Салқындатылған балықтың сапасы нашар болса, денесiнiң үстi күңгiрт және соғылған, сұр түстi, лас, шырышты келедi.
Салқындатылған балықтың сапасы нашар болса, денесiнiң үстi күңгiрт және соғылған, сұр түстi, лас, шырышты келедi.
Аузы мен желбезектерi ашық. Желбезегiнiң түсi сұр немесе күңгiрт қараның аралығында, желбезек қақпақшаларын қысқанда сұйықтық шығады. Қанаттары бүлiнген, құрсақ жағы төмен түскен, кейде жарылған, қанаттарында күңгiрт дақ болады. Көзi үңiрейiп түсiп кеткен, көмескi. Етiнiң тығыздығы жойылған, демек бармақпен басқанда пайда болған шұңқыр қайта қалпына келмейді.
Бұзылған балықтың жота еттерiн тiлiп қарағанда, ондағы дақтарды немесе түсiнiң өзгергенiн көруге болады. Иiсi сасық, шiрiк иiстi, семiз балықтардан еттiң арасына енген май тотығының иiсi шығады.
Пiсiрген кезде балық сорпасының иiсi жағымсыз, етiнде шiрiгендiк белгiлерi байқалады. Салқындатылған сапасыз балықтарды кәдеге жаратады немесе ветеринариялық зертхананың қорытындысына сәйкес 100С пiсiргеннен кейiн малға бередi. Мұздатылған, балауса түрiндегі мұздатылған сапалы балықтың үстi қабыршықпен тегiс қапталған, соғылмаған (майшабақтан басқасы), түстерi әр балықтың түрiне сәйкес. Үстiңгi жақтарының аздап қызаруы және сарғаюы (ақ балық, семга, сылан, көл албырттары) мүмкiн. Желбезектерiнiң түсi күрең қызыл мен күңгiрт қызылдың аралығында. Жота еттерiн тiлiп қарағанда оның түсi, балықтың түрлерiне лайық, бiркелкi.
Жiбiтiлген етте бөгде иiс болмауы керек. Мұздатқышта ұзақ уақыт сақталған семiз балықтың үстiңгi жағынан болар-болмас тотыққан майдың иiсi шығуы мүмкiн. Мұздатылған сапалы балықты еш тежеусiз таратады. Мұздатылған сапасыз балық күңгiрт, сырт жағы соғылған, үстiңгi жағы сұр түстi, қатып қалған лас шырышпен жабылған. Аузы мен желбезектерi ашық. Желбезегiнiң түсi сұр мен күңгiрт қараның аралығында, қанаттары жырымдалған, құрсақ жағы төмен түскен, кейде жыртылған, көзi үңiрейiп түсiп кеткен, көмескiленген, кейде көрiнбейдi. Бұзылған балықтың жота еттерiн тiлгенде дақтар көрiнедi немесе оның түсiнiң өзгергенi байқалады.