Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет46/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Бильшовский мен Таддеа иттердің организмінде зат алмасу процесінің бұзылуының кейбір түрлерін оттегімен дем алдыру арқылы емдеп байқаған. Өздерінің байқауларын қанда кетон заттары көп шоғырланатын жағдайларда жүргізген.
Кестедегі өзгерістерге көз жүгіртсек оттегімен дем алдыру аталған ауруларда организмде шоғырланған кетон заттарының жылдам тотығып үлгеретінін байқаймыз. Авторлардың пікірі бойынша бұл процесс неғұлым кетон заттары көбірек болса, солғұрлым тиімдірек болатын көрінеді.
Біз өз тәжірибемізде бұзаулардың тыныс алу, жүрек-қан айналу және қан жүйелерінің ауруларында қандағы кетон заттарының оттегімен емдегенге дейінгі және емдегеннен кейінгі өзгерістерін анықтадық. Алынған нәтижені төменгі кестеде келтіріп отырмыз.
1 – ші кесте
Бұзау қанындағы кетон заттарының көрсеткіштері

Аурудың диагнозы

Оттегімен емдегенге дейінгі кетон заттары (мг %)

Оттегімен емдегеннен кейінгі кетон заттары (мг%)

Бронхопневмония

7,54 ± 0,86

3,40 ± 0,21

Перикардит

8,81 ± 1,0

3,16 ± 0,17

Анемия

10,0 ± 1,7

3,50 ± 0,34

Бұзаулардың ауруларын клиникалық белгілеріне және лабораториялық зертеулердің нәтижелеріне сүйене отырып анықтадық. Сондай-ақ, өкпелері ауырған бұзауларды рентген арқылы, жүрегі ауырған бұзауларды фонокардиография жазып, оны талдау арқылы зерттеуімізді толықтырып отырдық. Кестеде көрсетілгендей аурудың барлық түрлерінде де қанда кетон заттарының мөлшерінің жоғары екендігі байқалады. Ауру бұзауларды кешенді түрде оттегімен байытылған ортада, ғылыми тұрғыда таңдап алынған дәрілік заттарды шашыратып, онымен ауру бұзауларды дем алдыру арқылы емдедік. Ол туралы тиісті тарауда толығырақ баяндайтын боламыз. Емдегеннен кейінгі алынған нәтижелер, өзіміз зерттеп анықтаған, дені сау бұзаулардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Біздің болжауымызша, кешенді түрдегі емнің құрамындағы оттегі кетон заттарының ақырғы заттарға дейін толық ыдырауына мүмкіндік туғызады да, бірге қолданылған дәрілік заттардың тиімділігін арттырады.
2 – ші кесте
Бұзау қанындағы қанттың көрсеткіштері

Аурудың диагнозы

Оттегімен емдегенге дейінгі қанттың мөлшері (мг %)

Емдегеннен кейінгі қанттың мөлшері (мг %)

Бронхопневмония

60,6 ± 3,7

71,0 ± 6,65

Перикардит

64,6 ± 9,3

79,6 ± 10,1

Анемия

57,5 ± 5,6

67,0 ± 6,7

Өзіміздің жағдайдағы малдың күтіміне байланысты дені сау бұзаулардың қанындағы қанттың мөлшері 71,5 – 96,0 мг % аралығында болды. Бұл көрсеткіш бронхылары мен өкпелері қабынып ауырған бұзауларда 60,6 ± 3,7 мг % ; жүректің сыртқы қабының қабынуында 64,6 ± 9,3 мг % ; қансырау анемиясында 57,5 ± 5,6 мг % болды. Алынған нәтижелерге қарағанда біз зерттеген барлық ауруларда қанттың мөлшері сау бұзаулардың көрсеткіштеріне қарағанда кестеде келтірілген реттері бойынша 15,3 %-ға; 9,7 %-ға; 19,6 %-ға кемігені байқалады. Оттегін қолдана отырып емдегеннен кейін ол көрсеткіштер ауру малдардікімен салыстырғанда сол реттері бойынша 17,2 %-ға; 23,2 %-ға; 16,5 %-ға жоғарылағанын байқаймыз.
Жоғарыда келтірілген екі мысалмен біз, өз зерттеулерімізде алынған нәтижелерге сүйене отырып, оттегімен емдеудің организмдегі зат алмасу процесіне оң әсер ететінін дәлелдедік.
Терапия саласында ұсынылатын емдеу әдістерінің жақсы, ұтымды жақтарымен қатар ауру мал организміне тигізетін жағымсыз жақтарының да болатынын естен шығармаған жөн. Ондай жағымсыз жағдайлар оттегін емдік ретінде қолданғанда да кездеседі.
Мысалы, оттегін вена қан тамырына жіберіп емдеу кенеттен қажет бола қалған жағдайда өте тиімді әсер ететіні сөзсіз. Бірақта, оны кәсіптік деңгейде орындау әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Ондай әдісте оттегін белгілі бір мөлшерде және белгілі бір жылдамдықпен ғана жіберу керек екенін ескермесе және осы талапты орындай алмаған жағдайда ауруды емдеудің орнына оны асқындырып алу әбден мүмкін.
Оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісінде оны жіберген жерде белгілі бір мөлшерде қысым түсіру керек. Ондай болмаған жағдайда оттегінің организмге сіңуі өте баяу жүреді де, нәтижесі ойдағыдай болмайды. Ал ондай қысым түсіру үшін оттегін көп мөлшерде жіберу керек. Онда оттегін жіберген жерде пайда болатын ісіктің қалыңдығы кейде 5-7 см-ге дейін жетуі мүмкін және осыдан туындаған қысым тері шелінің құрылысын бүлдіретін көрінеді. Ал тері шелінің организмді қорғаудағы рөлін ескерсек, онда мұндай әдісті қолданған кезде организмнің қорғаныс механизміне зиян келтіруіміз анық. Ал кейбір зерттеушілердің деректеріне сүйенсек (А.Ф.Виганте, 1961) тері астына жіберілген оттегінің организмдегі гипоксияға пайдалы әсерінің болмайтыны айтылады.
Тыныс алған кезде өкпелерге атмосфералық ауа барады. Ол ауаның құрамы: 79,3 % азоттан, 20,9 % оттегінен, 0,03 % көмір қышқыл газынан және 1,0 % инертті газдардан (аргон, неон, гелий) тұрады



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет