Балабақшада оқыту және тәрбиелеу Программасы. А.М.1992.
История дошколъной педагогики в России / Под редак. С.Ф.Егорова. Хрестоматия. Москва, Академа, 1999
Козлова С.А. Куликова Т.А. Дошколъная педагогика – М.: Академия, 2002
7-дәрісбаян Тақырыбы: Тәрбиеші еңбегіндегі адамгершілік қарым-қатынастың алатын орны. Мақсаты: Студенттерді тәрбишенің адамгершілік қасиеттерімен таныстыру. Қарым-қатынастың іс-әрекетіндегі рөлі Дәріс жоспары: Коммуникативтіліктің тәрбиеші өміріндегі маңызы
Мотивациялық қарым-қатынас
Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Моральдық жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамның қимыл әрекеттерін, қарым-қатынасынан шығады. Қарым-қатынас дегеніміз-саналы адамдардың бірлескен әрекетіндегі, бір-бірімен байланыс жасайтын психологиялық форма және байланыс барысында сана мен өздік қалыптасуы. Қарым –қатынас үш жақты болады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Коммуникативтік – адамдардың бір-бірімен пікір, хабарлама- жарнама, информация алмасуы. Интерактивтік – адамдардың бірлескен іс-әрекетіндегі бір-біріне әсер етуі. Перцептивтік- қарым-қатынаста адамдардың бір-бірін қабылдауы.
Адамдардың «іс-әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын түрлері:
материалдық қарым-қатынасы- іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу;
Мотивациялық қарым- қатынасы – қызығушылық, мақсатты, қажетті;
Когнетивтік қарым-қатынасы-адамның психологиялық физиологиялық жағдайы;
Әрекеттік қарым-қатынасы – көз қарасты білдіру, хабарлама беру.
Адамдардың бірлескен іс-әрекетіндегі қарым – қатынас мақсаты – деп адамда белсенділіктің пайда болуының себеп салдарын айқындайды. Қарым-қатынас мақсаты екіге бөлінеді: биологиялық – көңіл қажеттілігін орындау және әлеуметтік – пікір алмасу. Ал, адамдар арасындағы қарым – қатынас мазмұны ішкі және сыртқы себептерге байланысты болады. Ішкі себептер деп эмоциялық жағдайларды, ал, сыртқы себептер деп қоршаған ортамен хабар алмасуды айтамыз. Қарым-қатынас бүгіндей бір әлеуметтік психологиялық жағдайларды қарастырады. Сухомлинский айтқандай, «Адам баласының сан қилы, мың салалы жолмен дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен түсініп, сыйлап, негізгі ойымен ұштастыра білуі». Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түсінбеушіліктің, түрлі қайшылықтардың болуы, дұрыс қарым- қатынас жасай алмауынан. Ғұлама, философ Әл-Фараби өз еңбектерінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі адам деген ардақты атты алып журудің өзі бақыттылық дегенді айтады. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б. өз еңбектерінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда қарастырған. А.Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі–адамгершілік мәселесіне тоқталған.
Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің обьективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті ,қарым-қатынасы, көз қарасы арқылы сипатталады. Адамгершілік -әлеуметтіктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы – адамның рухани байлығы мәңгілік .Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі-адамдардың бір-біріне, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы. Ал адамгершілік қарым-қатынас дегеніміз не?
Адамгершілік қарым-қатынас тәрбиешінің жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетке дайындау барысында мораль талаптарына сай әсер етуі.
Адамгершілік қарым-қатынас төмендегідей жүйелерге бөлінеді:
тәрбиеші – бала жүйесі;
тәрбиеші - балалардың ата-анасы жүйесі;
тәрбиеші - әріптестері жүйесі;
тәрбиеші - әкімшілік жүйесі
Адамгершілік қарым-қатынас «Тәрбиеші – бала» жүйесі маңызы жағынан жетекші роль атқарады. Тәрбиешінің балаларға деген мейірімді, достық қарым-қатынасы балалардың тәрбиешіге деген сенімін арттырады. Бұл сенімділік оқу-тәрбие процесін жеңілдетеді. Тәрбиешінің әсері нәтижесінде бала бойында жағымды мінез-құлық қалыптасады. Сонымен қатар, тәрбиешінің еңбекке деген көзқарасынына әсер етіп, тәрбиеші еңбек нәтижесіне қанағаттануы мүмкін, немесе қанағттанбайтын міндетіне айналады. Бұл жөнінде В.А.Сухомлинский: “мектеп - әлемде болатын ең күрделі қарым-қатынас орны. Күрделі дейтін себебім, адамның ұлы, көңілді, қиын, жан қиналатын еңбек нәтижесін көруге болады”,-дейді.