Дәріс Кіріспе дәріс Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді


-1859 жылдардағы Үндiстандағы ұлт-азаттық көтерiлiс



бет7/8
Дата28.02.2023
өлшемі98,21 Kb.
#70430
1   2   3   4   5   6   7   8
1857-1859 жылдардағы Үндiстандағы ұлт-азаттық көтерiлiс. Үндістандағы отарлаушыларға қарсы алғашқы және ауқымды көтеріліс, дәл осы сипайлардан бастау алды. Көтерілістің басты себебі – сипайларға әкелінген жаңа «Энфильд» мылтығы. Бұл мылтықтың капсюльді құлпысы болатын. Мылтықты оқтау үшін алдымен сол капсюльді қағазынан тістеп ашу қажет болды. Ал қағаз болса сиыр яки доңыздың майымен майланған. Доңыз – мұсылмандар үшін лас хайуан болса, сиыр – үнділер үшін қасиетті жануар екені белгілі. Сипайларды саналы түрде сенімдері бір-біріне қарама-қайшы келетін халықтардан жасақтаса да, бұл наразылық мұсылмандар мен үнділердің ағылшындарға қарсы бірігуіне себеп болды. 1857 жылы 29 наурызда 34-інші Бенгал полкінің сарбазы 29 жасар Менгал Панди мылтықты оқтауға қарсы шықты. 6 сәуірде бұйрықты орындамаған Пандиді ағылшындар өлім жазасына кесіп, екі тәуліктен соң дарға асты. 24 сәуірде Делидің солтүстігінде орналасқан Мератх (Мирут) қаласындағы әскери бөлімшеде оқу-жаттығу шаралары өтіп жатады. Бірақ, май жағылған оқ-дәрілерден хабардар болған сипайлар жаңа қаруды сынаудан бас тартады. 90 сипайдың 85-і оқ-дәріні аузымен ашпай қояды. Олардың барлығын британдық басшылар 10 жылға бас бостандығынан айырып, иықтарынан погондарын жұлып, каторгалық жұмысқа айдауға үкім шығарады. Нәтижесінде, Мератх сипайлары жаппай наразылық білдіріп, қарулы көтеріліске шықты. Сипайлардың оқ-дәріге қарсы наразылығынан басталған бұл көтеріліс, кейін отаршыларға қарсы жалпыхалықтық көтеріліске ұласып кетті. Көтерілісшілер Дели, Канпур және Ауда провинциясының астанасы – Лакхнау қалаларын басып алды. Сипайлар Делиде отырған моғолдар династиясының өкілі Бахадұр Шахты (1775-1862) халықты басқаруға, оны біріктіріп, императорлық билікті қайта құруға шақырды. Бахадұр Шахтың барлық үндістандықтарды отан үшін бірігіп, отаршыларға қарсы күресуге шақырған үндеуіне қол қойылды. Бахадұр Шах көтерілісте маңызды рөл атқармағанымен, көтерілісшілер оны «Азаттық жолындағы күрестің басшысы», «Үндістанның жоғарғы әміршісі»-деп жариялады.
Ағылшын полковнигі К. Янг өз естелігінде былай деп жазды: «Жаңа оқ-дәрілерді пайдаланудан бас тарту көтерілістің басталуының қарапайым сылтауы болды. Оны үндiлер мен мұсылмандар алдын ала ойластырып та койған. Көтерілістің шын себебi ағылшындардың ақылсыз билiк жүргiзуiнен, түсiнiксiз бейберекет саясаттан, Ауд королiнің тақтан түсiрiлуi мен оның жерiнiң зорлықпен тартып алынуы сипайлар отбасылары мен сол аймақтан келгендер арасында қатты наразылық тудырғандығына күмәндануға болмайды».
Жергілікті халықтың қолдауына ие болған сипайлар көтерілісі екі жылға созылды. Британдық отаршыл билікте біріккен халық көтерілісін тез басу үшін, ағылшындар олардың ішіне дінаралық араздықты туғызатын тәсілдерді пайдалануға барынша тырысты. Олар ең алдымен, радикалды мұсылмандарға дем беріп отырды. Бұрын Ұлы Моғол императорлары үнділердің сиырды қасиетті жануар деп санаған сенімдерін ескеріп, Құрбан айт мейрамдарында құрбандыққа тек қойды шалу туралы жариялап отыратын. Ал ағылшындар болса, 1857 жылы 1 тамызда мұсылмандардың құрбан айт мейрамы кезінде алдын ала ойластырылған жоспар бойынша қой атаулының бәрін жоқ етуге тырысып, мұсылмандар тұратын аумақтарға көптеп сиырды толтырады. Қой таба алмаған мұсылмандар қолдарындағы бар сиырын құрбандыққа шалып, жергілікті үнділермен қырқысып, мереке күндері қан төгіледі.
Осылайша британ әскерлері көтерілісшілердің қалаларын бірінен соң бірін асқан айлакерлікпен жаулап ала бастайды. 1858 жылы қыркүйек айында ағылшындар Дели қаласын қайтарып алды, көтеріліс толық басылды. Бахадұр Шах тұтқынға алынып, оның екі ұлы мен бір немересі ату жазасына кесіледі. Бахадұр Шах Рангун жеріне айдауға жөнелтіліп, сол жерде Ұлы Моғолдардың соңғы падишахы 1862 жылы дүние салады.
Сипайлар көтерілісінің жеңілу себептері:
Біріншіден, жеңілістің басты себебі көтерілісшілерде нақты іс-қимыл жоспарының болмауы. Бенгал әскерінде офицерлік қызметті көбіне ағылшындар атқарды. Өздерінің ағылшын командирлерінен кеткен сипайлар дәрменсіз жағдайға түсті.
Екіншіден, көтерілісшілер арасында идеялық бірлестік те болған жоқ. Көтеріліс лидерлері қарама-қайшы шарттар қойумен болды. Мұсылмандар Ұлы Моғол империясын жаңғыртқысы келсе, үндістер тәуелсіз Үнді княздықтарын құрмақшы болды.
Үшіншіден, көптеген Үнді княздықтары тіпті көтеріліске қатысқан жоқ, олар ағылшындар жағына шықты. Оған мысал, сикхтар, маратхалар және тағы басқалардың позициясы.
Төртіншіден, көтерілісшілердің әскери білімдерінің аздығы, қорғаныс тактикасының нашарлығы алдыңғы қатарлы ағылшын әскери стратегиясына қарсы тұра алмады. Көтерілісшілер жасақтары жаулаушылық соғыстарда шыныққан колониалдық әскерлерге қарағанда әлсіздеу болды.
1857-1859 жылдардағы халық көтерілісінің басты нәтижелерінің бірі, Ост-Үнді компаниясының мүмкіндіктерінің шектелуінде еді. Енді Үндістан Ұлыбританияның колониясы болды. Сипайлар көтерілісінен кейiн Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгiзiле бастады. Үндістан iстерi жөніндегі арнаулы министрлiк құрылды. Үндістандағы әкiмшiлiк билiк вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторларға берiлдi. Үндiстанда жаңадан үш университет ашылып, оларда сабақ ағылшындық білім бағдарламасы бойынша ағылшын тiлiнде жүрдi.
Ағылшындар үндiлердiң iшкi салт-дәстүрлерiне араласпайтыны жөнінде уәде берді. Елге сәл жеңілдіктер жасалды. Жергiлiктi ауқатты топтар мен кейбiр шаруа-қауымдастықтар жекеменшiкке жер иелiктерiн алды. Ал қалған шаруалар жердi не сатып алуы, не жалға алуы тиiс еді. Бірақ, бұл жеңілдіктерге қарамастан шаруалардың жағдайы күрт нашарлап, елдi жаппай ашаршылық жайлай бастады, ал үкiмет бұған қарсы ешқандай шара қолданбады.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы Үндiстан қоғамындағы өзгерiстер. Үндістанның экономикасына ХIХ ғасырдың екiншi жартысында ағылшындар қаржы бөле бастады.
Бірінші көп қаржы, темір жолдар салуға жұмсалды. Бұл құрылыстар тауар-ақша қатынастарының кеңейуіне ықпал етті. 1891 жылы елдегi темiржолдың ұзындығы 27 мың шақырымға дейін жеттi.
Екінші рет, қаржыландыру ирригациялық құрылысты қамтыды. Құрылыс көбіне Пенджаб және Синд аймақтарында жүрді. 50 жыл ішінде суармалы жердің көлемі 30 %-ға өскен.
Үшінші қаржыландыру саласы плантациялық шаруашылық болды. Елде ірі-ірі шай және кофе плантациялары пайда болады.
Төртінші көп қаржы жұмсалған сала зауыттар мен фабрикалар, кен өндіруші өнеркәсіптер еді. Алғашқы тоқыма фабрикасы 1854 жылы Калькуттада пайда болды. Ағылшын өнеркәсібінің өтім рыногы кеңейді. Зауыт, фабрика, темiржолдар мен телеграф байланыстарының көптеп салынуы Үндістанда өнеркәсіп төңкерісінің басталғандығын көрсетті. Оның дамуының нәтижесiнде үндi капиталистерi пайда болды. ХIХ ғасырдың соңына карай үнді өнеркәсіп қаржысының 1/3-i үнділіктерге тән болғаны көрінді. Жергiлiктi кәсіпкерлер тоқыма өнеркәсібiне қаржы салуды белсендi түрде кеңейтті. Бомбей қаласы тоқыма өнеркәсібінің орталығы ретiнде өркендей бастады. Үндi тауарлары Англияда, Қытайда және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнде экспортқа шығарылды.
Өнеркәсіп дамығандықтан жұмысшылар саны өсті. Сонымен қатар, әр түрлі мамандық иелері пайда болды. Мысалы: дәрігерлер, заңгерлер, университет, коледж оқытушылары және мектеп мұғалімдері. Олардың басым көпшілігі ағылшындар ашқан жергiлiктi университеттерде Еуропа үлгісінде бiлiм алды.
Үнді қоғамындағы күрт өзгерістер, ескiнiң қирауы, жаңаның енуi үндi халқының әрқилы топтарына түрліше әсер еттi. Бiреулерi көне арийлiк кезеңге қайта оралу, үнді өркениеті қалыптастырған дәстүрлі қоғамды қайта орнату қажет десе, мұсылмандар ежелгi исламның құндылықтарын жаңғыртып, «кәпiрлерге қарсы қасиеттi соғыс жүргiзу қажет», яғни ағылшындармен күресу қажет деп мәлімдеді. Бірақ көпшілік сауатты үнділер батыстың еркiндiк, теңдiк, гуманистiк идеяларын индуизммен, исламмен ұштастыра отырып даму жолын iздеудi жақтады. Үндiстанның қоғамдық дамуының артта қалғандығын мойындай отырып, оны жаңаша дамытуды көздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет