Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырыптың қысқаша мазмұны



бет24/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): ХХ ғасыр-ғылыми техникалық революция дәуірі. Қазіргі заман философиясы. Осы ағымдардың көрнекті өкілі - неміс философы Шопенгауэр Артур /1788-1860ж.ж/ Оның еңбектері: «Әлем-жігер және елестету ретінде», «Табиғаттағы жігер туралы», «Афоризмдер мен максималар». Оның пікірінше, таным процесі езіндегі біздің қарастырып, шын мәніндегі денелер емес, тек субьектімен байланыстағы обьект немесе елестету ғана. Шопенгауэрдің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих /1844-1900/ ары қарай дамытып, өзінің «билікке ұмтылған жігерә деген концепциясын құрды. Ницшенің пікірінше, өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы басты себептердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп дарвиннің «өмір дегеніміз күрес» заңын алды.

Ницшенің ілімімен үндес және сабақтас ілімді австриялық психиатр-невропотолог, ақыл еместіктің өкілі философ Зигмунд Фрейд /1856-1939жж/ ұсынды. Ол философияда психоанализ ілімінің негізін салды. Бұл ұғым гректің екі сөзінен «psyhe» - жан, «Anaiycis» - шешім туындаған. З. Фрейд сананы мүлде жоққа шығармайды. Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» екенін пайымдайды. Ол тағы да екі түрлі сана құрылымын мойындайды: бірі - «шектен тыс мен» (superego), екіншісі – «ол» (id) саналы еместіктің микродүниесі.

ХХ ғасыр-ғылыми техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми-техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды (лат. schentic - ғылым). Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Оны уағыздағандар Эрнст Мах /1938-1916/, пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус /1843-1896/ болды. Ресейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов /1873-1928/, В. Базаров /1874-1939/.

ХХ ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм. Негізгі позитивизм – «дұрыс пікір» (лат.positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті. Біріншісі ХІХ ғасырда 30-40 жылдары қалыптасқан оның бастамасын салған Огюст Конт /1798-1857/ және Джон Стюарт Милль /1806-1873/, Герберт Спенсердің /1820-1903/ позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Неопотивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э. Мах, Р. Авенариус, Богданов, базаров) ілімдерімен байланысты. Позитивизмнің үшінші түрі - неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол ХХ ғасырдың 20 –жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Б. Рассел /1872-1970/, Л. Витгенштейн /1889-1951/, Морис Шлик /1882-1936/, Рудольф Карнап /1891-1970/, А. Айер /1910-1989/, Отто Нейрат, Филип Франк. Олар өздерінің ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондықтан әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек категориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі – эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру қажет. Біріншісі сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фальсификация деп атайды. Неотомизм- осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тараған философиялық ілімдердің бірі (Ж. Маритен, Э. Жильсон, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейсер, Г. Гундлах , Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский). Негіхін салған Әулие Августин және Фолма Аквинский. Неотомизм ілімінің бастау түсінігі - болмыс. Неотомистер табиғаттың барлық құбылыстары материя мен формадан(түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қрағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (гиле - материя, морфа – форма) уағыздайды. Этикалық мәселерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның «таза және жетілген» болмысқа – құдайға дейін жоғары көтерілуі. Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған –ХХ ғасырдың 20 жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет