Дәріс Кіріспе дәріс Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді


Үндістанды алғашқы қорлану тәсілдерімен отарлық қанау және азаттық күрестің басталуы



бет5/8
Дата28.02.2023
өлшемі98,21 Kb.
#70430
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Азия африка

Үндістанды алғашқы қорлану тәсілдерімен отарлық қанау және азаттық күрестің басталуы

XVIII ғ. екінші жартысында елді отарлық қанаудың келесі формалары қалыптасты: соғыстарда жеңіліс тапқаны үшін үнділіктердің орасан зор контрибуция төлеуі және олардың Компанияның вассалдарына айналуы; үнді феодалдарын тікелей тонау, олардың жинақтаған құндылықтарына иелік ету; монополиялық өте төмен бағамен сатып алынған маталарды және басқа да қолөнер бұйымдарын сыртқа шығару; тұз және басқа да бірқатар тауарлармен монополиялық сауда; Компания бақылауындағы территориялардан қазынаға түсетін салыққа ие болу. Осындай жолдармен түсіп жатқан қаражат орасан зор көлемге жетті. 1757 жылдан 1780 ж. дейін Үндістаннан шығарылған «ақшалай шығыс» 38 млн. ф. ст. Құрады. Сюда не вошли


денежные суммы, выплаченные в качестве жалованья гражданским служащим
Компании и офицерам военных формирований. Многие из них, приехав в Индию без гроша в кармане, возвращались на родину богачами, или, как их называли в Англии, «индийскими набобами».
XVIII ғ. аяғы — XIX ғ. басында Компания иеліктеріне айналдырылған территорияларда ағылшындар бұрыннан қалыптасқан жер қатынастары мен салық жинау жүйесін сол күйінше қалдырған болатын. Олардың бар міндеті қазынаға түсетін салық көлемін үнемі арттырып отыру болды. Алайда бұл жүйе ақыр аяғында шаруалардың жаппай кедейшілікке ұшырауына, феодалдардың наразылығы мен қарсылығына, ауыл шаруашылығының құлдырауына алып келді Компания әкімшілігі үнді деревнясындағы жағдайды жолға қоймаса болмайтындығын жақсы түсінді. ХІХ ғ.басында Үндістан халқын аяусыз тонау жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігі белгілі болды. Ең алдымен бұл қанаудың басты формасы болып отырған – жер салығына қатысты болды.
Жерден салық алу жүйесін орнықты ету мақсатында отаршылдар феодалдық Үндістанда қалыптасқан күрделі жериелену құқығы құрылымында тікелей жер иесі құқықтарымен иеленетін әлеуметтік топты топты тауып, соған салық жинау жауапкершілігін жүктеуі қажет болды. Шығыс феодализмі жағдайында жердің ең жоғарғы иесі мемлекет деп есептелуіне байланысты феодалдардың жерге құқығы олардың, әкімшілік аппаратында немесе әскери-полиция аппаратында қызмет етуіне байланысты ұстап отырған жерінен рента-салықтың белгілі мөлшерін өз пайдасына жинау құқығымен анықталған болатын. Сонымен бірге, салық төлеуші халық – райаттардың жериеленушілік құқығының нысаны – өздері өңдеп отырған жер үлесі болды. Райяттар сословиесі тікелей өндірушілер болып табылатын шаруалардан, сондай-ақ феодалдардың төменгі топтарынан тұрды. Сол кездері Англияда үстем болған жер құқығы принциптерін басшылыққа ала отырып, ағылшындар бұл жүйеге бірқатар өзгерістер енгізу қажеттігін түсінді. Осы мақсатпен XVIII ғ. аяғы — XIX ғ. басында ағылшындардың отарлық иеліктерінде алғашқы ірі жер реформасы жүргізілді. Оған бастау болған 1793 ж. генерал-губернатор Корнуоллистің (1786-1793) Бенгалияда тұрақты салық жүйесін енгізу туралы жарлығы болды. Оның мәні – заминдарлар өздеріне қарасты жерлердің меншік иесі деп жарияланды және олар қазынаға құюға тиіс салық ставкасы тұрақты, яғни ешқашан өзгертілмейді деп бекітілді. Сондықтан бұл жүйе «тұрақты заминдари» деген атауға ие болды. Алайда, ол кезде жер рентасының 90 % деп жарияланған салық көлемі жер иелеріне ештеңе қалдырмағандықтан, бұл заң шығарылғаннан кейінгі алғашқы онжылдықта заминдарлар өз жерлерін аукционнан жаппай сатып жатты, оларды ақша капиталы бар қалалықтардың, Компанияға қызмет етуші саудагерлердің, қолөнершілердің қолына өтті. Осылайша деревняда тұрмайтын жер иелері, өздері жершаруашылығымен айналыспайтын бірақ өз агенттері арқылы рента жинайтын – абсентеистер деп аталған жаңа әлеуметтік топтың пайда болуына алып келді. Жалпы заминдари жүйесінің енгізілуі феодалдық жер иеленудегі мемлекеттік-феодалдық жер меншігі формасынан жеке меншіктік-феодалдық жер меншігіне өтудегі жаңа бір кезең болды, онда жер салығының көлемін анықтау, оны жинау мемлекеттік салық жинау аппаратының қолында емес, жеке меншік феодал-заминдарлардың қолына берілді.
Жалпы, ХІХ ғ. басында Үндістанда 4 негізгі жер-салық жүйесі орнықты: Бенгалиядағы «тұрақты заминдари», Солтүстік Үндістандағы «уақытша заминдари», Мадрас провинциясында, Бомбей президенттігі мен Ассамдағы «райятвари» жүйесі және Орталық провинциялардағы, Пенджаб, Агра және басқа да бірқатар аудандардағы «маузавар» жүйесі болды. Уақытша заминдари деп аталу себебі салық көлемі 30 жылда бір рет қайта қаралып отырды. Райатвари жүйесінде жердің жоғарғы иесі мемлекет болды, ал шаруалар мен ұсақ феодалдарға ол жер салығын төлеу шартымен мерзімсіз немесе ұзақ мерзімді арендаға берілді. Маузавар жүйесі жалпы алғанда райатвари жүйесіне ұқсас болды, бұл жерде салық жекелеген жер иесіненалынды, бірақ оның дер кезінде жиналуы үшін бүкіл қауым жауап берді. Маузавар жүйесі таралған аймақтарда, ағылшындар пайдасына салық жинау енгізілген барлық басқа аймақтардағы сияқты үнді шаруаларының жерінен айрылу процесі жүрді. Қауымдастардың жерін, әдетте, сот немесе салық шенеуніктері сатып алып жатты, олар заминдарларға айналып отырды. Осылайшы ағылшындардың жер-салық жүйесі шаруаларды феодалдық және жартылай феодалдық қанаудың күшеюіне алып келді. ХҮІІІ ғ. аяғында-ақ Ост-Индия компаниясы Бенгалияда селитра өндірісне, тұз шығаруға және апиые саудасына монополия орнатқан болатын. Бұл компания қазынасына аса зор қаражаттың құйылуына алып келді. Метраполияның отардағы азық-түлік түрлеріне сұранысының артуы ХІХ ғ. басында Үндістанда шай, кофе өсіру бойынша алғашқы плантациялардың пайда болуына алып келді, онда жалдамалы жұмыскерлер жартылай құлдық қанау жолдарымен жұмыс істеді.Еуропада әсіресе жоғары сұранысқа ие индиго мен апиынды өсіру плантацияларында жұмыскерлерді қанаудың әр түрлі экономикадан тыс түрлері де кеңінен орын алды. Алайда, тек салық мөлшерін төмендету, оны жинау мерзімін ұзарту (30 жылға дейін) жолдарымен ғана бұл жұмыста дұрыс жолға қою мүмкін болды. Оның үстіне отаршылдар үкіметі тың жерлерді игеруге арналған жеңілдетілген салық мөлшерін тағайындап отырды.
Бұл шаралар ауылдағы тауар өндірісінің өсуіне ықпал етті. Осының нәтижесінде Үндістаннан шығарылатын экспорт ХІХ ғ. 30 жж. ортасынан 50-ші жж. ортасына дейін екі есеге өскен екен. Алайда жалпы алғанда, ауылдағы еңбек өнімділігі ХҮІІ ғ.-мен салыстырғанда төмен болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет