Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары


Ойық жара жасалуына көмектесетін факторлар



бет6/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
лекции

Ойық жара жасалуына көмектесетін факторлар, оған жататындар, кейбір дәрілік заттар (мысалы, аспирин), алкоголь, темекі шегу тек сілемей қабықты жарақаттап қоймай сонымен бірге тұз қышқылы мен гастрин сөлденуіне ықпал жасайды және асқазан микроциркуляциясына және трофикасына эсер етеді. Ойық жара дертінін морфологиялық көрінісі созылмалы рецидивтелген ойықжара болып табылады, ол өзінін пайда болып дамуында эрозиялык, және жедел ойык жара сатыларынан өтеді. Асқазан ойық жарасының ең жиі орналасуы — кіші иіні, антральдык немесе пилорустық бөлік, сонымен қатар асқазан тұлғасында. Асқазан сөлінің әсерінен сілемей қабықта некроз пайда болады — эрозия. Одан әрі асқазан кабырғасының көршілес жатқан кабаттары некрозға ұшырайды, акыры осының нәтижесінде эрозия жедел пепсиндік ойық жараға айналады. Бірте-бірте жедел ойық жара созылмалы түріне ауысады және диаметрі 5—6 см жетеді, әр түрлі тереңдікте болады Асқазанның созылмалы ойықжарасы, мүжілген кардиалдық және жазылған пилористік жиектерімен. Гематоксиленмен және эозинмен боялған. Созылмалы ойық жара жиектері биіктеп көтереліп, білікше пішін алады, қатаяды. Ойык жара түбі тыртықты дәнекер тін бұлшыкет үзінділері бар. Қан тамырлары кабырғалары қалыңдаған, склероздалған, тамыр іші тарылған. 3-сурет.

Асқазанның созылмалы ойықжарасы, мүжілген кардиалдық және жазылған пилористік жиектерімен. Гематоксиленмен және эозинмен боялған. Ойык жара ауруы өршуінде жара түбінде іріңді-некроздык экссудат пайда болады, айналасындағы тыртыктық тінде және склероздалған тамырлар қабырғаларында — фибриноидтық некроз. Некроздың өсіп көбеюімен байланысты ойыкжара тереңдейді және кеңейеді, тамыр кабырғаларының желінуінің нәтижесінде жара түбінде қанкету пайда болуы мүмкін. Аурудың қолайлы ағымында некрозға ұшыраған тіндер орнына бірте-бірте грануляция дамиды, ол одан әрі өсіп дөрекі дәнекер тін жасалады. Ойықжара шеттсрі өте қатайып, сүйелдене бастайды, жара кабырғасында және түбінде дәнекер тіннің өсіп жайылуы, тамырлар склерозы корнскті, осының бәрі қарын кабырғаларының канайналымын бұзады, сонымен бірге сілемейлік кедергі жасалу бүлінеді. Осындай коріністегі ойық жара каллеозда деп аталады.Үлтабар ойық жара әлбетте онын бұлтық бөлігінде орналасады. Ойық жара жазылғанда тін кетігі тыртық тінмен жабылады, ал бетінде өзгеріске ұшыраған эпителиймен жабылады. Осылай ұйымдаскан ойық жара орнында бездер болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет