Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет6/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Рауан 1992.– 207б.

  2. Пичугина Н.О., Айдашева Г.А., Ассаулова С.В. Дошкольная педагогика. Ростов на Дону, Феникс, 2004

  3. Болотина Л.Р., Баранов С.П., Комарова Т.С. Дошкольная педагогика. Москва, Академический Проект 2005

  4. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп. 1999. 133-150 б.



6-дәрісбаян
Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастың мектепке дейінгі педагог шеберлігіндегі маңызы.
Мақсаты: Педагогикалық процессте қарым-қатынастың рөлін түсіндіру
Дәріс жоспары:

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Қарым-қатынас стильдері

  3. Педвгогикалық қарым-қатынас түрлері

Педагогикалық қарым-қатынас жүйесінде дене қозғалысы мен ым-ишара дәлдігінің, әсіресе ол семантикалық қозғалысты, мәселен, мынадай сөздермен ауыстырғанда ерекше маңызы бар: «Тоқта», «кет», «иә», «жоқ», «сізден өтінемін», «тынышталыңдар» т.б.. Кейде бұл қозғалыстар сөзбен әрекет жасайды, кейде оларды толығынан алмастырады. Егер күнделікті тұрмыста мұндай семантикалық қозғалыстар өздігінен жетілдірілетін болса, кәсіптік қарым-қатынас жүйесінде олар саналы түрде меңгерілуі және барынша басқарылуы, педагогикалық толғанысты дәл жеткізуі тиіс, ол үшін дененің барынша икемді, әрі мәнерлі болғанын қажет етеді.
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру барысында К.С.Станиславскийдің «объектінің жан дүниесіне ену»деп атаған кезеңінің зор ролі бар.
Шындығына келгенде, мұның өзі коммуникацияның кез-келген актісінің өзіндік іздестіру процесі, өйткені белгілі бір мақсатта әрекет етер алдында, мәселен, педагог, лектор жаңа материалды баяндар алдында әуелі сыныпты, аудиторияны көзімен «шолып шығып», өзін алдағы қарым-қатынасқа жаңа материалды түсіндіруге іштей әзірлейді.
Тек осы кезеңде ғана аудиторияның жағдайына және балалардың материалды қабылдауының бүгінгі мүмкіндігіне қарай қолданылатын қарым-қатынастың күні бұрын ойластырылған амалдары түпкілікті түзетіліп,ақырғы рет нақтыланады.Осылайша педагог пен балалар қарым-қатынастың объект-субъектілеріне айналады.
Осы кезеңде,сондай-ақ басқа кезеңде де алдағы қарым-қатынас жасайтын жеке объектіні дұрыс қабылдаудың маңызы бар.
Педагогикалық қарым-қатынаста басқаның (баланың)толғаныс процесі мен сезімін жаңғырту күрделене түседі,себебі тәрбиеші балалар ұжымымымен жұмыс істейді,ал ұжымның эмоциалық толғаныс моделін жаңғырту әрқашанда қиынға түседі. Себебі, әрбір баланың жекелей және ұжымның тұтастай сезім ерекшелігін білуге тура келеді.Алайда бұл кезең өте маңызды,өйткені оның өзі қарыс-қатынасты меңгеруге мүмкіндік береді.Педагог сыныптағы көңіл-күй мен толғаныс туралы жалпы керісінше біле алады.Педагогикалық тәжірибекөрсеткендей, жекелеген балалардың хал-ахуалын бағдарлай білетін тәрбиеші,тұтастай сыныптағы эмоциялық көріністі де ойдағыдай жаңғырта алады.
Педагогикалық қарым-қатынастан көрініп отырғандай,тәрбиешінің балаларды түсіне білу проблемасы маңызды роль атқарады. Біріншіден, тәрбиешінің балаларды дұрыс түсіне білуі педагогтың сенімді шығармашылық жұмысын қамтамасыз етеді, әрине, мұның өзі баланың жеке басын дәл тани білу арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, баланың жеке басын дұрыс тани білу ұжымды және жеке адам арасындағы жағымды қатынасты тиімді қалыптастыруға ықпал етеді. Үшіншіден, дәлме – дәл және теңбе – тең жағдайдағы өзара түсінісушілікті өзі оқу әрекетін ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететіні сөзсіз. Оқу-тәрбие процесіндегі өзара түсінісушіліктің жалпы әлеуметтік – психологиялық жағдайы осындай.
Педагогикалық қарым – қатынастың келесі сатысы – ауызша қарым-қатынастәрбиешінің оқу материалын баяндауы. Бұл процес өте күрделі: педагог, мәселен, жаңа материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі «көрініс» жүйесін қоса баяндайды. К.С.Станиславский тәрбиешінің өзі айтып берген нәрсені объектіге тыңдауын, түсінуін ғана емес, ішкі көзқарасымен көре білуін де мәжбүр ету керек деген педагогикалық тұрғыдан маңызды міндет ұсынады.
Мәнерлі айқын сөз, анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі, баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу – осының барлығы кез-келген мамандықтағы педагог үшін өте қажетті. Өкінішке орай, бұл кез -келген тәрбиешінің қолынан келе бермейді, ал шындығына келгенде тек осының өзі ғана педагогикалық қарым – қатынас тиімділігін анағұрлым арттыра түседі. Бала пән туралы танымдық информацияны өз бетінше кітаптан ала алады, алайда осы материалды эмоциялық баяндау тұрғысынан дұрыс қарым - қатынасты ұйымдастыру арқылы бейнелі түрде елестете білуді тек адам ғана жүзеге асыра алады, ал мұндай адам тәрбиеші болуы тиіс, әрине, материалды елестете білуде тәрбиешінің бейнелі ой өрісі, оның педагогикалық қиялы зор рөл атқарады.
Педагогикалық қарым – қатынас жүйесінде педагог сөзді тек үн емес, Станиславскийдің сөзімен айтқанда «бейне қоздырғышы». Мұның өзі педагогикалық еңбек шеберлерінің қызметінде, қай пәнде болмасын, жақсы сезіледі.
Бейнені елестете білу В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән.Ол «құлақпен қаншалықты естісең,көзбен де соншалықты көре білу керек»деген болатын.Біздің тілімізде таңдау деп атап көрсетті Станиславский, не туралы айтылса соны көре білуде, ал айту-бейне суретін көзге елестету.Әріптесіңді өзің көргендей етіп елестетуге мәжбүр ету,ол-сөйлеу техникасының негізі деп үйретті.Алайда осы бейнені басқаға жеткізу үшін, ең әуелі әрине өзің елестете білуің қажет.Біздің санамызда ішкі ассоциациалық бейненің-көру және естудің-үздіксіз тізбегі пайда болып отыруы тиіс.Бұл, К.С.Станислвский терминологиясы бойынша, «ішкі көріністі елестету» және «ішкі сыбысты есту» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет