Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет10/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
№1 балық ВСС

ДДТ және оның метоболиттерi тұщы судың жаңа ауланған, салқындатылған, тоңазытылған балығында -0,3мг/кг, теңiз балығында (жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған) -0,2мг/кг және тұздалған, ысталған, қақталған балықтың барлық түрлерiнде -0,4мг/кг, тиазон -0,5 мг/кг. Уланған судағы өлген балықтарды, уытты заттың түрiне қарамастан жояды немесе балық ұнын дайындауға жiбередi. Балық етiнен ауыр металл тұздары немесе МРШ пестицидтер табылса және балықтың сезімдік көрсеткiштерi жақсы болса, ондай балықтарды консервi дайындауға жiбередi немесе пiсiрiп аспаздық өнiмдер дайындайды. Ал, сезімдік көрсеткiштерi күмәндi болса, ондай балықты 100С 30 минут пiсiргеннен соң, мал азығына пайдаланады немесе кәдеге жаратылады. Балық етiндегi ауыр металл тұзы немесе пестицидтердiң мөлшерi рұқсат етілген шегiнен артып түссе, оны тыңайтқыш үшiн және техникалық мақсатқа пайдаланады.

  • ДДТ және оның метоболиттерi тұщы судың жаңа ауланған, салқындатылған, тоңазытылған балығында -0,3мг/кг, теңiз балығында (жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған) -0,2мг/кг және тұздалған, ысталған, қақталған балықтың барлық түрлерiнде -0,4мг/кг, тиазон -0,5 мг/кг. Уланған судағы өлген балықтарды, уытты заттың түрiне қарамастан жояды немесе балық ұнын дайындауға жiбередi. Балық етiнен ауыр металл тұздары немесе МРШ пестицидтер табылса және балықтың сезімдік көрсеткiштерi жақсы болса, ондай балықтарды консервi дайындауға жiбередi немесе пiсiрiп аспаздық өнiмдер дайындайды. Ал, сезімдік көрсеткiштерi күмәндi болса, ондай балықты 100С 30 минут пiсiргеннен соң, мал азығына пайдаланады немесе кәдеге жаратылады. Балық етiндегi ауыр металл тұзы немесе пестицидтердiң мөлшерi рұқсат етілген шегiнен артып түссе, оны тыңайтқыш үшiн және техникалық мақсатқа пайдаланады.
  • Фенол, тепен, детергенттер, мал шаруашылығынан, целлюлоза қағаз кәсiпорнынан аққан сулар, сапанин, жанармай өнiмдерi, хлороформ, глиридин, формалин, эфир, тыңайтқышпен уланған балықтардың сезімдік көрсеткiштерi (түсi, иiсi, дәмi және т.б.) нашар балықтарды 100С-30 минут (су қайнаған соң) пiсiрген соң малға бередi.
  • Судағы балық ас тұзы немесе мочевинамен уланған жағдайда, ауланған бойда сезімдік көрсеткiштерi жақсы болса, тағамға пайдалануға жiбередi. Мочевинамен уланған балық етiнде, ондағы аммиактың мөлшерi 300 мг/кг артпауы керек. Балаусалығы күмәндi және аммиактың мөлшерi жоғарыдағы көрсеткiштен асып кеткен балықты 100С 20 мин пiсiргеннен кейiн мал азығына пайдаланады.
  • Салқындатылған балықтарды сараптау. Сапасы жақсы салқындатылған балық соғылмаған, денесiнiң үстi таза, табиғи, желбезектерiнiң түсi қоңыр қызылдан қызғылтқа дейiн. Табан, сазан, ақ қайран, жайынның үстi қызарып кетуi ықтимал. Бекiре тұқымдастардан басқа балықтардың желбезектерiнде болар-болмас ащы иiстiң болуы мүмкiн, бiрақ ол балықты жуғаннан кейiн тез кетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет