Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау


Санитариялық бағалау. Қу-қызба (Ку-безгек), (Ку-лихорадка) анықталған жағдайда, ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгеріске ұшыраған мүшелерi мен қаны кәдеге жаратылады, терiсi дезинфекцияланады



бет5/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Санитариялық бағалау. Қу-қызба (Ку-безгек), (Ку-лихорадка) анықталған жағдайда, ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгеріске ұшыраған мүшелерi мен қаны кәдеге жаратылады, терiсi дезинфекцияланады.

Хламидиозда малдың ұшасы мен өзгерiссiз органдарын пiсiргеннен кейiн шығарады, ал өзгерген органдарын және қанын утильге жiбередi. Малдың хламидозында өзгерiссiз iшек, өңеш, қуығын 0,5% формалин ертiндiсiмен 30 мин домдаған соң пайдаланады. Сүйегiн 2,5 сағат қайнатады.

Лептоспироз, хламидоз, Ку-қызбаға оң реакция бергенмен аурудың клиникалық белгiлерi немесе етi мен органдарында патологиялық анатомикалық өзгерiстерi болмаса оларды тежеусiз шығарады.

Қозының анаэробтық дизентериясы. (Dysenteria anaerobica agnorym) Қой қоздап жатқан кезде болатын қозының жiтi жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - Cl. perfringens, В типi, анаэроб қозғалмайды, граммен боялады, спора түзетiн таяқша, бета уытын шығарады. Қоздырушысының спорасы қайнатқанда 5-9 мин., 90 0С-30 мин. кейiн өледi. Вегетативтiк формасы топырақта 10-35 қыйда-3-5 тәулiк өмiр сүредi.

Сояр алдындағы диагностика. Ауру геморрагиялық энтеротоксемия сияқты. Нәжiсi сұйық, сары немесе жасыл түстi болғанымен, кейiнiрек қоюланып қан көпiршiгi, газ және шырыш араласады.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бауыры қанға толып ұлғайған, божыраған. Көк бауыры өзгерiссiз. Жүрек етi божыраған ноқатты немесе жол-жол болып қан құйылған. Бүйрегi божырап, аздап үлкейген, қабығы астына қан құйылған. Iшектiң, ұлтабардың шырышты қабықтары қалыңдаған, өлiеттенген, уытты жарасы болады.

Санитариялық бағалау. Ауру малды союға жiбермейдi. Ал, сойып жатқанда анықталған малдың сойыс өнімдерін жояды. Мал сойған жердi 10% күйдiргiш натр, 5% формалин және құрамында 5 % әсерлi хлоры бар хлор әгiнiң ерiтiндiлерiмен дезинфекциялайды.

Санитариялық бағалау. Ауру малды союға жiбермейдi. Ал, сойып жатқанда анықталған малдың сойыс өнімдерін жояды. Мал сойған жердi 10% күйдiргiш натр, 5% формалин және құрамында 5 % әсерлi хлоры бар хлор әгiнiң ерiтiндiлерiмен дезинфекциялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет