Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет7/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
лекции

Ойық жара дертінде асқынулары: 1. Некрозға ұшыраған тамырлардан қан төгілу, ол құсумен бірге жүреді, құсық түсі ерекше «кофе тұнығы» түстес болады, қан асқазандағы тұз қышқылымен қосылып, тұз қышқылды гематинін түзейді. Ауру нәжісі қарамай тәрізді, қаннын аралас белгісі, үлкен дәрет қанды (милена). 2. Асқазан қабырғасының немесе ұлтабар қабырғасының тесілуі, ол жедел жайылған перитонитке әкеледі, яғни іріңді- фибринозды ішперде қабынуы. 3. Ойық жара пенетрациясы — перфорация тесігі касында жатқан ағзаға ашылады, мысалы, ұйқы безіне, көлденец тоқ ішекке, бауырға, өт қапшығына т.б. 4. Асказан флегмонасы. 5. Дөрекі тыртықтар — олар ойық жара жазылған жерде жасалады. Каллездік асқазан ойык жарасы, бара-бара обыр дамуының көзі болуы мүмкін.
АСҚАЗАН ОБЫРЫ: Бұл ауру барлық ісіктер ішінде 60%-дан жоғары кездеседі. Өлім жиілігі осыған сәйкес бүкіл халықтың жалпы өлімінің 5%-ын құрайды. Асқазан обыры 40—70 жас аралығында жиі кездеседі. Ер адамдар әйел адамдарға Караганда 2 есе көп ауырады. Обырдың құрамұында әлбетте алдын ала асқазанда обыр дерті басталады — олар карын полиппозы, созылмалы гастрит, созылмалы асқазан ОЙЫҚ жарас. Асқазан обырының түрлері. Сыртқы пішініне карап және өсу сипатын есептеп, асқазан обырлары бөлінеді  
1. бляшка тәріздес, үлкен емес, тығыз, ақшыл тартқан жолақ, сілемейде және сілемей астында орналасқан (12.4-сурет, а); 2. полипозды, карауға үлкен емес түйіншік аякшасы арқылы қабырғаға жалғасқан (12.4-сурет, б); 3. саңырауқүлақ пішіндес (фунгозды обыр), бұдырлы түйін тінге өсіп жалғасуы жалпақ негізді болып келеді (12.4-сурет, в); 4. табақша тәріздес, оның пайда болуы полипозды немесе саңырауқұлақтық, обырдың некрозға үшырауы және жараға айналуына байланысты (осыдан кейін оның сырт пішіні табақшаға ұқсайды); 5. диффузды (тотальдық обыр) басым эндофитті өседі (12.4- сурет, г); қарынның бүкіл көлемін және барлық қабырғалар кабаттарын қамтып жарақаттайды, сондықтан олар қимылдамайды, қыртыстары қалың, жуан және бірдей емес; асқазан іш куысы кішірейген жалпы түтік пішіндес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет