Диалектиканың заңдары мен категориялары. Заң - құбылыстарда кқрінетін құбылыстық түрде іске асатын мән. Сол себептен мән заңдық деңгейде құбылыстардың белгілері, айқындықтары. Заң дегеніміз - құбылыстардың арасындағы жалпы, қажетті, тұрақты, маңызды, қайталанып отыратын байланыс.
Дамудың диалектикалық тұжырымасының мәнін ашатын үш заңы. Олар: қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі, мөлшер және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы, терістеуді терістеу.
Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары дамудың және өзіндік дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді. Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы, мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік пен шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық арасындағы диалектикалық өзара байланыстар жатады.
Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы тұжырымдалады, олар арқылы өзінің бай мазмұнын анықтайды. Мысалы, мөлшер және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңында мөлшер, сапа, өлшем, секіріс сияқты категориялар әрекет етеді.
Категория - дүниені танудың сатылары мен формалары. Диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категориялар жүйесіне тоқталайық. Жекеше, өзгеше, жалпы. Затттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән қайталанбайтын ерекшеліктері жекеше деген ұғымды білдіреді. Көпше дегеніміз-белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызы ұқсас белгілер жиынтығы. Қамту ауқымы өте кең көлемді көпшені жалпы деп атайды. Өзгеше деген категория жекеше мен көпшенің арасындағы диалектикалық байланысты білдіре отырып, осы екеуінің арасындағы дәнекерлік қызметті атқарады.
Себеп дегеніміз-екінші бір құбылысқа себепші болатын, оны туғызатын құбылысты белгілейтін философиялық категория. Салдар дегеніміз-себепьтің әсер ету нәтижесі, себеп туғызған құбылысты белгілейтін философиялық категория. Себептерді білу – ғылыми болжамның негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |