Дәріс: Мал ауруларын патогенездік емдеу әдістерінің негізі мен техникасы. Жоспары:
Патогенездік терапия және новокаинмен тежеу әдістерінің теориялық негіздері.
Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен тежеудің техникасы.
Плевраүстілік жүйке жүйесін новокаинмен тежеудің техникасы.
Патогенездік терапия дегеніміз – макроорганизмге, көбінесе жүйке жүйесі арқылы әсер етіп, оның қорғану қабілеттілігі мен реактивтілігін жоғарылату үшін қолданылатын емдеу әдістерінің барлық түрлері. Патогенездік терапияның негізгі мақсаты, ауру процесінің негізіне жататын бұзылған физиологиялық процессті қалпына келтіру. Патогенездік терапияның аурудың себептеріне қарсы қолданылатын емдеу әдістерінен ерекшелігі бар. Патогенездік терапияға арнайы емес емдеу әдістері мен әдістемеліктердің көптеген түрлері жатады. Олардың қатарына: новокаинмен, тіндермен, протеинмен, физикалық әдістермен және басқа да аурудың дамуына қарсы әсер ететін дәрілік заттармен емдеу әдістері жатады.
Новокаинмен тежеу әдісі Новокаинмен тежеу әдісін ең бірінші рет зерттеп, ұсынған академик А.В.Вишневский. Кейінгі жылдары оның оқушылары мен ісін жалғастырушы ғалымдар бұл негізгі патогенездік терапияға көптеген жаңалықтар мен толықтырулар енгізді. Малдәрігерлік хирургия саласында А.В.Вишневский мен Л.С.Сапожниковтардың жетекшілігімен И.Я.Тихонин жылқылардың бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау (паранефралды немесе белдеме тұсының блокадасы) арқылы емдеу әдісін ұсынды. Кейіннен М.С.Сенькин осындай әдісті ірі қара малына жасауды көрсетті. Сөйтсе де, мал дәрігерлік хирургияда елеулі жетістік деп В.В.Мосиннің еңбегін атап өткен жөн. Ол кісінің ұсынған эпиплевралды новокаинмен тежеу әдісі бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау әдісінен әлдеқайда тиімді нәтиже берді. Себебі бұл әдісте новокаин күн сәулелі және бүйрек маңындағы түйіндерді құрайтын симпатикалық және парасимпатикалық нерв элементтеріне бірдей әсер етеді.
И.Я.Тихониннің ұсынған блокадасы асқазан мен ішектердің қозғалу функциясының бұзылуының динамикалық түрінде жақсы әсер еткенімен оның механикалық түрінде, керісінше, аурудың жалпы жағдайын нашарлататыны байқалған. Бұл әдіс жылқылардың энтералгия, ішектердің газбен керілу, копростаздың кейбір түрлерінде, асқазанның жіті түрде кеңеюінде; ірі қара малының месқарнының асқа толып керілуінде, алдыңғы қарыншақтардың атония ауруында жақсы терапевтикалық тиімділік көрсетеді. Болашақта, басқа емдеу әдістерімен кешенді түрде қолданғанда, бүйректің жіті түрінің қабынуында, туған малдың шуы көпке дейін бөлінбегенде, эндометритте, ойық жараларда, сыздауық-шиқандарда, есекжемде, хирургиялық қабыну процестерінде жақсы нәтиже береді деген болжам бар.
В.В.Мосин өзінің әдісін жылқылар мен ірі қара малдарының қатты жарақаттан естен тануында, операциядан кейін іштері кепкенде, қуықтың қабынуында, спастикалық шаншу құбылысында, тұяқтардың қабынуында ұсынған. Блокаданы екі жағынан да жасаған тиімді делінген. Кейіннен көптеген авторлар бұл әдісті күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының