Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Осман империясының негізі қашан қаланды ? 
2. Осы кезеңде Осман империясының халықаралық қатынастардағы орны қандай еді ? 
3. Түркия мен Францияның арасындағы келісімдерді ата ? 
Ұсынылатын əдебиет: 
1. Османская империя: государственная власть и социально-политическая структура. М., 
1990. 
2. Османская империя и страны центральной, восточной и юго – восточной Европы в Х‡ – 
Х‡І вв. М., 1984.
3. Гасратян М.А., Орекшова С.Ф., Петросян Ю.А. Очерки истории Турции. М., 1983.
4. Иванов Н.А. Османское завоевание арабских стран 1516-1574. М., 1984. 
5.Османская империя: система государственного управления, социальное и этнорелигиозные 
проблемы. М., 1986. 
29-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХҮІ-ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАН. 
ХҮІ ғ. Солтүстік Үндістанның экономикалық жəне саяси жағдайы күрделі болды. 
Феодалдық жер иеленудің əртүрлі формалары пайда болды. 


Вице король, раджа, махараджа, амарам, каста, махдис 
Сұрақтары: 
1. Акбар реформалары жəне олардың əлеуметтік-саяси маңызы. 
2. Ұлы моғолдардың діни реформалары. 
3. Ұлы моғолдар мемлекетіне еуропалықтардың келуі жəне державаның дағдарысқа ұшырай 
бастауы. 
Үндістан ХҮІ ғасырдың басында өзара қақтығыстағы, бірнеше дербес княздықтарға 
бөлінген бытыраңқы ел болды. Үндістанда Кашмир, Синд, Мултан, Гуджарат, Джайпур, 
Мальва, Бенгалия, Бихар дербес мемлекеттер болды. Солтүстік Үндістандағы үлкен 
мемлекеттердің бірі Дели сұлтанатының билігі астанадан аса алмады. Бұл сұлтанаттың 
басында афгандық Лоди əулеттері тұрды. Оңтүстік Үндістандағы ХҮІ ғасырдың басындағы 
ірі мемлекеттер Хандеш, Виджаянагар болды. Олар мұсылмандардың билігінде еді. Екі сарай 
төңкерісінен кейін Кришна Рай империяның бытырап кеткен облстарын қайта жинап, бір 
мемлекетке біріктірді. Ол əскерді, қаражатты, салықты тəртіпке келтірді. Солтүстікке 
бірнеше жорықтар жасады. Кришна Райдың табыстары империяның құлдырауын тоқтата 
алмады. Империя шағын княздықтарға ыдырап отырды. Жаңа раджаларды мемлекет 
палайякарлар ретінде тағайындап, бірнеше деревнядан тұратын палайямадан шағын салық 
жинап алуға рұқсат етті. Бұл үшін раджа үкімет салығын жинап беруге, өз 
территориясындағы тəртіпті бақылауға, қажетті əскер ұстауға міндетті болды.
Үнді жағалауының қалалары көптен бері Таяу жəне Қиыр Шығыс елдерімен теңіз 
саудасын жүргізді. Сондықтан оңтүстіктің қалалары дамуы жағынан солтүстіктен озып кетті. 
Көпестер бұл қалалардың құрметті сословиесі болды. Үнді матасына деген сұраныс жоғары 
болғандықтан, шаруаларды мата тоқумен айналасуға тиермеледі. Тоқымашылар тұрақтары 
пайда болды.
Жерге феодалдық меншіктің бірнеше түрі пайда болды: Махараджа əулетінің иелігі, 
əскери лендер «амарам», храмдық жерлер. Мемлекет бірнеше провинцияларға бөлінді, 
олардың басында губернаторлар тұрды. Шамамен 2-3 жылда губернатор ауыстырылып 
отырды. Провинциялар бірнеше шағын əкімшіліктерге бөлінді. Солтүстік Үндістандағы 
саяси бытыраңқылық, феодалдық өзара қырқысулар дамуға кедергі жасады.
Сондай-ақ, солтүстік Үндістандағы орталықтандырылған мемлекет құруға бір себеп – 
мұсылмандар мен индустар арасындағы өзгерістер болды. Түрік, тəжік, ауған басқыншылары 
кезінде Үндістанда ислам діні басым болды. Жергілікті индус дінін ұстанатын халық 
жерінен, байлығынан айырыла бастады. Тимур шапқыншылығынан кейін жəне Дели 
сұлтанаты құлаған соң, индус феодалдары қайтадан бас көтерді. Мұсылман феодалдары 
алауыздықтарын тоқтатпаса биліктен айырылатынын ұғып, бір орталыққа бағынған 
мемлекет құруға ұмтылды. Бұл жағдайды Орта Азиядан шыққан Кабул əмірі, сұлтан Бабыр 
пайдаланып қалды.
Акбар мемлекеттік билікті нығайту мақсатымен бірнеше реформалар жүргізді. Салық 
реформасы əкімшілік аппаратты орталықтандыруды күшейтті. Феодалдық мемлекеттің 
жерге меншігін нығайтты. Акбардың экспансиялық саясаты джагирлерге берілетін жер 
көлемін ұлғайтып отырды. Индустар мен мұсылмандардың ынтымағын нығайту арқылы шах 
Акбар өз билігін нығайтып алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет