол несепнәрді ыдыратып, аммиак жасайтын фер¬мент. Аммиак pH сілтілік жақка ығыстырады және НСІ сөлденуіи қоздырады, сөйтіп гиперацидтті синдромға әкеледі. Морфологиялық көрінісі атрофия мен жабынды-шұңкырлы және безді эпителия жетілуінің бұзылуынан, сілекей кабықтажәне өзіндік меншікті арқауда жоғары көрнекті лимфоплазмацитарлық және эозинофилдік инфильтрациямен лимфоидтық фолликулалар жасалады.
Созылмалы аутонимунды гастрит (А типті) — гастриттің сирек кездесетін түрі. Асқазанның фундалдық бөлігінің бездерінің паристалдың жасушаларына антиденелер жасалуымен сипатталады, сонымен бірге гастромукопротеинге де (ішкі факторға) антидене жасалады, аутоантигенге айналған. Асқазанның фундалдық бөлігінде көрнекті лимфоцитарлық инфильтрация байқалады, В лимфоциттермен, плазмациттермен және Т хелперпармен жасалады. Сілемей қабықта атрофияның өзгерістері үдей дамиды. Атрофиялық гастрит асқынуы полиптер жасалуына әкелуі мүмкін, ксйбірде жараға айналады. Одан басқа атрофиялық гастрит және хел- икобактериялық гастрит обырға әкелетін процесс болады.
Аяқгалуы. Беткейлік және хеликобактер гастрит арнайы сәйкес емдегенде жақсы нәтиже береді. Созылмалы гастриттердің баска түрлері жазылмайды, тек бояулауына әкеледі.
ОЙЫҚ ЖАРА ДЕРТІ- созылмалы ауру, клиникалық және морфологиялық негізі қайталана беретін асқазаннын немесе он екіелі ішектің жарасы, ол асқорыту процесінін бүлінуімен бірге жүреді. Ойық жара дертімен ауыратын адамдар халықтың 10% і қүрайды, көбіне ер адамдар 50 жас және одан үлкендер. Бөлінеді: 1. асқазан ойықжара дерті; 2. үлтабар ойық жара дерті.
Асказан және ұлтабар ойықжара ауруы этиологиясы көп факторлы және негізінен келесі факторлар әсерінен дамиды. 1. Helicobacter pylori белгілі бір штаммасы. Бұл штамма сілекей кабықтың кабынуын шақырады, сөйтіп оның жарақатына әкеледі. Сонымен бірге бактериялармен жасалған уреаза аммиак синтезін күшейтеді, аммиак жабынды эпителияға өте уытты және оның деструкциясын шақырады. Бұлардан басқа корсетілген бактериялар қанда гастрин жасалуын асқазанда түз кышқылын кенет жоғарылатады. 2. Ағзадагы жалпы өзгерістер. Helicobacter pylori жарақаттаушы әіссріне көмектесетін факторлар — қайталанып келген психозмоцияналдың зорлану; эндокриндік бүліністер; кезбе жүйке әссрінің асқазан-ішек тізбегіне күшейген ықпалы, сонымсн бірге кортикостероидтардың мол болуы ағзада асқазан солінің қышкыл-пепсиндік факторының белсенділігін жоғарылатады, асқазан және ұлтабар маторлық функциясын күшейтеді, оларда микроайналымдық бұзылыстар шақырады және гипоксия үдейді; асқазан сілемей жасалуы төмендейді және т.б.