Созылмалы энтерит; Эпителияларда регенерация процестерінің бұзылуынан, ең жиі себебі инфекциялар, интоксикациялар, кейбір дәрілік зат¬тар әсері, тамақтанудың ұзаққа созылған бүліністері, зат алмасу процестерінде ауытқулар. Морфологиялық өзгерістер созылмалы энтеритте эпителияның регенерациялык процестерінің мүмкіндіктерінің бұзылуынан болады. Әуелі кезде созылмалы энтерит дамуында сілемей қабықтың атрофиясы болмайды. Қабынулык инфильтрат сілемейлік және сілемей қабығы астында орналасады, кейде бұлшықет кабатына жетеді. Ішек бүрлерінде көрнекті вакуольдык дистрофия, олар кыскарады, бір-бірімен бірігеді және оларда ферменттік қабілеттері төмендейді, осылай бірте-бірте созылмалы атрофиялық энтерит дамиды, ол одан әрі бүрлердің деформациясын, кысқаруын, вакуольдык дистрофиясын шақырады, жылауыктын кеңеюі жәнс ұңғылдар пайда болады. Сілемейлік қабық одан әрі атрофияға түседі, эпителияның ферменттік кабілеті төмендеген, қабырғалық асқорыту процесіне мүмкіндігі жок,.
Жиі кездесетін асқынулары; созылмалы энтеритке анемия, авитаминоз, остеопороз (сүйек тінінің семуі).
Колит — ток ішектің қабынуы. Өту ағымына қарай ол созылмалы және жедел болады.
Жедел колитті әлбетте шақыратын инфекциялык қоздырғыштар (дизинтерия, іш сүзегі және т.б.) немесе токсиндер, кейбір дәрілік заттар және т.б. Жедел колитте некрозға ұшыраған масса түсіп қалғанда катаральдық, фибриндік, флегмоналық, некроздық, ОЙЫҚ жаралык сипат алады.
Асқыну жедел колитте ойық жара пайда болумен байланысты, әсірссе жара тесілгенде қан кету пайда болады. Перитонит дамиды; парапроктит (тік ішек айналасындағы талшықтар кабынуы) одан .әрі парапроктиттік жыланкөз (тесік) жасалуына әкеледі.
Аяқгалауы. Жедел колит оған әкелетін негізгі ауруды емдегенде ушығуыгады.
Созылмалы колит: Даму механизміне карай созылмалы колит эпителия регенерациясының бүлінуі нәтижесінде, бірақ бұнда қабынулық көріністер бірге жүреді. Осыған байланысты ішек қызыл болып корінеді, ол гиперемияланған, қабырғаларына қан құйылған эпительиялары сыдырылған, бокал тәріздес жасушалар саны кобейген, крипт (ұңғылы) қысқарған. Ішек қабырғаларының оның бүлшықеттеріне дейін лейкоциттермен, эозонофилдермен, плазмалы жасушалармен, нейтрофильдік лейкоциттермен инфильтрацияланған. Біріншілік пайда болған колитте сілемейлік қабат атрофияланбаған ол бірте-бірте атрофияланған колитке алмасады және сілекей қабыктың склерозымен бітеді, оның қызметі әрекетінің токтауына әкеледі. Созылмалы колит минералдық зат алмасу бүзылыстарымен бірге жүреді, ішінара авитоминоз дамиды.