Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет13/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Балықтың үстiн күңгiрт-сұр түстi, жағымсыз сасық иiстi шырыш қаптаса оны сабындану деп атайды. Егер де, шырыш тек қана балық денесi мен желбезектерiнiң үстiнде болса - 3 сiрке қышқылы тұзы ерiтiндiсiмен (тығыздығы 1,17-1,20) балық массасы мен ерiтiндiнiң ара қатынасын 1:1 етiп алып 10-15 минут бойы жуады. Бұндай балықты тез сатуға шығарады. Ал, еттерi бұзылған балықты жарамсыздыққа шығарады. Балық үстiнде пайда болған көк, ақ, сұр немесе қара зеңдердi, өсiмдiк майы сiңiрiлген таза шүберекпен сүрткеннен соң, балықты таратады. Егер де, зеңдер балық етiнiң арасында кездессе, ондай балықты жарамсыздыққа шығарады.Үстiңгi қабаттағы майының тотығуына орай балық сарғаяды. Жағымсыз дәм, ашыған иiс пайда болады. Әсiресе, ол балық етiнiң терең қабаты сарғайғанда күштi бiлiнедi. Балықтың үстiңгi жағы ғана зақымданса, ондай балықты тез таратады, ал күштi тотыққан жағдайда жарамсыздыққа шығарады.

  • Балықтың үстiн күңгiрт-сұр түстi, жағымсыз сасық иiстi шырыш қаптаса оны сабындану деп атайды. Егер де, шырыш тек қана балық денесi мен желбезектерiнiң үстiнде болса - 3 сiрке қышқылы тұзы ерiтiндiсiмен (тығыздығы 1,17-1,20) балық массасы мен ерiтiндiнiң ара қатынасын 1:1 етiп алып 10-15 минут бойы жуады. Бұндай балықты тез сатуға шығарады. Ал, еттерi бұзылған балықты жарамсыздыққа шығарады. Балық үстiнде пайда болған көк, ақ, сұр немесе қара зеңдердi, өсiмдiк майы сiңiрiлген таза шүберекпен сүрткеннен соң, балықты таратады. Егер де, зеңдер балық етiнiң арасында кездессе, ондай балықты жарамсыздыққа шығарады.Үстiңгi қабаттағы майының тотығуына орай балық сарғаяды. Жағымсыз дәм, ашыған иiс пайда болады. Әсiресе, ол балық етiнiң терең қабаты сарғайғанда күштi бiлiнедi. Балықтың үстiңгi жағы ғана зақымданса, ондай балықты тез таратады, ал күштi тотыққан жағдайда жарамсыздыққа шығарады.
  • Тотыққан балықтың, бүлiнгенi айқын бiлiнсе (етi түссiзденіп, сасыған иiс шықса) оны сапасыздыққа жатқызады. Тұзды сапасыз балықты тағамға пайдалануға тиым салынады, ол кәдеге жаратылады немесе таза суға батырылып, пiсiрілгеннен соң малға беріледi (тәулiктік азық нормасының 3-5). Бұзылған тұзды балықты ветеринариялық зертхана қорытындысына қарап мал азығына пайдаланады.
  • Ысталған балықты сараптау. Ыстық немесе салқын әдiспен ысталған сапалы балықтың үстi таза және құрғақ болады. Терiсiнiң түсi, балықтың түрлерiне қарай сарғыш немесе жылтыр немесе қара-қоңыр болады. Сойылмаған балық құрсақ жағы бүтiн, тығыз немесе жұмсақ, бiрақ-та ісінбеген. Етi нығыз немесе шырынды майшабақтардың етi жұмсақ немесе қаттылау болуы мүмкiн.
  • Ысталған балауса балықтың иiсi мен дәмi әр балықтың түрiне тән. Майшабақтардың үстiңгi жағында тотыққан майдың болар-болмас иiсi болуы мүмкiн. Ыстық әдiспен ысталған сапасыз балықтың сыртқы жағы күңгiрт сары түстi, кейде зеңдерi бар және сасық иiсi болады. Құрсақ жағы босаңсыған немесе жарылып кеткен, iшкi органдары сасыған. Етi сасық, шiрiген ащы иiстi. Ыстық және салқын әдiстермен ысталған сапасыз балықтар кәдеге жаратылады немесе ветеринариялық зертхана қорытындысы бойынша мал азығына пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет