Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет8/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы:Рауан 1992.– 207б.

  2. Пичугина Н.О., Айдашева Г.А., Ассаулова С.В. Дошкольная педагогика. Ростов на Дону, Феникс, 2004

  3. Болотина Л.Р., Баранов С.П., Комарова Т.С. Дошкольная педагогика. Москва, Академический Проект 2005


13-дәрісбаян
Тақырыбы: Педагогтік техника (дауысы, дикциясы, сөйлеу мәнері, киім үлгісі, балалармен қарым-қатынасы)– педагог шеберлігінің негізгі элементтері.
Мақсаты: Педагогтың стиліне қойылатын талаптар-педагог шеберлігінің негізгі элементтері екенін түсіндіру.
Дәріс жоспары:

  1. Технология ұғымына анықтама

  2. Педагог стилі

  3. Педагогтік техника

«Технология» деген сөздің түп тамыры гректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп + logos – ғылым, білім деген сөздерден шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдепр жиынтығы немесе білім немесе шеберлік туралы ғылымды білдіретін сөз пайда болады, мысалы, металдар технологиясы, экологиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б.
Технология өндіріс процесінде ұйымдастырудағы теориялық білімнің практикада қолдануы ретінде бұрыннан дамуы және ол өндірістің өзінің пайда болуымен бірге туды. Технология өндіріс процестері туралы ғылым ретінде негізінен ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қалыптаса бастады және ол ең алдымен материалдық өндіріс саласына қатысты болды. Осылайша қолданбалы технологиясы кейін тігу және жасау т.б. технологиясы, ағашты өңдеу технологиясы, металды өңдеу технологиясы, ағашты өңдеу ғылыми пәндер пайда болып дамыды.
Көрсетілген қолданбалы ғылыми пәндер дамып және қалыптасу жаңа энергиялар мен материалдарды ашу одан да жалпы күрделі, былайша айтқандай, ғылымның ашылуы технологияларды жасауға әкелді, олар қол еңбегі жұмысының төмендеуіне бағытталған шикізаттар мен энергияларды үнемдеуге, өнімнің өз құнының арзандауына әкелді. Сондықтан материалдық өндіріс саласында ескірген технологияларды күрделі технологиялық саймандармен жүзеге асырылатын прогрессивтік артықтау жақтарымен ауыстыру процесі үздіксіз жүруде. Яғни, жаңа технологиялар ең соңғы күрделі құрал мен жаңа энергиялардың түрлерін қолданған нақтылы материалдық өндіріс саласында еңбек пәні туралы ғылыми мәліметтерге негізделеді.
Педагогикалық технологиясының білім беру саласындағы басқа бір бағыты – оқу материалдарын талдау технологиясына, тәрбиеші мен балалардың (Т.А. Ильина) оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға арналған. Яғни, педагогикалық технологияның тәрбиешідар мен балалардың аз күш жұмсап, тиімді нәтижелерге жетудің әдістері мен ұтымды принциптерін анықтауға бағытталғаны қарастырылады. Педагог шеберлігінің құрылымында педагогтік техникаға негізгі орын беріледі. Педагогтік техника - дегеніміз жеке оқушы мен жалпы ұжымға педагогтік әсер ету әдістерінің жүйесін тиімді пайдаланудағы іскерлік пен дағдылардың бірлігі. Педагогтік техника негіздерін меңгеру – технологиямен қарулануға қажетті щарт. Бұл жөнінде А.С.Макаренко: “Мен “бері кел” деген сөйлемді 15-20 рет түрлендіріп айтуға және дене қимылыммен, бет әлпетімдегі қимылдарды, ым-ишараны, дауысымды 20 түрлі етіп өзгертуге үйренгенде ғана нағыз шебер болдым”,-дейді. Педагогтік техниканы меңгеруде тәрбиешінің қалыптасқан сөйлеу мәдениетінің жетілуінің маңызы зор.
Педагогтік техниканың құрамына:

  • Тіл мәдениеті, сөзді орынды пайдалана білуі, сөйлеу шеберлігі;

  • Тәрбиешідың сырт бейнесі, киім киюі, өзін-өзі ұстау мәдениеті;

  • Бет құбылысы, ишара, ыммен, қимыл-қозғалыстар арқылы өзінің сезімін, қатынасын көрсете білуі;

  • Ішкі жай-күйін, сезімдік көңіл – күйін, мінез-құлқын игере білуі, өзін тежей алуы, қажетті жерінде педагогикалық ашу-ызаны пайдалана білуі;

  • Қарым-қатынас жасай білу қабілеттілігі;

  • Балалардың іс-әрекетін, қызметін, ұжымдық шығармашылық ізденісін ұйымдастыруы;

  • Тәрбиешілік сезімталдық, интуиция, шығармашылық, өрлеу, батылдығы, сергектігі;

  • Дауысты билей білуі; дауыс ырғағы, әуені;

  • Сөйлеу мәнері, мәдениеті;

  • Тәрбиеші сөзінің қарқыны, күші.

А.С.Макаренко: “ Мимиканы меңгермеген, өз көңіл-күйін тежей алмайтын және бет әлпеті арқылы сезімін білдіре алмайтын адам жақсы тәрбиеші бола алмайды. Тәрбиеші ұйымдастыра және қалжыңдай алатын, ашулана және қуана алатын болуы керек. Тәрбиешінің әр қимылы тәрбиелейтіндей болуы керек және сол сәтте керек немесе керек емес нәрселерді нақты білуі керек ,-дейді”. Педагогтік техниканың түрлі іскерлік пен дағдыларын бір топқа біріктірсек, онда мынадай құрылым шығады:

  • мимика және пантомимикамен берілген тілдік қатынас іскерлігі;

  • өзінің психикалық жағдайын басқара білу;

  • тәрбиеленушінің ақылы мен сезіміне әсер ететін, қоршаған ортаға деген эмоционалдық-құндылық қатынас жөніндегі тәжірибені беруге мүмкіндік беретін актерлік-режиссерлік іскерліктер жиынтығы.

Педагогтік техникадағы іскерліктер мен дағды ерекшеліктері балалармен тікелей қарым-қатынас барысында көрінеді.
Осыған орай тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмысының сара жолдарын, табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет