Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03


Виртуалды машиналар не үшін қажет?



бет4/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Виртуалды машиналар не үшін қажет?
Виртуалды машиналардың қайта жаңғыртылу кезеңін екі басты себеппен байланыстырады:

  1. түрлі операциялық жүйелердің (ОЖ) пайда болуы;

  2. бірнеше операциялық жүйелер орнатылған компьютерлерді администрациялау және оларға қызмет көрсетудің күрделілігі.

Заманауи виртуалды машиналар оған орнатылған операциялық жүйеден компьютердің физикалық құрылғыларының кейбір параметрлерін жасыруға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде ОЖ және орнатылған қондырғы арасындағы өзара тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.
Бұндай мүмкіндік пайдаланушыларға (және/немесе есептеу жүйелерінің администраторларына) бірнеше басымдылықтар береді:

  1. қатты дискілерді сәйкесінше конфигурациялауды қажет етпей, бір компьютерде бірнеше операциялық жүйені орнату (4 сурет);

  2. жүйені қайта жүктемей ақ (без перезагрузки) бірнеше ОЖ арасында динамикалық қосылу мүмкіндігі арқылы бірмезгілде жұмыс істеу;

  3. орнатылған ОЖ құрамын өзгерту уақытының қысқаруы;

  4. виртуалды машина ортасында жұмыс істейтін бағдарламалық қамтаманың қалаусыз әсерінен нақты қондырғылырды оқшаулау;

  5. бір автономды компьютерде есептеу желісін модельдеу мүмкіндігі.


4 сурет. Бір компьютерде бірнеше операциялық жүйе
Осы айтылған басымдылықтарды пайдалану арқасында, жүйені қайта жүктемей және оған ешқандай зиян келтіремін немесе істен шығарамын деп қорықпай пайдаланушы шеше алатын есептер шеңбері кеңи түсетіні анық.
Осындай есептердің бірнеше мысалы:
- жаңа ОЖ игеру;
- нақты ОЖ ортасында жұмыс істеуге арналған қосымшаны (приложения) жүктеу;
- бір қосымшаны әртүрлі ОЖ басқаруымен тестілеу;
- бағдарламалардың демонстрациялау немесе бағалау версияларын орнату және жою;
- вирус жұқтырды деген қауіп бар қосымшаларды тестілеу;
- пайдаланушылардың деректерге және бағдарламаларға қатынасу (доступ) құқұқтарын виртуалды машина шеңберінде басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет