Дәріс Кіріспе дәріс Бірнеше ғасырлар ширегінде отарлық иеліктер тек қана өз метрополияларының экономикасының сұраныстарын қанағаттандырып келді


ХІХ ғ. бірінші жарт. Үндістанда капиталистік қатынастардың дамуы



бет6/8
Дата28.02.2023
өлшемі98,21 Kb.
#70430
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Азия африка

ХІХ ғ. бірінші жарт. Үндістанда капиталистік қатынастардың дамуы

Бұл кезде үнді саудасы үлкен өзгерістерге ұшырады. ХІХ ғ. бір. Жарт-да жергілікті көпестер іс жүзінде ірі саудадан ығыстырылып шығарылды. Алайда, Оңтүстік Үндістанда ұсақ сауда жергілікті үнділіктерді қолында ХІХ ғ. 40-шы жж. дейін сақталды. Тоқымашыларды тәуелділікке түсіру процесі қарқынды жүрді. Оларға жеке көпеске немесе рынокқа жұмыс істеуге тиым салынды. Қолөнердің жалпы құлдырауы орын алды. Мақтаның отаны осы шикізаттан жасалған дайын өнімді экспортқа шығаруды іс жүзінде тоқтатты. Қолмен тоқылатын басқа да жоғары сапалы маталарды экспорты да төмендет кетті. Үндістаннан шығарылатын басты тауар шикізат болып қалды. Оның үстіне, ағылшын саудагерлері Үндістанның ішкі рыноктарын Ланкашир фабрикасының дайын тауарларымен басып тастады.


Үндістанның бірте-бірте Еуропа үшін маталар шығарушыдан оны сатып алушыға айналуы фабрикалық жүйенің техникалық жағынан артықшылығымен ғана емес, сонымен бірге британ үкіметінің кедендік саясатына да байланысты болды. Яғни Англияға шығарылатын үнді маталарына 75 пайыз болатын адам айтқысыз жоғары кеден салығы бекітілді. Керісінше мақтаға кеден салығы жойылды, мұның өзі шикізатты шығаруға мүдделілікті арттырды. Ост-Индия компаниясының әкімшілігі де үнді қолөнершілеріне кедендік салада барынша теңсіздік орнатты. ХІХ ғ. 30-шы жж. пайдаланылатын шикізатқа 5 пайыздық салық, жіпке 7.5 пайыз, шеберханалардан тыс жерлерде маталарға, оны бояуға 2,5 пайыз салық бекітті. Бұл қолмен жасалатын үнді бұйымдарының өзіндік құнынының қымбаттып кетуіне алып келді. Мұның өзі олардың рынокта арзан ағылшын тауарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттігін төмендетіп жіберді. ХІХ ғ. 50-ші жж. Үндістанға экспортталатын ағылшын мақта-мата бұйымдары жалпы ағылшын экспортының 3/2 бөлігін құрады. Тоқымашыларға қатысты осында дискриминациялық саясат үнді қалаларының құлдырауына алып келді.
Үндістандағы ақша жүйесі де бірте бірте ағылшындардың қолына көшті. 1805 ж. Мадрас үкіметтік банкі құрылды. Ол несие берумен, банкноттар шығарумен айналысты. Үндістанның ұлттық банк жүйесінің дамуына сауда-өсімқор капиталының үстемдігі кедергі болды, ол іс жүзінде ағылшын капиталының тыңшысына айналды. Жергілікті өсімқорлар ағылшындардың сауда фирмаларына үнемі несие беріп отырды, шикізатты шығару мен ағылшын өнімдерін сатып алуға белсенді қатысып отырды.
Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. ХҮІІІ ғасырдың 70-інші жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді.
Ағылшындар жергілікті халықтан құралған жалдамалы әскерді пайдалана отырып, толқуларды басты. Оларды «Сипайлар» (парсының “сипаһи” – сарбаз деген сөзінен) деп атады. Сипайларға жалақы төленіп, әрбір сарбаз әскери киіммен, тағаммен, жатақпен және қарудың соңғы үлгісімен толық қамтамасыз етілді. Әрине, бұндай жағдайда өмір сүру әрбір кедей үндінің арманы еді. Дегенмен әскерге ауқатты ауыл адамдары мен ұсақ феодалдардың балалары түсіп отырды. Ағылшынның сипайлық күштері «Бенгалдық», «Момбайлық» және «Мадрастық» болып 3 армияға бөлінді. Ішіндегі ең ірі күш – бенгалдық армия болды. Оларды 26 мың еуропалық сардарлар басқарды. Бенгалдық армия Үндістанның солтүстік батысынан жиналған, басым көпшілігі мұсылмандар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет