Пайдаланған әдебиеттер: 1. Кравцов Г.Г., Кравцова Е.Е. Шестилетний ребенок: Психологическая готовностъ к школе.– М., 2003.
2. Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Просвещение, 2001.
3. Балбөбек бағдарламасы – Алматы, 2000.
9-дәрісбаян Тақырыбы: Болашақ мектепке дейінгі педагогтың кәсіби біліктілігін арттыру Мақсаты: Тәрбиешілерді біліктілігін арттыру түрлерімен таныстыру Дәріс жоспары: Кәсіби біліктілік тәрбиеші үшін маңызы
Тәрбиешілік қызметте кездесетін қиындықтар
Тәрбиешінің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқышулардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Тәрбиешінің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау қажет:
Бірінші мәселе- тәрбиеші қызметінде тәрбие беру мәселесі;
Екінші мәселе –дидактикалық даярлығын арттыру.
Еліміздің жоғарғы оқу орындарында тәрбиеші даярлауда жетілдіру бағыттарын талдай келе, біз мынадай қорытындыға келдік: тәрбиеші –даярлауды жетілдіру барысында бірнеше бағыт анық байқалады.Дәстүрлі педагогика үшін олардың ең негізгі -әлеуметтік сұраныстың өсуіне сәйкес тәрбиешінің жеке тұлғалық мінез-құлықтарын, қоғамдық тәрбие саласындағы мақсатты талаптардың өзгеруімен қатар тәрбиешінің жеке тұлғалық мінез –құлықтарын, қоғамдық тәрбие саласындағы мақсатты талаптардың өзгеруімен қатар тәрбиешінің тәрбиелік жұмысын қажетті дағдылар, мүмкіндіктер, білімін ауқымын анықтау тәрбиеші даярлаудың мінсіз нәтижесін усынудың мінсіз нәтижесін ұсынуды көптеген нұсқалары жинақталған. Маман моделі, кәсіптану, кәсіби паспорты, біліктілік сипаттамалары. Мұндай өлшемдік бейне тәрбиеші даярлау мақсатында қызмет етіп, оның бағдарламасын айқындайды.
Педагогикалық қызметті, оның құрылымдарын, міндеттік бөлшектерін, жүйелік ұйымдастыру қағидаларын зерттеу мәселесін қамтитын басқаша бағыт саласында маңызды теориялық және тәжіриебелік мәліметтер баршылық. Демек, бұл жерде ғылыми білімдерді теңестіріп кезеңін көрсететін мәліметтердің жеткілікті көлемде жинақталатын айтуға болады. Тәрбиешінің еңбекке деген ықыласы, өмірлік көзқарасы, кәсіби бағыты сияқты жеке жиналық сапалық мінезін зерттеу және іздестіруді сипаттайтын қарсы үрдістегі пікірлер де жоқ емес. Педагог даярлауды бір қалыпқа тусіру идеясы жинақы түп негіз білімдер мен дағдыларын іздестіруге ынталандырады.
Мақсатты және бағдарламалық –мақсатты тәсілдерді дамыту педегогикалық оқу орындарының тәрбиешінің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажеттіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған болашақ тәрбиеші тәрбиеші жұмысының, мазмұндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, қажеттті және сілтеме мәліметтерді таңдап алу негізінде жүргізілу қажет.
Дидактикалық даярлықты қалай тусіну керек.Бұл-күрделі ұғым. Тәрбиешілердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдер, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндектерін,нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықтың белгілер деуге болады.Осыған орай, педагогикалық қызметті артқаруға қажет тәрбиешінің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.
Болашақ тәрбиешілердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру қажет.Соңғы курстың студенттері мен тәрбиешідер арнаулы пәндермен алған білім, дағдыларының сапасымен деңгейі психология, педагогика әдістемелік пәндеріне қарағанда жоғары екенін айтады.
Арнайы жүргізілген зерттеулерге және мектептегі оқыту тәжірибесіне қарағанда, оқуды жаңадан бітірген тәрбиешілердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс-әрекетінен байқалады:
- Тәрбиешілік қызметтің мазмұнымен құрылымдық жағына байланысты іс -әрекетінде.
- Тәрбиешілердің танымдық әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде.
- Дарынды балалармен, үлгермейтін оқышулармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде.
Тәрбиешілердің тәрбиешілік қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін жете меңгере алғандықтарын өмір көрсетіп отыр.Оған мыналар жатады:
-тәрбиешілік қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;
- білімнің мазмұнын игеру ісі;
- балалардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау ісі;
- балалармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі;
- тәрбиешілерді білімге ынталандыру,қызықтыру іс-әрекеті;
- тәрбиешілердің білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті;
Тәрбиешілер қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:
-Оқыту үрдісінде балалардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;
-Дарынды балалармен және үлгермейтін балалармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.