Әдебиеттер тiзiмi: Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2004. – 583 с.
Немов Р.С. Психология: Учебн. для студ. высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. – 4-е изд. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – Кн. 1: Общие основы психологии. – С. 268-311.
Хрестоматия по психологии мышления. М.: МГУ, 1981.
Петухов В.В. Психология мышления. М., 1975.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2000.
Тихомиров О.К. Психология мышления. М., 1984.
Хрестоматия по истории психологии / Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. М., 1976.
1
№9 дәріс
Дәріс №9. Тақырыбы: Сөйлеу Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Сөйлеу психологиясы. Сөйлеу психологиясының жалпы сұрақтары.
Ойлау және сөйлеу. Сөйлеу туралы жалпы түсінік.
Сөйлеудің түрі және функциясы . Сөйлеумен ойлаудың физиологиялық негізі.
Ж.Пиаже зерттеулеріндегі
Сөйлеу теориялары. Сөйлеу ойлаудың құралы ретінде.
Сөйлеу мен ойлаудың дамуы,олардың арақатынасы.
Негізгі мақсаты: Сөйлеу психологиясы жайлы студенттердің білімін жетілдіру. Негізгі кілттік ұғымдар: сөйлеудің түрлері,функциялары, негізгі сөйлеу туралы теорияларға шолу.
1. Сөйлеу психологиясы Тілдік шындық құбылыстардың жалпыланған және дерексіздіктенген сигналдық қоғамдық жүйе ретінде игере отырып адам сонымен бірге, сөйлеуге қатысты ойлаудың барлық логикалық формаларымен операцияларын меңгереді. Сөйлеудің ықпалымен сыртқы белгілері бойынша біріктірілген тек адамдарға тән түсіну мен қабылдаудың интеллектуализациясы жүреді.
Бұл психологтар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн «Ойлау - сөйлеу процесінде қалыптасып қана қоймай, осы процесте жүзеге асады» деп өз пікірін білдірген болатын /2;53/. /4; 458/.
Ал, Ж. Пиаже балалар психологиясындағы өзінің зерттеулеріне сүйене отырып, ол «ойлау мен сөйлеудің дамуында олардың «бірігетін» және «айырылысатын» сәттері болады және генетикалық жағынан ойлау сөйлеуден бұнын дамиды» деп тұжырымдады. Ойлаудың дами бастауын ол баланың өмірінің алғашқы бірінші жылының аяғында бақылауға болатын символикалық ойыннан бақылауға болады /1; 73/.
Ж. Пиаженің ойынша, сөйлеу баланың ойлау процесінің дамуы үшін маңызды орын алмайды. Ойлау әрекеті практикалық операциялар базасында қалыптасқаннан кейін ғана сөйлеу өзіндік мәнге ие бола бастайды.
Интеллекттің дамуының барлық деңгейінде Ж. Пиаже сөйлеу мен ойлаудың құрылымы мен бір мезеттегі жүйелердің интеграциясын не ансамблін безендіру үшін ғана қажет дейді.
Бұл концепцияда барлық жағдайда ойлау жоғарыда тұрады және тілдің қатысуынсыз сенсомоторлық іс-әрекетіттен сөйлеу тікелей пайда болады.
Ж. Пиаженің айтуынша «пайда болған ойлау әрекетінің «құрылымы» мен «әлеуметтенуі» аяқтау үшін туындайды. Бірақ тек сенсомоторлық әрекеттер сөйлеу әрекетінің тікелей қатысуынсыз және онда сөйлеудің қалыптаспайынша (классификация, жалпылау) ешқашанда баланы сенсомоторлық интеллект деңгейіне шығара алмас еді / 1; 64/.
Сондай-ақ Г. Реваш еңбектерінде ойлауды былай дейді « сананы айыра алу және реттеу» немесе тек адамға ғана тән тұлғаның « абстрактілі нұсқауы» десе, К. Гольдштеин « ойлау-мәселені шешуге бағышталған процесстер, яғни заттарды манипулияциялаудан бас тап абстрактілі философиялық пайымдауларға дейін кіреді» деген болатын.
Осы көзқарасты ұстанған дат философы И. Иоргенсен « сөйлеу барлық жағдайда да символға сүйене отырып жүзеге асады, яғни символға сөз не сурет, көрнекі бейнелер, сонымен қатар түрлі белгі беретін қимыл-қозғалыстар (басты бұру, көзбен қарау, қолдың қимылы, иығын көтеру және т.б.) жатады.
Осыларға сәйкес И. Иоргенсен белгілердің екі тобын, яғни «ауызша және жазбаша» -деп бөліп көрсетеді /3; 24/.
Тар мағынасында ойлау абстрактілі формалармен әрекет ету және ойлау сөзсіз іске аспайды деп түсіндірсе, кең мағынасында ойлауға барлық психикалық процестердің барлық түрі қатысқанда тек жазбаша белгілердің көмегіне сүйене отырып ойлау сөйлеусіз іске асады.
Кеңес психологиясының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбектерінде сөйлеу мен ойлаудың байланысының маңыздылығы көрсетілген.
Л.С. Выготский «Ойлау мен сөйлеу» кітабында сөйлеу мен ойлаудың байланысын талқылайды. Үнсіз сөйлеуді ойлау мен сөйлеуді ғылыми зерттеудің психологиялық ядросы ретінде көрсете отырып, үнсіз сөйлеудің арнайы ерекшеліктерін теориялық талдауға тырысты /2; 103/.
Ал, бихевиористтердің үнсіз сөйлеуді «сөйлеу минус дыбыс» деп түсіндірген көзқарастарын қолдамай үнсіз сөйлеуде негізгі анықтауыш оның семантикалық ерекшелігі болып табылады деп есептеді.
Сонымен қатар Л.С. Выготский Вьюрцбург мектебінің және А. Бергсонның идеалистік және спиритуалистік яғни ойлаудың сөзбен тәуелсіздігі жөніндегі іліміне қарсы шықты.
Үнсіз сөйлеу Л.С. Выготский бойынша, генетикалық, құрылымдық, функционалдық жағынан ерекше құбылыс. Ол «сөзде ойдың пайда болатындығын» және ойлау мен сөйлеудің қарым-қатынасының күрделілігі мен олардың қарама-қайшылықты бірлігін атап көрсетті.
Л.С. Выготский ойлау мен сөйлеудің байланысын талқылай келе мынадай қортындыға келді:
1. ойлау мен сөйлеудің генетикалық түп тамыры әртүрлі;
2. Ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз, екі түрлі процесс;
3. Ойлау мен сөйлеудің байланысы олардың бүкіл филогенетикалық даму барысында тұрақсыз болып табылады деп есептеді.
С.Л. Рубинштейн еңбектерінде сөйлеу мен ойлау мәселеріне тоқталып, олардың арақатынасын ашып көрсетеді /4; 460/.
Онда санамен тұтастай байланысты адамның сөйлеу процесі барлық психикалық процестермен белгілі бір қарым-қатынаста болады, бірақ сөйлеу процесі үшін негізгі анықтауыш оның ойлаумен байланысы болып табылады. Өйткені сөйлеу ойдың өмір сүру формасы болып табылатындықтан, сөйлеу мен ойлаудың арасында белгілі бір бірлік пайда болады. С.Л. Рубинштейн бихевтиористердің ойлау мен сөйлеудің байланысы туралы көзқарастарына қарсы шықты. Мінез құлықтық психология ойлау мен сөйлеудің арасында тепе-теңдік орната отырып, ойлауды сөйлеумен байланыстыруға тырысты.
Бихевиористер « ойды сөйлеу аппаратының әрекеті» деп түсіндірді. Дж. Уотсон, К.С. Лешли өзінің тәжірибелерінде арнайы аппараттың көмегімен сөздік реакцияларды тудыратын көмейдің қозғалысын анықтауға тырысты. Бұл сөздік реакциялар «сынау мен қате» әдісі арқылы жүзеге асырылған, бірақ олар интеллектік операциялар емес. Ойлауды осылайша, сөйлеумен байланыстыру тек ойлаудың ғана маңыздылығы емес, сонымен бірге сөйлеудің де маңыздылығын жояды.
Шын мәнінде, тек сөздің өзі ғана көрнекі не дыбыстық бейне ретінде сөйлеуді құрамайды. Ендеше жоғарыда аталған реакциялар өз-өздерімен сөйлеуді құрамайды.
Біз кейде сөзбен әлі өрнектелмеген ойымызды білдіруге сөз таба алмаймыз, біз кейде айтқан сөзіміз ойлаған ойымызды толық ашпайтындығын сеземіз, кейде ойымызға сәйкес келмейтін сөзді алып тастап қолданбаймыз, ойымыздың идеялық мазмұнын сөз арқылы білдірумен ашамыз. Сондықтан сөйлеу сынау мен қате әдісі арқылы анықталатын реакциялардың не шартты рефлекстердің жиынтығы емес, ол интеллектуалдық операциялардың жиынтығы болып табылады.
Сөйлеу өзінің ойлау мен байланысының арақатынасында сөйлеу ретінде қалыптасты деп оны ойлаумен байланыстыруға болмайды.
Сонымен бірге оларды бір-бірінен яғни ойлауды сөйлеуден бөліп қарауға боллмайды. Сөйлеу тек ойлаудың сыртқы киімі ғана емес немесе дайын ойды сөз арқылы білдіру де емес. Сөйлеу процесінің барысында біз ойымызды қалыптастыра отырып, сөйлеуді қалыптастырамыз. Сөйлеу мұнда ойлаудың сыртқы қабығы ғана емес, ойлау процесінің мазмұнымен байланысты форма ретінде кіреді. Ойлаудың сөздік формасын құрай отырып, сөйлеудің өзі сол процесте қалыптасады.
Сонымен С.Л. Рубинштейн «Ойлау- сөйлеу арқылы беріліп қоймай, көбінесе сөйлеу процесінде қалыптасады» деп есептеді.
Ал, ойлау сөйлеудің барысында, яғни спецификалық түрде сөз бейне формасында қалыптасса, бұл бейнелер ойлау процесіндегі сөйлеудің функциясын ақарады. Өйткені олардың сезімдік мазмұны, оның мағынасының мазмұнын ашушы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан, ойлау сөйлеусіз мүмкін емес деп айтатындығымыздың себебі осы. Оның мағыналық мазмұнының әрдайым сезімдік жағы болады. Бұл ой әрдайым дайын сөздік формада пайда болады деген сөз емес, ой әдетте тенденция түрінде пайда болады /4; 459/.
Сөйлеу мен ойлаудың формасы мен мазмұны күрделі және көбінесе қарам-қайшылық қатынастармен байланысты.
Сөйлеу мен ойлаудың құрылымы мен сәйкес келмейтін өзіндік құрылымы болады. Граматика сөйлеудің, логика ойлаудың құрылымын көрсетеді. Олар бір-біріне ұқсамайды. Сөйлеудің өзіндік техникасы болды, ол ойлаудың логикасымен байланысты, бірақ онымен ұқсас емес.
С.Л. Рубинштейн ойлау мен сөйлеудің байланысы болып табылатын үнсіз сөйлеуді былайша түсіндіреді: « Әдебиеттерде кездесетін ойлау мен үнсіз сөйлеудің байланысы негізсіз. Мұндай пайымдау сөйлеудің ойлаудан ерекшелігі сөйлеуге дыбыстық фонетикалық материал тән дегенен шығады.
Ал, үнсіз сөйлеуде сөйлеудің дыбыстық компоненті жоқ, онда ойлауды мазмұндылығынан басқа ешнәрсе байқауға болмайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сөйлеудің арнайы ерекшелігі оның дыбыстық материалы ғана емес, ол ең алдымен оның грамматикалық, сентаксистик, стилистік құрылымы болып табылады. Сөйлеудің осындай құрылымын дауыстап сөйлеуден бөлек үнсіз сөйлеуден байқауға болады. Сондықтан, үнсіз сөйлеу дегеніміз- ойлау емес, ал ойлау дегеніміз үнсіз сөйлеу емес».
С.Л. Рубинштейн өзінің пайымдауларынан кейін, төмендегідей қорытындыға келеді:
Ойлау мен сөйлеудің арасында тепе-теңдік айырмашылық жоқ, олардың арасында бірлік болады. Бұл диалектикалық бірлік;
Ойлау мен сөйлеудің бірлігенде екі процестің негізгі формалистикалық және идеалистикалық теориядағыдай сөйлеу емес, ойлау болып табылады;
Сөйлеу мен ойлау адамдарда қоғамдық-еңбектік тәжірибенің негізінде бірге пайда болады.
Сондай-ақ А.Н. Соколов «Ішкі сөйлеу және ойлау» деген кітабында: ойлау заңдылықтарына байланысты танымдық функцияны, ал сөйлеу (сөз және одан шығатын белгілер мен символдар) сол тілдің граматикалық заңдылықтарына байланысты символикалық функцияны толықтырады. Осы арада ойлау мен сөйлеу өзінің мазмұнына қарай эквивалентті болып табылады және дуалистикалық «бірлік» ретінде, немесе « функциянальды симбиоз» ретінде өмір сүріп, сол арқылы ойлаудың танымдық масатына жетеді», -деп жазды /3; 15/.
В.С. Мухинаның « мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» атты кітабында мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау мен сөйлеу процесінің байланысының ерекшеліктеріне тоқталады.
«қарым-қатынас жасау тілдің атқаратын басты, бірақ бірден-бір қызметі емес. Мектеп жасына дейінгі шақта баланың тілі оның күнделікті мінез–құлқын бағыттау мен реттеу құралына айналатындығын білеміз. Сөздің екінші қызметі міне осыфнда» /5; 176/ -деп жазды.
Тіл баланың ойлауымен біріккенде ол өзінің екінші қызметін атқаруын бастайды. Сәбилік шақта баланың тіл ойлауы оның іс-жүзіндегі заттық әрекетіне кіреді. Ал тіл қойылған міндеттерді орындау процесінде үлкендерден жәрдем күту негізінде байқалады.
Сәбилік шақтың соңында белгілі міндеттерді орындауға кіріскен баланың тілінде ешкімге бағытталмаған көптеген сөздер пайда болады. Баланың іс-әрекеті үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылатын сөзі