Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары


Жедел гастриттің пайда болу себептері



бет3/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Жедел гастриттің пайда болу себептері: 1. алиментарлық факторлар: бүзылған, өнделмеген, ашыған немесе өткір астар, ретсіз тамақтану; 2. химиялық тітіркендіргіштер: алкогольді ішімдіктер, қышқылдар, сілтілер, біркатар дәрілік заттар; 3. инфекциялық агенттер; 4. қанайналымының жіті бұзылуы (мысалы шокта, жүрек жетіспеушілігі және т.б.).
Жедел гастриттің жіктелуі: Дамыған жеріне (локализация) байланысты; 1. диффузды; 2. ошақты (фундальды, антральды, пилородуаденальды).
Қабыну сипатына байланысты: 1. Катаральды гастрит, гиперемия және сілемей қабықтың калыңдауымен сипатталады, сілемей көп бөлінеді, кейбірде эрозия байқалады. Ондайда эррозиялы гастрит деп аталады. Микроскоп арқылы дистрофия көрінеді және беткейлік эпителияның сыдырылады, сірнелі-сілемейлі жалқак, ісіну, диапедездік қанталау байқалады. 2. Фибринозды гастрит, қалыңдаған сілемей қабық бетінде сүр-сары түсті фибринді кабық жасалуымен өзгешеленеді. Фибриноздык гастрит крупозды немесе дифтериялық болуы мүмкін. 3. Іріңді (флегмонозды) гастрит; жедел гастриттің бұл түрі зақымды, жараны немесе ойык жаралы асказан обырын асқындырады. Қарын қабырғаларының катты қалыңдауымен сипатталады, сілемей кабыкта іріңдік қатпарлар болады. Микроскоппен қарағанда қарын қабырғасының барлық қабаттарында диффузды лейкоцитарлық инфильтрат, сілемей кабықта некроз және канталау байқалады. 4. Некроздық гастрит (коррозивті) — сирек болатын түрі, ол химиялық күйікте пайда болады қарынның сілемей қабығы күйген және сондыктан ол некрозға ұшырайды. Некроздалған катпар түскеннен кейін ойық жара пайда болады.
Асқынуы эрозивті және некроздык гастритте қан кету, карын қ абыргаларының тесілуі сияқты асқынулар болуы мүмкін. Флегмоноздық гастритте медиастенит пайда болады, көкірек асты абцессасы, бауыр абсцессасы, іріңдік плеврит асқынулары пайда болады.
Жедел гастриттер аяқталуы: катарладық гастрит әлбетте сауыгумсн аяқталады, іріңдік гастрит ауыр интоксикациямен бірге үдейді, ол ағза өлімінің себебі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет