Семинарды ұйымдастыру шаралары. Алдын-ала аудандар мен ауыл тәрбиешілеріне семинардың өткізілуі туралы аудандық, қалалық білім беру бөлімдеріне қатынас-хат жөнелту.
Семинарды балабақша конференция залында өткізу туралы балабақша әкімшілігімен келісім жасалынды. Әкімшілігіне ұйымдастыру шаралары бойынша нұсқаулықтар беріліп, семинарға қатысушылар үшін түскі ас дайындауға келісім жасалынды. Сонымен қатар, қалалық білім ошақтары оқушыларының қатысуымен семинардың қорытындылау кезеңіне сазды бағдарлама дайындалды.
Семинарды қорытындылау. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің бас маманы Төлеубекова З., педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері Максутова М.Ж. семинардан алған әсерлері және ойларымен бөлісті. Семинарға қатысушылар кәсіби тұрғыдан пікір алмасуға жағдай жасалынды. Баяндамашылардың жадығаттарын қатысушылар әдістемелік қоржындарына көшіріп алды. Әдіскер Тоқанова Г.Қ. «Білімді ұрпақ-біздің болашағымыз» атты әдістемелік әзірлемесін таратты.
Қалалық білім беру бөлімінің маманы Шакенова Р. мультимедиялық техникаларымен жабдықталуы туралы мәліметтер беріп, оларды оқу үрдісінде тиімді қолдану, шәкірттеріміздің игілігіне айналдыруға ат салысуға шақырды, семинарға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, семинар жұмысына өз бағасын берді. Ақпараттық құралдар мен технологиялардың тек білім беруді оңтайландыратын оқыту құралдары екендігін, педагог жұмысының тиімділігін арттырып, ал оның рөлін алмастыра алмайтындығын атап өтті.
Семинарды ұйымдастыру және өткізу туралы жалпы қорытындылар:
- Семинар құрылған бағдарлама бойынша өтті. Оның жұмысына қатысушылар оң баға берді.
- Баяндамалардың мазмұны белгіленген тақырыптарға сай болды, тек ішінара ашылмай қалған тақырыптар да болды.
- Семинар барысында айтылған мәселелер бойынша жұмыстарды жалғастыру, курстар ұйымдастыру, қатысушыларға семинар жадығаттарын аудандарда насихаттау туралы ұсыныс түсті.