Дәріс Кіріспе дәріс Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді



бет4/8
Дата28.02.2023
өлшемі98,21 Kb.
#70430
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Азия африка

Дәріс 4. Жаңа дәуірдегі Жапония.



  1. Әлеуметтік-экономикалық дамуы

  2. Саяси дамуы

  3. Шаруалар қозғалыстары

ХҮІІ ғ. басында (1603) Жапонияда билікке Токугава сегунатының билігі орнады. Осы уақыттан бастап олар ел билігін толықтай өз қолдарында ұстап, билік басында 250 жылдан артық отырды. Сегундар тұсында императорлар шынайы биліктен біржолата аластатылды. Токугавалар өз блігін күшейту мақсатында елдің ең ірі қалаларына, маңызды кен орындарына, сыртқы саудаға қатаң бақылау орнатты. Токугавалар сондай-ақ княздерьді өз бақылауында ұстауға тырысып, кепілдік жүйесін енгізді.


XVII ғ. 30-шы жж. Иэмицу Токугава үкіметі Жапонияны сыртқы әлемнен оқшаулау мақсатында бірқатар шаралар іске асырды. Елден еуропалықтар қуылды және христиан дініне тиым салынды. Елге бірде-бір шетел кемесі келуіне өлім жазасы арқылы тиым салынды.
Елді жабу саясаты биліктің Жапонияға европалықтардың енуінің алдын алу үшін, және ескі феодалдық тәртіптер мен дәстүрлерді өзгеріссіз сол күйінде сақтау мақсатында жүргізілді. Елдің жабылуынан кейін Жапонияның Европа елдерімен саудасы тоқтатылды. Тек голландықтарға және жақын көршілері – Қытай және Кореямен ғана сауда байланыстары сақталды.
Жаңа дәуірдің басында Жапонияда қатаң түрдегі сословиелік жүйе сақталды. Барлық халық 4 сословиеге бөлінді: әскерилер, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер.
Сарай қызметкерлері, дін қызметкерлері, дәрігерлер мен ғалымдар, сондай-ақ ең лас жұмыстармен айналысатын кесапаттар сословиелерге кірмеді. Сословиелік жүйеде қатаң иерархия сақталды, ең жоғарғы сословиеге самурайлар кірді, сонымен бірге оған ең жоғарғы әскери қолбасшылар, князьдер, бай феодалдар, қарапайым жауынгерлер, шенеуніктер кірді.
XIX ғ. ортасына дейін Токугава Иэясу (1542-1616) қалыптастырған сегунат тәртібі елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп тұрды. Токугавалық Жапонияның саяси және әлеуметтік жағдайының бастапқы кезеңдегі жоғарғы дәрежедегі тұрақтылығы ең алдымен, оның географиялық жағынан басқа әлемнен оңаша орналасуымен байланысты болды, мұның өзі 1853 жылға дейін оған әскери-саяси қысым болмауын қамтамасыз етті; екіншіден, халық санының өсу қарқынының төмен жағдайы; 3. әскери-саяси құрылымда Токугава кланының үстемдігі сақталуы және оны жапон қоғамының барлық топтарының жалпы мойындауы, осының арқасында ХІХ ғ. 60-шы жж. дейін саяси тұрақтылық сақталды.
Алайда, Токугавалар тұсында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірте-бірте әлсірей бастады. XIX ғ. басына қарай елдің басты мәселесі қаражаттың тұрақты түрдегі тапшылығы болды, қаражат сегун үкіметінің (бакуфу), қолында да, дербес князьдіктер үкіметтерінің қолында да тапшы болды. Бакуфу қазынасының толығуының негізгі көздері өз жеке иеліктерінен түсетін жер салығы болды (астықтың 35-40 пайызы), сондай-ақ алтын, күміс пен мыс өндіруден түсетін табыстар болды, алайда ол үнемі қысқарып отырды. 1700 ж. кейін бакуфудың жылсайынғы салық түсімі 600 мың. коку күріш және 800 мың рё ақшалай салық болды. 1834-1836 жж. аралығында бакуфудың жылсайынғы бюджеттік дефициті 587 мың рёні құрады.
Бюджет тапшылығының себертері өте көп болды. Соның бірі үстемдік етуші сословиенің шектен тыс қаржы шашуы. Бұл шығындар князьдердің көп уақытын өз иеліктерінде емес, Эдо қаласында, яғни сегунаттың орталығында өткізуге мәжбүр болуымен байланысты болды. Ірі даймелердің отбасылары үнемі, ал өздері әр екінші жыл Эдода тұруға міндетті болды. Бір жылы Батыс княздіктерінің даймелері, ал екінші жылы Шығыстағы князьдіктердің даймелері астанада тұрды. Даймелердің өз билініне бағыныштылығын сегундар осындай жолмен қамтамасыз етті, мұны Санкин котай жүйесі деп атады. Ақсүйектердің Эдода болуына байланысты онда салтанатты жиындар, той-томалақтар үздіксіз өтіп отырды. Даймёлердің Эдода бірнеше, тіпті онға дейін үйлері болған екен. Бакуфу даймелерді тізгіндеп ұстауға тырысты, бірақ ол нәтиже бере қоймады. Князьдердің астанада тұруына ХҮІІІ-ХІХ ғғ. бакуфу мен князьдіктер қазынасынан 70 пайыз шығын жұмсалған екен. Сондықтан бұрынғы кішкентай ғана балықшылар ауылы болған Эдо қысқа ғана уақыт ішінде 1 млн халқы бар аса ірі қалаға айналды. Санкин котай жүйесін өз кезінде Жапонияның атақты философтары Кумадзава Бандзан (1619-1691), Огю Сорай (1666-1728), Муро Кюсо (1658-1734), Накаи Тикудзан (1730-1829) қатты сынға алды, олар сегунға жазған хаттарында аталмыш жүйені реформалау арқылы мағынасыз шығындарды жою қажеттігін көрсетті.
Санкин котайға кеткен шығындармен шамалас боп келетін шығындардың келесі бабы өз жер иеліктері жоқ, бекітілген стипендиямен өмір сүретін самурайларды асырауға жұмсалатын шығын болды. Самурайлар халықтың шамамен 5,7-10% құрады, тіпті кей князьдіктерде олардың үлесі 40%. дейін жетті. Олардың көпшілігі өз әлеуметтік статусына байланысты ешқандай еңбекпен айналыспады. Самурайларды асырауға бакуфу жылсайынға табыстың жартысына жуығын жұмсады. Князьдіктер өз шығындарын азайту үшін самурайлар ақысын үнемі қысқартып отырды, соның салдарынан самурайлардың төменгі бөліктері кедейленіп кетті. Бұл көпестердің, қолөнершілердің, тіпті шаруалардың табыстары өсуі жағдайында орын алды. Өйткені феодалдық үкімет қарқынды түрде дамып жатқан сауда мен қолөнерден тұрақты салық жинауды бекітпеді, тұрақты салық тек жер салығы болды, осыған байланысты шаруалардың бір бөлігі жер шаруашылығын тастап, үй қолөнерімен айналысуға көшіп отырды. Оның үстіне, XVII ғ. бастап алтын мен күмісті игеру күрт қысқарып кетеді. Көптеген тауарлардың бағасы күріштің бағасына қарағанда қымбаттап кетті. Ең ақырында, XVIII ғ. аяғынан бастап батыс державаларының белсенділігінің артуы жағалаулық қорғанысты күшейтуді талап етті, мұның өзі әскерилердің мойнына артылды.
Осы қалыптасқан күрделі жағдайдан шығу бакуфудың және жекелеген князьдіктердің ішкі саясатын анықтады. Қажетті қаражатты жинаудың ең қарапайым жолы Осака мен Киото саудагерлерінен қарыз алу болды, алайда, бұл жолдың болашағы жоқ еді, өйткені XVIII ғ. ортасына қарай, көпшілік князьдіктердің өздері де өз князьдіктеріндегі саудагерлерге қарызға белшесінен батты. Мысалы, сегуннан кейінгі орында тұрған аса бай магнат Кага князьдігі даймесінің 1785 ж. 2 млн. рё, қарызы болған екен, мұның өзі оның жылдық табысынан 3-4 есе көп болды. 1840 ж. қарай даймёлардың Осака саудагерлеріне жиынтық қарызы , 60 млн. рё болды.
ХҮІІ ғ. екінші жартысынан басталған меркантилистік саясат элементтерін енгізу ұмтылыстары, алайда билік тарапынан қарсылықтарға ұшырап, тоқтап қалды. Токугава режимінің екінші жартысында реформалар жүргізу бастамасы князьдіктерге өтеді. Сегун Цунаесидің (1646-1709) фавориті Янагидзава Ёсиясу (1658-1714) бакуфудың қаржылық базасын кеңейтуге тырысып, көпестерге (ундзёкин) арнайы салық енгізді. 1721 ж. Токугава Ёсимунэ гильдияларды (кабунакама) мойындауға мәжбүр болды, және олардан тұрақты салық (мёгакин) жинауды енгізді. Билікте Танума Окицугу (1719-1788) отырған кезде үкіметтің көпестерден алатын қайтарылмайтын (безвозвратный заем) қарызы (гоёкин) енгізілді, Тануманың отставкасынан кейін бұл практиканың оның бәсекелесі — Мацудайра Саданобу (1758-1829) тарапынан айыпталғанына қарамастан, оның бастамасымен Кансэй (1789-1801) жылдарында жүргізілген сәтсіз реформалардан кейін, қайтадан қалпына келтіріліп, заңдастырылды, тіпті одан әрі кеңейтілді.
Алайда, ауыл шаруашылығынан басқа секторлардан салық жинау тұрақты негізде әлі де болса енгізілмеді. Токугава режимінің екінші жартысында ауылшаруашылығы өндірісінің өсу қарқыны баяулады: 1700-1830 жж. өсу қарқыны орта есеппен 4,5-тен 2%-ға дейін қысқарды, алайда 1830-1870 жж. ол жылына 4,1%-ға дейін қайта көтеріледі. Ауылшаруашылық өндірісінің өсу қарқынының баяулауының басты себебі халық санының өсу динамикасының баяулауы мен тың жерлерді игерудің қысқаруы болды.
Алайда, өсу қарқынының төмендегеніне қарамастан, ауылда маңызды өзгерістер орын алды: ең алдымен, еңбек өнімділігі артты, жұмыс күші толығырақ пайдаланылды, шаруалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сату жұмыстарымен айналысуды қосымша табыс көзіне айналдырды. Шаруа қожалықтарын зерттегенде, жекелеген аудандарда қосымша еңбек түрлері орташа есеппен табыстың 55 пайызын беріп тұрғаны анықталды. Оның үстіне өнеркәсіп еңбегі жоғары бағаланатын болды, мұның өзі жұмыс күшінің ауылдан қалаға ағылуына алып келді, бұны бізге ауылдан қалаға кетуге тиым салған бакуфу жарлықтары айқын көрсетеді. Алайда, бұл сегун жарлықтары тиімді бола қоймады. Жұмыс күшіне сұраныстың артуы оның бағасының өсуіне ықпал етті. Өнеркәсіпте провинциялардан келген келімсектердің еңбегі жиі пайдаланыла бастады.
Біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына байланысты және аймақтық маманданудың арқасында қала мен ауыл еңбегінің арасындағы еңбек бөлінісі іске асты. Ауылда өндірістің дамуыының оң тұстары - ол жұмыс күшінің жетіспеушілігін болдырмады, және қаладағы цехтық шектеулерден тыс болуының да оң ықпалы болды. XVIII ғ. екінші жартысынан бастап өнеркәсіп өндірісі мен сауданың бір бөлігі ауылдарға ауысты, мұнда сауда-қолөнер қоныстары (дзайката) пайда болды. Жапонияда Токугава режимінің өн бойында саудагер-өсімқор топтары үнемі өсіп отырды. Олардың қаржылық активтері тек өсімқорлықпен және ақша айырбасымен ғана шектелмеді, сондай-ақ қала мен ауылдағы мануфактуралық және үй өнеркәсібін де қамтыды. Сауда капиталының дамығандығын мына факт айқын көрсетеді: 1761 ж. Жапонияда 200 мың рё қаржысы бар 200-ден аса сауда үйлері болған екен. Ірі сауда үйлері көптеген даймелердің қаржылық операцияларын жүргізді. Мысалы, Коноикэ сауда үйі 40 даймёнің кәсіпкерлік істерін жүргізді. Көпестердің басты міндеті жинап алған қаржысын тиімді пайдалану жолдарын іздестіру болды, ал ол оңайға соқпады, өйткені сауда тек ішкі рынокқа бағытталды. Сыртқы сауданы шектеп отыру саяси жүйенің орнықтылығының маңызды факторы болды, өйткені ол экономикалық базаны шектей отырып, Токугавалардың потенциалды қарсыластарының әскери қуатын да шектеді. Сыртқы саяси-әскери экспансиядан бас тарту және сыртқы сауданы белсенді жүргізуге тиым салу өнеркәсіптің қарқынды дамуына кедергі келтірді. Жекелеген аса ірі мануфактуравлардың болғанына қарамастан Жапонияның дәстүрлі экономикасы капитализм генезисінің дербес дамуына қажетті деңгейге жете алмады. Бұған қарамастан, тауар-ақша қатынастарының кең өріс алуы және дәстүрлі өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы Жапонияның ХІХ ғасырда индустрияландыру жолына түсуіне қажетті алғышарттарды қалыптастырды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы
Самурайлардың экономикалық жағдайының нашарлауы орталықтың әлсіреуі жағдайында орын алды, орталық билік өзінің ең қуатты болып тұрған кездің өзінде (ХҮІІ ғ. бірінші жартысы) абсолюттік мемлекеттік құрылымға өту үшін қажет екі аса маңызды артықшылыққа ие бола алмады, оның біріншісі - даймёлер иеліктеріне иелік ету және оларға салық салу құқығы және бұл иеліктерді біржолата жою құқығы. ХҮІІ ғ. екінші жартысында басталған Токугава кланы сегундары билігінің құлдырауын ХІХ ғ-да ешкім тоқтата алмайтыны белгілі болды. Оның себебі, бакуфу әкімшілігінде маңызды қызметтерді атқарып отырған фудай даймелер децентрализацияны сақтауға, тіпті оны одан әрі күшейтуге тырысты, олар абсолюттік монархияға өту жолын мүлде қаламады. Бұл Токугава вассалдарының дербес жер иеленуші князьдерге айналуының нәтижесі еді. Іс жүзінде XIX ғ. басына қарай, Токугава тәртібінің іргелі негізі болып есептелген екі топ, яғни фудай даймё мен тодзама даймё арасындағы бір-біріне қарсы тұру, бірін-бірі басып тұруға негізделген (фундаментальных оснований токугавского режима сдержек и противовесов) күштер арасында еш айырмашылық болмай қалды. ХҮІІІ ғ-ға қарай бұл екі топ арасында дұшпандық сезілмей қалды, олардың арасында неке байланыстары өте кең орын алып, бір-бірімен жақындасып жатты. Жалғыз ғана айырмашылық, фудай даймелер ғана ең жоғарғы мемлекеттік қызметтерге тағайындала алды. Алайда бұл ең жоғарғы қызметтердің өзі материалдық жағдайын жақсарта қойған жоқ, олардың негізгі табысы өз жеке иеліктерінен түсетін табысы болды. Іс жүзінде Токугавалық Жапонияда бюрократияның еңбегіне жалақы төленбеді десек болады. Жоғарғы қызметтегі шенеуніктер тек оны ата-бабалары аруағы алдындағы өз міндеті деп қана атқарды, немесе, көп жағдайда бұл қызметтерге төменгі топтардан шыққандар, яғни тек сегунның қолдауының арқасында ғана ықпалға ие болу мақсатында ғана келіп отырды. Сегунның билігінің өзі бірте-бірте әлсірей берді, ХҮІІІ ғасырдың аяғына қарай оның билігі император билігіне ұқсас жағдайда болды. Осы уақытта сегун билігін шектеу мақсатында, ішкі және сыртқы саясатттың маңызды мәселелерін қарастыратын сегун жанындағы родзю кеңесі қалпына келтірілді. Бұл шаралар ХҮІІІ-ХІХ ғғ. межесінде сегунаттың саяси жүйесінің тұрақты болуына, көп мәселелерді шешуде әр түрлі топтардың ортақ келісімге келіп отыруына ықпал етті, алайда ол елдің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға мүмкіндік бермеді. Ең алдымен, орталық билікті нығайтуға сегунның тарапынан талпыныстар бола қоймады, тіпті болған күнде де оған оның күш-қуаты жетпес еді, өйткені, Токугава кланының қолында елдегі жер иеліктерінің тек 16 пайызы ғана болды, ал бұл жерлерден түсетін оның іс жүзіндегі табысы одан да аз болатын. Оның үстіне, мемлекеттік аппаратқа және даймелердің әскери көмегіне иек артқан сегундар өзінің әскери күшін әлсіретіп алған болатын. Егер 1633 ж. олар дербес 80 мың жауынгерден тұратын армия жасақтай алған болса, 1862 ж. небары 35 мыңнан аспайтын, іс жүзінде тек 10-12 мыңдық армия ғана жасақтай алды. Оның үстіне бөлімдер елдің әр түрлі бөліктерінде шашыраңқы орналасты, қарулануы мен тактикалық дайындығы жағынан ХҮІІ ғасырдағы деңгейінде қалып қойды.
Сонымен бірге харизматикалық қасиеттер Токугава әулетінің тек алғашқы сегундарда ғана болды, кейінгі оның өкілдері әлсіз билеушілер болып шықты. Кейінгі сегундер алғашқы сегундер жүргізген саясатты, яғни даймелерді бір ауданнан екінші ауданға көшіріп отыру саясатын жалғастыра алмады. Даймелер өздерінің жерін басқа ауданға ауыстыру жөніндегі бакуфу жарлығын орындаудан бас тартатын болды.
Биліктің әлсіздігі басқа мәселелерден де көрінді. Князьдердің өз иеліктеріндегі тәртіпсіздіктері үшін жазалау жұмсартылды, бұл үшін ХҮІІ ғ. басында өз иеліктерінен айырылатын еді. Құрылыс жүргізу, жөндеу жұмыстары мен мелиорациялық жұмыстар күрт қысқарып кетті, мұның өзі бакуфу билігін нығайтып, керісінше тодзама даймелердің күшін әлсіретер еді
Тэмпо (1830-1844) жылдарындағы реформалар кезінде бакуфу қалыптасқан қатынастарды өзгертуге тырысты. Бұл реформалар орталық үкіметті нығайтып, князьдіктердің күшін әлсіретуге бағытталды. В 1843 ж. бакуфу 70 жылданбері ұмыт қалған ескі дәстүрді қайта жаңғыртуға тырысты, ол бойынша даймелер орталық үкіметтің пайдасына өз қаржыларымен қызмет көрсетуге тиіс болатын, атап айтқанда, 1843 жылдың көктемінде 12-ші сегун Токугава Иэёси әулеттің негізін қалаушы ата-бабалары жатқан Никко храмына зиярат жасау туралы шешім қабылдайды, сапар барысында ол өзінің 150 мың адамнан тұратын нөкерлерімен, свитасымен даймелердің иеліктерінен өткен кезде даймелер оған қызмет көрсетуге, өз самурайларын бөліп сапардың қорғанысын қамтамасыз етуге, жалпы сапар барысында болатын барлық шығындарды жабуға тиіс болды. Бұл бакуфудың әулеттің бас кезіндегі мықты билікті қалпына келтіруге ұмтылушылығын көрсетуі еді. Осы уақытта бакуфу сырттан төніп тұрған қауіпті сылтау етіп, даймелерді Эдо, Ниигата және Осака аудандарынан көшіру бағытында шараларды жүзеге асыруға тырысты, ондағы ойы осы страгеиялық маңызды жерлерді өз бақылауына алау болған еді. Алайда, бұл бұйрық көп ұзамай күшін жойды, ал реформалардың инициаторы — Мидзуно Тадакуни (1794-1851) адам қызмет атқармады деген сылтаумен қызметінен алынды. Реформа жүргізуге ұмтылған саясаткерлердің жеңіліс табуымен елдің саяси децентрализация үрдісі одан әрі күшейе түсті. Әрбір князьдік өз жағдайын күшейтуге тырысты. Маңызды шешімдер периферияда қабылдануы әдеттегі жағдайға айналды. Аштық жылдары азық-түлікті жекелеген князьдіктердің шегінен шығаруға тиым салу жиі орын алды. Князьдер өз байлығын, сән-салтанатын, әскери күшін ашық көрсете бастады. Олар өз әскери жасақтарын жетілдіріп, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алып жатты. Князьдердің өз арасында және князьдер мен бакуфу арасында сенімсіздік, күдікшілдік күшейді. Бұл жағдай Жапонияда алғашқы Токугавалар тұсында қол жеткізілген ішкі тұрақтылықты қамтамасыз еткен күштер арасындағы балансты бұзу қаупін туғызды.
Дәріс 6. Британдық Үндістан



  1. Жаңа дәуір басындағы Үндістанның саяси жағдайы

  2. Үндістанның ағылшын отарына айналуы

Үндістанды алғашқы қорлану тәсілдерімен отарлық қанау және азаттық күрестің басталуы

XVIII ғ. ортасына қарай Моғол державасының ыдырауы аяқталады. ХҮІІ ғ. аяғына қарай-ақ орталықтан қашу процестері моғол падишахтарының империяның негізгі бөлігіне бақылауынан айрылып қалуына алып келген болатын. Империя орталығының әлсіреуіне Солтүстік-Батыс Үндістан жеріне Иран билеушісі Надир-шахтың (1739 ж.), бұдан кейін ауған билеушісі Ахмад-шах Дурранидің (1748, 1750, 1752, 1757 жж.) басып кіруі барысында Моғолдардың әскери күшінің талқандалуы, мемлекет астанасы Делидің басып алынып, тоналуы алып келді. Моғол билеушілерінің қоластында Дели мен Агра қалалары арасындағы кішкентай ғана жер қалды, олардың өзі сол кездегі Үнді субконтинентіндегі өзара жауласушы күштер – маратхалар мен ауғандықтардың ықпалында (бірде бірінің, келесі кезеңде екіншісінің) болды. Моғолдарға сондай-ақ, көрші жатқанРохилкханданың князьдері және өз князьдігін қалыптастырып алған джат егіншілік кастасының егіншілері мен феодаолдық жоғарғы бөлігінен тұратын қауым үнемі қауіп төндіріп отырды. Маратха пешвалары әулетіне тәуелді Махараштрадан және төрт аса ірі маратхалық князьдіктер Нагпур және Гвалияр, Индаур және Барода князьдіктерінен тұратын Маратха конфедерациясы XVIII ғ. ортасына қарай елдегі қуатты саяси күшке айналды. Көптеген әскери жорықтардың нәтижесінде маратхалар бұрынғы Моғол державасы жерлерінің үлкен бөлігін өздеріне қаратып алды. Осы субконтинеттегі неғұрлым көп жерлерге бақылау орнату жолындағы өзара күреске Моғол империясы ыдырауы нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттер – елдің шығысында – Бенгалия навабтығы, өзен аралығында – Ауд навабтығы, оңтүстікте Хайдарабад князьдігі және Карнатик навабтығы, сондай-ақ оңтүстік Үндістандағы Майсур, Траванкур, Танджавур и Мадурай князьдіктері қатысты. Бұл күрестегі бетбұрысты кезең 1761 ж. Панипат түбіндегі шайқаста ауғандықтардың Маратха күштерін тас-талқан етіп жеңуі болды.


Бұл уақытта үнді саясатында жаңа фактор – еуропалық отарлаушылардың енуі барған сайын маңызды рөл атқара бастады. XVI ғ.-ақ пайда болған португалдық иеліктер
(Гоа, Диу, Даман) бұл уақытта португалдықтардың одан әрі отарлық экспансиясы үшін плацдарм бола алмады. Бұл бір жағынан Португалия империясының әлсіреуімен байланысты болса, сондай-ақ португалдықтардың Үнді мұхитында өздерінің қарсыластары ағылшын және голландтық флоттан жеңіліс табуы ықпал етті. Үндістанға еуропалықтардың енуінің басты жолы ХҮІІ ғ.-ақ пайда болған Ост-Индия сауда компанияларының (нидерландская с центром в
Негапатаме, датская(с центром в Серампуре, английская с центром в Мадрасе и французская с
центром в Пондишери) әрекеті болды. Таза саудагерлік болған алғашқы екі компаниядан ерекше ағылшын және француз Ост-Индия компаниялары сауда жасаумен ғана шектелмей, өздеріне тиесілі портты қалаларда қалыптастырған әскери форттарында ұстаған армиясы мен флоты болды. (у англичан кроме Мадраса еще в Бомбее и Калькутте).
Еуропалықтар, бастапқыда моғолдардан, ал кейінірек басқа мемлекеттердің билеушілерінен рұқсат ала отырып, экстерриториялық құқықпен пайдаланатын қоныстар негіздеп отырды. Екі компания да метрополиядағы өз үкіметтерінен Үндістан жерінде соғыстар жүргізіп, территорияға ие болып отыруға құқық алды. Экономикалық жағынан ең тиімді әрекет еткен және әскери жағынан ең қуаттысы Ағылшын Ост-Индия компаниясы болды. Европаға Үндістанның экспортының басты тауары маталар болды, сонымен бірге ағылшындар Үндістаннан қант, апиын, индиго және басқа да тропикалық жеміс-жидектер, және селитра шығарды. Ағылшын сауда факторияларының айналасында ірі қолөнер қоныстары пайда болды, онда мыңдаған жіп иірушілер мен тоқымашылар компания тапсырыстарын орындады. Ағылшындар мен француздар арасындағы сауда бәсекелестігі тікелей әскери қақтығыстарға да ұласып отырды.
1746-1763 жж. Үзілістермен өткен әскери қимылдар барысында француз күштері жеңіліс тапты. Париж келісім-шарты бойынша (1763 ж.) Франция жағында Пондишери қаласы қалды, бірақ лның айналасындағы бекінісі алып тасталды, және бірнеше фактория қалдырылды. Француз Ост-Индия компаниясы тек сауда ұйымы ретінде ғана сақталды. Отарлық экспансияның осы ерте кезеңінде екі компания да Үнді мемлекеттерінің ішкі істеріне араласуға қол жеткізу үшін әулеттік күресті кеңінен пайдаланды. Оңтүстік Үндістандағы ағылшын-француз әскери бәсекелестігі барысында екі жақ та Карнатик тағына әр түрлі үміткерлердің одақтастары ретінде өздерін көрсетіп отырды. Бастапқыда француздардың, кейіннен ағылшындардың да негізгі әскери күші үнді жалдамалы отрядтары болды, олар еуропалық офицерлердің басшылығымен әрекет етті. Еуропалықтардың осындай әскери көмегі үшін феодалдық мемлекеттердің билеушілері компания әскерін асырауға қажет өзіндік «субсидиялар» бөлді, сондай-ақ өз бақылауына өткен территориялардан түсетін салық-рентаны сол компанияларға беріп отырды. Осы келісімдердің шарттарын бекіткен «субсидиарлық келісім-шарттарды», сондай-ақ сипайлардың әскери бөлімдерін пайдалана отырып, ағылшындар Үндістан жерінде үнділіктердің өз күштерімен-ақ және солардың есебінен территориялық басып алуларға қол жеткізіп отырды. Әулеттік күреске араласу арқылы ағылшындар Карнатиктен кейін Бенгалияны өз бақылауына алды. Ағылшын губернаторы Клайв (1765-1767) Клайв Аудтың ағылшындарға вассалды тәуелділігін заңдастырды және шахтан Компанияға елдің финастық басқаруын беру туралы диван, яғни жарлығын қабылдап алды. Елдің қазынасына бақылауды өз қолдарына алған ағылшындар аса зор салық түсімдеріне ие болды, оның тек белгілі бір бөлігін ғана шахқа және Бенгалияның азаматтық әкімшілігіне, яғни низаматына жіберіп тұрды. 1773 жылға дейін өмір сүрген осы екі жақты басқару елді кедейшілікке ұшыратты. Шарулар егін шықпай қалған жылдарға қарамастан тұрақты түрде жиналатын ауыр салықтардан азап шекті. 1770 ж. елде жұт болып, ауқымды жерлер адамсыз қалды, алқаптар қайтадан джунглилерге айналып жатты. Жеке сауда арқылы әбден байып алған Компания қызметкерлерінің ерекше зорлық-зомбылықтары туралы мәліметтер Лондонға дейін жетіп, оны парламент оппозициясы Сити қаржылық полукратиясы мен король билігі арасындағы одаққа қарсы пайдаланды. 1773 ж. парламент Үндістанды басқару туралы акт қабылдады, ол бойынша Ост-Индия компаниясы үнді территорияларының иесі деп мойындалды, және ағылшын үкіметінің бақылауына алынды. Парламент генерал-губернатор және төрт кеңесші тағайындады, ол Бенгал кеңесі деп аталды. Калькуттада сондай-ақ Жоғарғы Сот құрылды. Алғашқы генерал-губернатор Уоррен Хэйстингс (1774-1785), «екі жақты басқару жүйесін» жойды, ол барлық Үндістандағы ағылшын иеліктеріндегі бақылауды Компанияның қолына берді. Хэйстингс тұсында Үндістандаағылшын сауда-делдалдық агенттіктер құрылып олар, көтерме саудадан жергілікті ірі саудагерлер мен өсімқор-банкирлерді (шроффтар) ығыстырып шығарды. Ақша айналымының ретке келтірілуі бұрын теңге соғу құқығы бар жергілікті компаниялардың ықпалын әлсіретті. Хэйстингс сипайлардың тұрақты бөлімшелері орналасқан Аудта және Делидің номиналды билеушісі болып қалған Моғол падишахына қарасты жерлерде ағылшын ықпалын нығайтты.
Тек солтүстікте ғана емес, ары қарай экспансиясын жалғастыра отырып, ағылшындар маратхалармен және Майсур князьдігімен қақтығысқа түсті. Әулеттік төңкерістің нәтижесінде Майсурда билікке келген
Хай-дар Али (1761-1782) вассалдық князьдіктердің және облыс басшылары – джагирдарлардың билігін шектеу жолымен князьдік әкімшілігін күшейтті, қазынаға түсетін салықтарды көбейтті және француз нұсқаушыларының көмегімен сол кез үшін заманауи армия құрды. Майсур жаяу әскері жауынгерлік қабілеті бойынша ағылшындық сипай бөлімшелерінен кем түспеді, ал артиллериясы маневрлік жағынан тіпті асып түсті. Осындай күшке ие бола отырып, Майсур билеушісі өз көршілерін бірінен кейін бірін жаулап ала бастады. Майсурдың күшеюінен қауіп көрген маратхалар, Хайдарабад және Карнатик оған қарсы күш біріктіре бастады. Карнатикті ағылшындардың қолдауы бірінші ағылшын-майсур (1767-1769) соғысына алып келді. Күрес барысында бірде бір жақ, келесі кезеңде екінші жақ жеңіске жетіп отырды, нәтижеде бейбіт келісімге қол қойылды, онда соғыс барысында басып алынған территориялар өз иелеріне қайтарлды, және екі жақтың біріне шабуыл болатын болса әскери одақ құру туралы айтылды. Алайда, 1770 ж., маратхалар Майсурға қайта соғыс ашып, Хайдар Али ағылшындардан көмек сұрағанда, соңғылар өз міндеттерін орындаудан бас тартады. Осы уақыттан бастап Хайдар Али ағылшындарды өзінің бас жауы деп қарастырып, ағылшындардың Оңтүстік Үндістаннан қуып шыққанша күресетіндігін жариялады.
Осы уақытта Үндістандағы әскери-саяси жағдай Маратха конфедерациясында басталған тақ үшін күреспен ушығып кетті. Ағылшындардың осы қақтығысқа араласуы бірінші ағылшын-мартха соғысына (1775-1782) алып келді. Соғыс барысында ағылшын әскері бірнеше рет ірі жеңіліске ұшырады. Бомбей үкіметін біржолата жойылудан Бенгалиядан экспедициялық бөлімдер жіберу арқылы Хэйстингс сақтап қалды. Ағылшындар мен маратхалар арасындағы бейбіт келісімнің жасалуы маратхаралдың Компаниямен соғыс жағдайындағы Хайдар Алимен одағын жойды. Екінші ағылшын-майсур (1780-1784) соғысы барысында бастапқыда Хайдар
Алидің өзі, ал кейіннен оның ұлы Типу Султан (1784-1799) ағылшындарға бірнеше дүркін ойсырата соққы берді. Майсур армиясына француз флоты көмектесті. Алайда, француздар тарапынан болған қателіктер, сондай-ақ Типудың өзінің әскери-дипломатиялық қателіктері соғыстың аяғына қарай ағылшындардың күшеюіне алып келді. Бейбіт келісім бойынша соғыс қарсаңындағы статус-кво қалпына келтірілді. Алайда, ағылшындардың Оңтүстік Үндістандағы ықпалын күшейтуге басты кедергі Майсур болып отырғандықтан жаңа соғыстың болуы сөзсіз еді. Типу сұлтан бұл жолы Түркияның және Францияның қолдауына ие болуға тырысты. Алайда оның дипломатиялық әрекеттері нәтиже бермеді. Майсурдың күшеюіне көрші князьдіктер қарсы күресін тоқтатпады. 1789 ж. Типу ағылшындармен одақтас болып отырған көршісі Траванкур князьдігімен соғыс бастады, мұның өзі үшінші ағылшын-майсур соғысына (1790-1792) алып келді. Соғыста Типуға қарсы Компания, матархалар мен Хайдарабад каолициясы құрылды. Соғыс қимылдары барысында Типу армиясы талқандалды, оның өзі өз астанасында(Серингапатама) қоршауда қалды. Бейбіт келісім-шарт бойынша ол князьдік территориясының жартысына жуығынан айрылып қалды, маратхалар мен Хайдарабадқа жерлерін қайтарды, және ағылшындарға бірқатар жерлерді, соның ішінде батыста Малабар мен Кург, ал Оңтүстік Үндістанның орталығы мен Шығысындағы көптеген жерлер берілді. Типу, сондай-ақ
33 млн. рупий контрибуция төлеуге, және оны толық төлеп болғанша кепіл ретінде Мадрасқа өзінің екі ұлын жіберуге міндеттелді.
Осылайша ойсырай жеңілгеніне қарамастан, Типу жігерлі түрде жаңа соғысқа дайында бастады. Ең алдымен ол орасан зор контрибуцияны төлеу үшін және жаңа армия жасақтау үшін қаражат іздеуден бастады. Осы жолда ол бірқатар стратегиялық қателіктер жіберіп алды: ол жер салығын және басқа да салық түрлерінің көлемін айтарлықтай ұлғайтты, сондай-ақ храмдар мен кейбір феодалдық топтардың жерлерін тәркіледі. Князьдіктегі барлық сауда операциялары мемлекеттің қатаң бақылауына алынды. Бұл шаралар халықтың наразылығын туғызды. Оның үстіне үнділік жоғарғы топтардың сатқындық жасауынан қауіптенген Типу, діни төзімділігімен ерекшеленген әкесінің саясатынан бас тартып, әкімшіліктегі маңызды қызметтерге тек мұсылмандарды ғана қоя бастады. Мұның өзі князьдіктегі оппозияциялық күштердің топтасуын тездетті. Алйда, барлық қиындықтарға қарамастан, Типу өңделетін жер көлемін кеңейтіп, қазынаға түсетін табысты көбейте алды, мемлекеттік қару-жарақ және басқа да бұйымдар шығаратын шеберханалар ашты, армияның жауынгерлік қабілетін қалпына келтіре алды. Екі жыл ішінде Компанияға контрибуция толық өтелді. Ағылшындарға қарсы күресте жалғыз қалған Типу ауғандықтарға және Франция тарапынан болатын көмекке иек артуды ойластырды. Алайда, Франция да, ауған әмірі де, Франция да Типуға айтарлықтай көмек көрсете алмады. Наполеонның Египетке жорығының басталуы ағылшындардың Майсурға шабуылын тездетті. Төртінші ағылшын-майсур соғысының барысында (1799) ағылшындар, қолбасшыларының сатқындығын пайдаланып, Типуды өз астанасында қоршауға алды.
Типу ерлікпен шайқасып, алайда, шайқас кезінде қаза тапты. Князьдіктегі билік Водеярлар әулетіне қайтарылды, бұл әулет ағылшындарға вассалдығын мойындады. Ағылшындарға екі аймақ – батыс жағалаудағы Солтүстік және Оңтүстік Каннара берілді. Майсурдың құлауымен Оңтүстік Үндістандағы ағылшын отарлық экспансиясына қарсылықтың соңғы орталығы жойылды. 1799 ж. Компанияның тікелей басқаруынаТанджавур князьдігі, ал
1801 ж.— Карнатик навабтығы өтті. Хайдарабадпен (1799 г.) және
Аудпен (1801 г.) жасалған субсидиарлық келісім-шарттарды пайдалана отырып, Компания елдің солтүстігінде де, оңтүстіктігінде де кең-ауқымды жерлерге ие болды. 1803 ж. ағылшын әскери бөлімі Делиге кірді. Осылайша, Дели Қызыл форты шегінде өз тәуелсіздігін сақтаған Ұлы Моғолдар әулетінің соңғы өкілдерінің суверенитеті жойылды. 1805 ж. бұрынғы Дели билеушісі Компанияның зейнеткеріне айналды.Үндістанны жаулап алудың бірінші кезеңі аяқталды, оның нәтижесінде 50 жылға жетпейтін уақытта ағылшындар Үндістанның оңтүстігінде, шығысында және Ганга-Джамна өзен аралығындағы ұлан-ғайыр жердің иесіне айналды және Үндістандағы аса зор әскери-саяси күшке айналды. Алайда, формальді түрде Моғол империясы 1858 ж. дейін өмір сүрді, ал 1836 ж. дейін
Компания Моғол императорының атымен теңге соғып келді.
Аннексиялаған территориясында отарлаушылар билігін нығайту саясатын жүргізе отырып, ХІХ ғ. басында аса ауқымды операциялар бастады, мұның өзі Үндістанды жаулап алудың екінші кезеңін бастап берді. Генерал-губернатор Р.Уэлсли (1798-1805) орталық және батыс Үндістанда ғана емес, Қосөзен аралығындағы ауқымды жерлерді бақылауында ұстап отырған маратхалардың қуатын әлсірету міндетін қойды. Маратха конфедерациясына кірген князьдіктердің өзара қырқыс күресіне араласа отырып, ағылшындар пешва
Баджи Рао II-ге қолдау көрсетті, ол 1802 ж. ағылшындармен субсидиарлық келісім-шартқа қол қойып, іс жүзінде Маратха мемлекетінің сыртқы саясатын Компанияның бақылауына берді. Алайда пешваның басты бәсекелестері - Гвалияр (Синдхия), Индаур (Холкар) и Нагпур (Бхонсле) — князьдіктері ағылшын протекторатын мойындамады. Маратхалармен екінші соғыс басталды (1803-1805). Бір-бірімен жауласып отырған князьдіктерді бірінен-кейін бірін талқандаған ағылшындар, 1803 ж. Нагпур князьдігіне протекторат орнатты және Синдхия князьдігінен Қосөзен жерін тартып алды. 1817-1818 жж. орын алған үшінші ағылшын-маратха соғысының нәтижесінде Пешва институты толық жойылып, оның иеліктері Бомбей президенттігінің қоластына берілді. Ірі князьдіктерде ағылшын-үнді армиялары тұрақты түрде орналастырылды.
Ағылшын отаршылдары Үндістанмен ғана шектелмей, оған көрші жатқан елдерге де ене бастады. 1814—1816 жж. болған Непалмен соғыс барысында ағылшындар Гималай тауының оңтүстігіндегі ұыннан ұзақ жатқан жерлерді және Катмандуды жаулап алды, алайда Непал өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1832-1838 жж. Аралығында Ассам, Качар
және Джайнтия князьдіктері жауланып алынды. Ағылшындардың Үндістанды жаулап алуы ағылшын әскери ұйымының үнділік ұсақ мемлекеттердің қарулы күштерінен бәленбай есе қуатты болуымен және Компанияның дипломатиясы үнді мемлекеттері арасындағы алауызлдықты ұтымды пайдалануымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ князьдік билеушілерінің Ост-Индия компаниясының шынайы мақсатын түсінбеу, яғни оны Үндістан жерін жаулап алушы емес, үздіксіз жүріп отырған өзара қырқыс күреске қатысушы әскери-саяси күш деп қана қарастыруы да себептердің бірі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет