Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет12/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
№1 балық ВСС

Бұндай балықты жiбiткеннен кейiн сасық және шiрiген иiс шығады, ал семiз балықтар етiнiң арасынан май тотығының иiсi бiлiнедi. Пiсiрген кезде балық сорпасының иiсi жағымсыз, етiнiң бұзылғандығы байқалады. Мұздатылған сапасыз балықты кәдеге жаратады немесе ветеринариялық зертхана қорытындысына қарап 100С 20 минут пiсiргеннен соң малға бередi.

  • Бұндай балықты жiбiткеннен кейiн сасық және шiрiген иiс шығады, ал семiз балықтар етiнiң арасынан май тотығының иiсi бiлiнедi. Пiсiрген кезде балық сорпасының иiсi жағымсыз, етiнiң бұзылғандығы байқалады. Мұздатылған сапасыз балықты кәдеге жаратады немесе ветеринариялық зертхана қорытындысына қарап 100С 20 минут пiсiргеннен соң малға бередi.
  • Тұздалған балықты сараптау. Балық тобын және жеке балықтарды қарау тәртiбi жаңа ауланған немесе салқындатылған, мұздатылған балықтарды қарау тәртiбiмен бiрдей. Тұздалған сапалы балықтардың терiсi таза, күмiстей жарқыраған немесе күңгiрт сұр түстi болады. Күштi тұздалған балықтың үстiңгi жағы күңгiрттеу, болар-болмас сары болып келедi. Етi тығыз немесе жұмсақ. Құрсақ жағы бүтiн немесе аздап босаңқы. Иiсi мен дәмi өзiне тән, жағымды. Майшабақтың құрсақ жағы кеуде қанаттарының тұсынан, болар-болмас сетiнеп кетуi және осы тұстағы органдарының араласып кетуi мүмкiн. Жотасы мен құйрық жақтарының еттерi мықты, ет талшықтарының құрылымы сақталған.
  • Тұздалған сапасыз балықтардың сыртқы жағы көмескi, сұр немесе сары қоңыр түстi, жағымсыз иiстi болар-болмас қатпармен жабылған. Етi босаң, терiсi оңай жыртылады. Етiн тiлiп қарағанда күңгiрт-сұр немесе қара-қоңыр түстi, сасыған немесе шiрiген иiс бiлiнедi. Семiз балықтардың сыртқы жағы сарғайған, тотыққан майдың иiсi шығып тұрады. Тұздығы күңгiрт-сұр түстi, сасық иiсi бар.
  • Тұзды балықтың ақаулары. Құрғақ тұздалған балықтың ақаулары болып қызару (загар), қызыл дақ (зафуксинирование), сабындану (омыление), зеңдену (плесневение), тоттану (окисление) саналады. Басында желбезектiң жанында қызғылт келген қоңыр дақ пайда болып, еттiң қалың қабатына жетедi, бұны қызару деп атайды. Бұндай балық сапасыз болып саналады. Егер де, қызыл дақ балықтың тек үстiңгi жағында аздап кездессе, ондай балықты тазартқаннан кейiн тағамға пайдалануға болады. Бұндай болар-болмас қызыл қатпар балықтың үстiн тегiс қаптап, етiне дейiн еніп, қызған иiс шығатын болса немесе жағымсыз иiсi бар балықты сапасыз деп тауып, жарамсыздыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет