Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет2/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мектепке дейінгі педагогика. В.И.Ядэшко., Ф.А.Сохин. Алматы., Мектеп-1996.
2. Дошколъная педагогика. В.И.Логинова., В.Г.Саморукова. М.П.1999.
3. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу Программасы. А.М.1992.
4. История дошколъной педагогики в России / Под редак. С.Ф.Егорова. Хрестоматия. Москва, Академа, 1999

2-дәрісбаян
Тақырыбы: «Педагогикалық артистизм» пәніне жалпы сипаттама.
Мақсаты: Студенттерді педагогтың тұлғасымен таныстыру, педагогқа қойылатын талаптырды қарастыру
Дәріс жоспары:

  1. Педагогикалық шеберлікке жету педагог қолынан келетін іс.

  2. Педагогикалық қабілет

Л.Н.Толстой педагогта болатын негізгі қасиет – педагогтық еңбек және балаларға деген сүйіспеншілік деп санады. Осының үстіне педагогтық шеберліктің қалыптасуы қажет деп есептеді. Егер педагог педагогтық істі сүйсе, ұнатса ғана жақсы педагог болады. Балаларды ата-анасы сияқты сүйетін педагог барлық кітапты оқыған, бірақ педагогтық істі және балаларды сүймейтін педагогнен әлдеқайда биік тұрады. Егер педагог педагогтық істі де, балаларды да сүйетін болса, одан өте жақсы педагог шығуы мүмкін деп қорытты.


А.С.Макаренко педагогтік шеберлік тек талантты адамға ғана тән табиғи қасиет емес деп есептей отырып: “Шеберлікке жету әрбір педагогнің қолынан келетін іс. Оған қол жеткізу педагогтың өзіне, яғни оқу-тәрбие процесін анық білуіне байланысты. Мен өз тәжірибемде көзім жеткені педагогтік шеберлік мәселесін кәсіби іскерлікке негізделген біліктілік пен білім шешеді. Ал педагогтік шеберлікке жету, немесе жетпеу әрбір педагогтің өзіне байланысты.”
Ы.Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде педагогтар ролінің айрықша зор екенін ескертті. Ол өзінің бір хатында: “Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі де көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін... халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы мен оқу жұмысын ұйымдастырудағы оның шеберлігі”,-деп педагогнің мамандық шеберлігіне зор мән берген.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай шебер педагог талантты педагогтардан шығады. Нағыз талантты педагогтар онша көп емес. Жалпы барлық саладағы сияқты педагогтық істе де талант сирек кездеседі. Әрбір педагог талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері бола алады және болуға тиіс. Шебер педагог қандай сапалармен ерекшеленуі тиіс.
Біріншіден, көп білетіндігімен. Қазіргі уақытта бір жүйедегі жаттанды әдіс-тәсілдермен өткізілетін сабақ, оқулық шеңберінен шықпау педагогтің беделін түсіреді. Ең бастысы – терең эрудиция, есеппен жүру, мәдениеттілік, көп қырлылық. Шебер педагог балалар ойын оятып, кез-келген сұраққа ерекше жауап тауып отырады. Шебер педагог балабақшада жұмыс жасауға жағымды жағдай туғыза біледі, оқу-тәрбие процесінің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері мен технологияларын дұрыс қолдана біледі. Педагог шеберлігінің келесі бір маңызды көрсеткіші балалардың ойлау белсенділігін, өз бетінділігін, қабілетін, іскерлігін арттыру.
Шебер педагогтің келесі бір жақсы сапасы – бұл оқу процесінде әртүрлі тәрбие жұмысын тиімді өткізуі, яғни балалардың іскерлік, дағдыларын, дүниетанымын, қазіргі әдеби талғамын, адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштіктігін, өзбетінділігін қалыптастыра білуі. Шебер педагог сабағында жағымды эмоциялы жағдайды қалыптастыра отырып, қызықты мысалдар, әділ, орынды ескертулер, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуі керек.
Көптеген әдебиеттерге теориялық талдау жасау барысында педагогге қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екенін айғақталды.
Алғашқы талап –педагогикалық қабілеттіліктің болуы –балалармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен, балаларға сүйіспеншіліктен, олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту,сурет салу,балаларды ұйымдастыру және т.б. нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.
Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынандай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

  1. Ұйымдастырушылық қабілет. Педагогтің балаларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.

  2. Дидактикалық қабілет. Оқу материалын көрнекілік, құрал- жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттілектердің дамуын ынталандыру, оқу танымдық белсенділігін арттыру және т.б.

  3. Рецептивтік қабілет. Тәрбиеленушілердің рухани әлеміне ене алу, олардың эмоционалдық көңіл-күйін обьективтік бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.

  4. Коммуникативтік қабілет. Педагогтің балалармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар орната алу білігінен байқалады.

  5. Суггестивтік қабілет. Балаларға эмоционалды – еріктік ықпал жасаудан көрінеді.

  6. Зерттеушілік қабілет. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және обьективті бағалау білігінен көрініс береді.

  7. Ғылыми танымдық қабілет. Педагогтің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгерудегі қабілеттеріне саяды. Педагогтар арасында қызығушылықтар мен рухани қажеттілектердің дамуын ынталандыру, оқу танымдық белсенділігін арттыру және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет